- Учителю
- Открытый урок по теме: 'Скорость, время, расстояние' (4 класс)
Открытый урок по теме: 'Скорость, время, расстояние' (4 класс)
Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық, уақыт, қашықтық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жылдамдық, уақыт, қашықтықты табуға арналған есептерді шығаруға үйрету.
Дамытушылық: жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы байланысты анықтау, көп таңбалы сандарды көбейту, бөлу қасиеттеріне негізделген ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, ізденімпаздығы
Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын ояту, тыңдауға, пікір айтуға, дәлелді түрде мысалдар келтіруге үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, кестелер, интертақта, ақ қағаздар.
Сабақтың барысы
І Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік бәріңізге
Құрметпенен біз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру (фронтальді)
1.Теңдеуді шығар:
120:х=60 х:5=30 x*5=100
2.Слайд №7
.Фигураның ауданын табу.
S-?
3.Фигураның периметрін табу
P=?
4.Фигураның көлемін табу.
v-?
Бағалау парағын толтыру.
ІІІ Көркем жазу минуты
21.11.2013
Әр санның жазылуын тақтада көрсету.
Осы сандарды разряд бірліктерінің қосындысы ретінде көрсет.
20.000.000+1.000.000+100.000+10.000+2.000+10+3
Бағалау парағын толтыру.
IV Ой шақыру (ауызша есептеу).Слайд№3,5
8*5
420:6
15*2+14*3
100:(80-60)
120:2
80*8
65+(120+80)*3
(9+7)*2
Бағалау парағын толтыру
v t s
48км/сағ
4 сағ
?
60км/сағ
?
360км
?
3 сағ
18км
Формуланы еске түсір. Слайд№ 6, 7
V=S:t
Жылдамдықты табу үшін қашықтықты уақытқа бөлу керек.
Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/сек, м/мин, км/сағ.
t=S:v
Уақытты табу үшін қашықтықты жылдамдыққа бөлу керек.
Уақыттың өлшем бірлігі сек, мин, сағ.
S=V*t
Қашықтықты табу үшін жылдамдықты уақытқа көбейту керек.
Қашықтықтың өлшем бірлігі см, дм, м, км.
Ендеше сабаққа мақсат қояйық.
-
Қозғалысқа байланысты есептер шығару.
-
Сабаққа белсенді қатысу.
-
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу.
-
Логикалық есептер шығару.
Мағынаны ажырату
V Топпен есеп шығару (3 топ)
1-топ. Слайд № 8, 9
Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі салт атты шықты.
Біріншінің жылдамдығы 200м/мин. Екіншісі одан 20м/мин кем жылдамдықпен 50минутта жүріп өтті. Екі қаланың арақашықтығын тап.
2-топ. Слайд № 10, 11
Бір қаладан бір мезгілде екі жеңіл машина бірінен-бірі қарама-қарсы екі бағытта жолға шықты.Біріншінің жылдамдығы 30км/сағ,ал екіншісінікі 25 км/сағ.Екі қаланың арақашықтығы 110км болса, жолға кеткен уақытты тап.
3-топ. Слайд № 12
Ұшақ арақашықтығы 1920 км қалалардың арасын 2 сағатта ұшып өтті. Ұшақтың жылдамдығын тап.
VI Сергіту сәті. Слайд № 13
Ұшып келем
Ұшып келем,
Ұшып келем көгімде,
Ұшып келем
Мөлдір аспан төрінде.
Көкте жүріп қызығамын
Жердегі-
Сонау, сонау
Өзім ұшқан өңірге.
VII Жұппен есеп шығару Слайд № 14
V
(453+282):3
4*(220-60)
t
(252-180):2
5*(121+139)
S
800:5+1402
920:20*3
VIIІ Логикалық тапсырма
1-топ
Ұшақ А қаласынан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағ 20 мин өтеді. Алайда қайтар жолға ол 80 мин уақыт жұмсайды. Бұны қалай түсіндіресіңдер?
2-топ
«Мерседес» 20 км жүріп өтті.Оның әрбір доңғалағы неше км жүрді?
3-топ
3 адам поезды 3 сағ күтті. Әрқайсысы поезды қанша сағ күтті?
І-топ. Қашықтықты (өте алыс) білдіретін сөздерді белгілейді
ІІ-топ. Өте жақын деген мағынаны білдіретін сөздерді табу.
ІІІ-топ. Өте жылдам деген мағынаны білдіретін сөздерді табу.
-
Бір аттам жер
-
Бөрік тастам жер
-
Қол созым жер
-
Қырық қадам жер
-
Таяқ тастам жер
-
Айшылық жер
-
Ит өлген жер
-
Қырық күншілік жер
-
Көзді ашып жұмғанша
-
Қас пен көздің арасында
-
Көз ұшында
Бағалау парағын толтыру
IX Ой толғаныс
«Қатып қал» ойыны.
Балалар, бүгінгі тақырыпқа байланысты ойымызды жинақтайық. Ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, «Қатып қал» ойынын ойнаймыз. Талқылауға сұрақ беремін. Бүгінгі сабақты қалай түсінгендеріңді, қойған мақсатқа жеткендеріңді байқайық.
-
Жылдамдық деген не?
-
Арақашықтық деген не?
Бағалау парағын толтыру.
Х Үй тапсырмасы Слайд № 15, 16
86-бет № 6,7.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
Үй тапсырмасы
Көркем жазу
Ауызша есеп
Есеп
Көбейту, бөлу есептері
Логикалық
тапсырма
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
Үй тапсырмасы
Көркем жазу
Ауызша есеп
Есеп
Көбейту, бөлу есептері
Логикалық
тапсырма