- Учителю
- Ана тілінен сабақ жоспары 'Жылқы'
Ана тілінен сабақ жоспары 'Жылқы'
Сабақтың тақырыбы:Жылқы.Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Сабақтың мақсаты:а/оқушыларға мағынасы қарама-қарсы сөз туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік жасау,
ә/оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,ойлау қабілеттерін дамыту;
б/эстетикалық,адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру,
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:жеке карточкалар,суреттер.
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
"Сиқырлы домбыра"көмегімен Тазша бала "Сөз еліне"қонаққа келеді:
1.Домбыраның суреті /ортасында сөздеген жазуы бар/
-Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгін менің "сиқырлы домбыра"көмегімен тағы да сендерге әкелген сыйлығымды ашуға рұқсат етініздер!
2.Сыйлықтың суреті/ақ,қысқа деген сөздер жазылған/.
-Қане балалар, сиқырлы домбыраның әкелген сыйлық сөздерін дауыстап оқып көрейікші.
ІІ.Жаңа сабақ.
-Енді,балалар,осы сөздерге қарама-қарсы сөздерді кезектесіп айтайықшы.
-Ақ-қара,ұзын-қысқа,жіңішке-жуан
-Балалар,сыйлық ұнады ма?
-Ия.
-Тағы да сыйлығым бар,оны домбыраның көмегімен ашайын.
Домбыра мен сағаттың суреті көрсетіледі.
-қап, балалар,сиқырлы домбыра уақыттың болғаның көрсетіп тұр.Сендер сияқты басқа балалар да сыйлық күтіп отыр.Келесі келгенше көбірек оқыныздар,көп оқысаңдар жиі келіп тұрамын.
-Балалар. Тазша бала сыйлығын тастап кетті,біз оны сызба түрінде дәптерге түсіріп алайық.
→ақ-қара
Сөз → ұзын-қысқа
→ жіңішке-жуан
-Бұл сөздердің мағынасы қандай?
-Бұл сөздердің мағынасы бір-біріне қарама-қарсы.
176-жаттығу.
а/«Жылқы»өлеңін мәнерлеп оқу.
ә/оқушылардың тізбектей оқуы.
б/Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
-Балалар,жылқы жануарын көргендерініз бар ма?
-Жылқының бізге қандай пайдасы бар?
-Өлеңдегі қыл деген сөзді түсінеміз бе?
в/Сөздік жұмысы: қыл-жалдың,құйрықтың жіңішке,ұзын талы
қоғалы-қоға өсетін жер
-Балалар,жылқышы жылқыны қалай шақырады екен?
-Қандай арқанмен байланады?
-Олай болса,қыл сөзінің ортасындағы дыбысты өзгерту арқылы бірнеше сөз жасайық.
қыл-қал,қол,құл.
177-178 жаттығуларды орындау.
Терме диктант.Үнтаспа арқылы немесе мәтінді оқу арқылы оқушылар есту бойынша мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді теріп жазып шығады.
ІІІ.Қорытындылау.
ІҮ.Үйге тапсырма.Бағалау.