- Учителю
- Әдебиеттік оқу:Таңның атуы 3сынып
Әдебиеттік оқу:Таңның атуы 3сынып
13.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Таңның атуы. М. Иманжанов
Мақсаты: а)Автор туралы мәлімет алу.Табиғаттың құдыреттілігін таныта отырып, жаз мезгілінің әсемдігін сезіне білуге үйретуә)табиғат ерекшеліктерін елестете білу, шығармашылық, іскерлік дағдыларын дамыту;ұжымдық жұмыс жасауға үйрету;б)табиғаттың өзіне тән сұлулығын қорғау, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, жұптық жұмыс.
Көрнекілігі: М.Иманжанов суреті, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыору.Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
II.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап. 1.Шыбынсыз жаз дегенді қалай түсінесің?
2.С.Мұқанов жаз табиғатынын суретін неге теңейді?
III.Жаңа сабақ: Таңның атуы. М. Иманжанов. Мұқан Иманжанов Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда туған. Есеп санақ техникумын бітірген. Одан кейін Қазақстан Жазушылар одағы жанында ашылған алты айлық курсты аяқтаған. Кейіннен радио хабарларын тарату жөніндегі редактор ,«Егемен Қазақстан») газетінде қызметкер, бөлім меңгерушісі, қызметтерін атқарды.М.Иманжановтың публицистикалық мақалалары, очерктері мен әңгімелері әрдайым газет-журналдарда жарияланып тұрды. Шығармалары: «Адам туралы аңыз» әңгімелері, «Көк белес» романы, әңгімелер, повесть, пьесалары бар
IY.Мәтінмен жұмыс. Топпен бірлесіп, мәтіннен алған білімдерін талдау, жинақтау
1-топ Таңның атуы» мәтінін топтастыру
2-топ. Таңның атуы тақырыбына сурет салу
3-топ. «Таңның атуы» тақырыбына эссе жазу.
Суретпен жұмыс.
Y .Сергіту. Ойын: Кім жылдам?
YI.Бекіту. Сұрақ-жауап.
1.Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?
2.Таң атарда жұлжызжар қайтеді?
3.Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?
YII.Үйге: оқып, мазмұнын айту.
Конец формы