7


  • Учителю
  • Табиғаттағы су айналымы 4 сынып дүниетану сабақ жоспары

Табиғаттағы су айналымы 4 сынып дүниетану сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Тақырыбы:

Алматы қаласы



Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғаттағы су айналымы туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық: Судың қасиеттерін еске түсіре отырып, тәжірибелер арқылы табиғаттағы су айналымын туралы білімдерін қалыптастыру, дамыту

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, білімділікке тәрбиелеу


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, талдау, көрнекілік, сұрақ-жауап, тәжірибе

Сабақтың көрнекілігі: су, шәйнек, ыдыстар (стақан, тәрелке), айран, ҚР-ның картасы, плакат: «Табиғаттағы су айналымы», глобус, слайдтар.


Сабақтың өту барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу;

ә) сабақтың мақсаты мен жұмыс жоспарын тұжырымдау.

II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) сұрақ тапсырмалар арқылы үй тапсырмасының қабылдау деңгейін анықтау

Тест:

1. Пайдалы қазбалар деген не? а) өз өлкеңдегі өндірілетін қазбалар

ә) жерден алынатын, адамға пайдасы тиетін қазбалар

2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? а) мұнай, темір, қорғасын

ә) мұнай, газ, тас-көмір

3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар а) фосфорит, ұлутас, тұз

ә) тұз, мырыш, қорғасын

4. Мұнайдың қасиеттерін тап а) ол жанады, жылу бөледі, күл қалдырмайды

ә) қатты зат, жанбайды, магниті көп

5. Таскөмірдің картадағы белгісі қандай? а) қара мұнара

ә) қара шаршы

ә) өзін-өзі бақылау, жинақтап бекіту

3. Оқушының субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі:

а) сабақтың тақырыбын хабарлау:

Ыдыстағы зат - су. Судың сылдырын тыңдату. Су да біздің байлығымыз

- Су қандай зат? Тәжірибе: 2 ыдыс (су, айран) судың ішіне зат салу.

Су-сұйық зат. Су мөлдір, түссіз, иіссіз

- Судың пішіні қандай? (стақанға, тәрелкеге, бөтелкегк су құю )

Судың пішіні жоқ, жұққыш, аққыш

ә) оқушылардың тәжірибесін өзектендіру /тірек білім, жеке ойлар/

Плакат «Су»

Су сұйық қатты (мұз) газ (бу)

б) Тақырыптың мәнді белгілерін есте сақтау

Су тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.

Гигиена егізі -

Су деп және білгейсің.

в) Глобус пайдаланып, жер бетіндегі су көлемін анықтау

Жердің су

4. Жаңа сабақты оқып - білу кезеңі

а) - Қандай жерлерде су болады? / мұхитта, теңізде, көлдерде, өзендерде, арықтарда, каналдарда, бұлақтарда, тұмаларда, сарқырамаларда, су қоймаларында т.б./

- Сонымен, табиғаттағы су қайдан келеді?

Тәжірибе: Шәйнекті қайнатып, үстіне тәрелке қою. Бу тамшыларын көрсету. Судың айналысын байқату.

Плакатпен жұмыс: «Табиғаттағы су айналысы» түсіндіру

ә) оқулықпен жұмыс:

1. суреттер бойынша жұмыс

2. мәтін мазмұнымен таныстыру

3. «Табиғаттағы су айналымы» оқушыға оқыту

б) Дәптермен жұмыс:

- Су, оның қасиеттерін жаздырту

- су - бу - мұз

- Су қайда болады?


5. Сабақты қорытындылау кезеңі:

а) Мақал-мәтелдер:

1. Су бар жерде - ырыс бар.

2. Сулы жер - нулы жер.

3. Су бергеннің сауабы бар,

Су төккеннің жауабы бар.

ә) «Ой толғаныс»

- Ыдыстағы су неге азаяды?

- Көктемде мұз неге ериді?

- Су не үшін қажет?

6. Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі:

а) Тапсырма: 37-38 бет

ә) Тапсырма орындау тәсілі:

Мәтінді оқу, мазмұнын айту, тәжірибе жасау. 37 бет сурет салу

7. Бағалау кезеңі:

1. Сынып жұмысына баға беру;

2. Жеке оқушы жұмысын бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал