7


  • Учителю
  • Экология негіздері 'Үй жануарлары мен үй құстары'.

Экология негіздері 'Үй жануарлары мен үй құстары'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Үй жануарлары мен үй құстары

Білім беру көздері. Экология негіздері.
Тақырыбы. Үй жануарлары мен үй құстары (презентациясымен)
Мақсаты. 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.
3. Еңбекқорлыққа баулу.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.

2. Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстарды сандықтан босатады.
(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Түйе.
2. Құлды екен әр шаруа,
қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
сарқылмайды сүт - қаймақ. Сиыр.
3. Көкке шаншып құйрығын,
келеді шауып жүйрігім. Жылқы.
4. Кішкене ғана бойы бар,
айналдырып киген тоны бар. Қой.
5. Желп - желп етіп сақалы,
қолыңнан дәм татады. Ешкі.
Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз.
Үй жануарлары.
Олар қайда мекендейді?
Үйде, қорада.
Оларға кім қарайды?
Адамдар.
Олар немен қоректенеді?
Жем, шөп, су.
Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр. Енді біз «Айнытпай сал» ойынын ойнап жіберейік.
«ОЙЫН ОЙНАТУ».

Олай - былай жүгіріп,
ала мысық ойнайды.
Аша алмаса есікті,
дыбыстайды ол қалай.

Күзетші күшік - саққұлақ,
Үй күзетіп шапқылап.
Дыбыс шықса қаттырақ,
Қалай, қалай үреді.

Өте жақсы, балалар.
Ал, балалар сиқырлы сандықтан тағы бір дауыстар шығатын сияқты. Балалар біздер үй құстарын ұмытып кетіппіз. Үй құстарына да көмектесуіміз керек. Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып үй құстарын құтқаруымыз керек.
Көмектесеміз бе, балалар.
(ТАҚПАҚТАР АЙТУ).

1. Шұбар тауық мүлдем,
жолатпайды барса.
Ұясында жүрген,
балапаны қанша.
Балапанын тауық,
қызғанады жаман.
Қанатымен жауып,
санатпайды маған.

2. Жақын түгіл маңайды,
Оятудан талмайды.
Төбелеске келгенде,
Алдына жан салмайды.

3. Шығып ауыл шетіне,
жайылады бетімен.
Қызықтырар ол бізді,
жұмыртқамен, етімен.

4. Қауіп - қатер жоқ алда,
Малту керек оған да.
Жұмыртқадан шыға сап,
Жүгіреді тоғанға.
Демейді жаз, күз еді,
Балдыр, жалбыз үзеді.
Сол жүзгеннен сол үйрек,
мұз қатқанша жүзеді.
Өте жақсы, балалар біздер бүгін сиқырлы сандықтан үй жануарлары мен үй құстарын құтқардық. Сендерге рахмет айтып жатыр.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары мен үй құстары.

Сергіту сәті. Шип - шип шөжелерім. (Музыкамен).

Сонымен балалар үй жанарларына нелер жатады?
Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
Өте жақсы балалар.
Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік.

1. Сиыр - зеңгі баба тұқымы. Ол адамға үйір, әрі момын жануар. Біздің ішіп - жейтін тамағымыздың барлығы - осы сиыр малының өнімі.
Өте жақсы, Айжан отыра ғой.
Балалар сиыр сүтінен не жасаймыз.
Айран, құрт, ірімшік, май, қаймақ т. б.

2. Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы өте көп. Түйенің сүті - шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті, ішсе сүт, жесе ет, майы мол, сапалы жүні бар.
3. Жылқы - жер жүзінің бәріне тараған. Ол қыста сақылдаған сары аязда да далада жайыла береді. Сүтінен қымыз, етінен қазы - қарта, жал - жая пісіреді.
4. Қой - төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Балалар ауырып қалған кезде де, осы қойдың құйрық майымен сылайды, ішкізеді.
Өте жақсы, балалар үй жануарларының пайдасы өте көп. Жұмыртқасын азық - түлік ретінде пайдаланамыз. Мамығынан көрпе, жастық жасаймыз. Етін жейміз.

Енді балалар дәптеріміздегі тапсырманы орындайық.
(дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу. Оларды бояту).

«ТӨЛДЕРІН ТАП» дидактикалық ойын.
Балалар үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы өте көп екен. Енді балалар осы үй жануарлары мен үй құстарына арналған тыйым сөздер де бар.
1. Малды ұруға болмайды.
2. Ақты төкпе.
3. Малға теріс мінбе.
4. Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.
5. Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
жыңғылмен айдасаң,
мал бітер деп ойлама. - деген сияқты тыйым сөздерді ойымыздан шығармауымыз керек.

Қорытынды.
Жақсы, балалар. Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық. Үй жануарларын атайықшы. Қандай үй құстарын білесіңдер. Үй жануарлары мен үй құстарының пайдасы барма.
Балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлығымыз бар. Мына тауыққа қараңдаршы. Бұл тауық қарапайым емес, сиқырлы жұмыртқалар туады. Сендерге сыйлыққа сиқырлы жұмыртқаларын алып келіпті.
(балаларға тарату).
Сабақты қорыта келе сендерге айтарым, үй жануарлары мен үй құстарына үнемі
қамқор болуымыз керек. Олар үнемі бізден қамқорлық күтеді.
Осымен сабағымыз аяқталды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал