- Учителю
- 2-4 сыныптарға арналған диктанттар
2-4 сыныптарға арналған диктанттар
2 сынып
І тоқсан
ІІІ. Диктант(20)
Мынау Кім? не?
Мынау - қалам. Ол әдемі. Мынау - дәптер. Ол таза. Мынау - кітап. Ол қызық. Мынау - қарындаш. Ол қызыл. Мынау - оқушы. Ол ұқыпты.
Тапсырмалар:
а) Төменде берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.
қалам, кітап.
ә) Төменде берілген сөздерге көптік жалғауларын жалға
бала лер
гүл дар
қаз тар
тас лар
тіс дер
әже тер
2 сынып
ІІ тоқсан
ІІІ. Диктант (19)
Қыста
Қыс келді. Күн суытты. Қар жауды. Балалар сырғанақ жасауға шықты. Олар су тасыды. Оны төбеге кұйды. Сырғанақ жақсы болды.
Тапсырмалар:
а) Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса
қыста, сырғанақ.
ә) Төменде берілген сөздерге - ны-ні-ды-ді- қосымшаларын жалға
қала ауыл
әже ата
қар аяз
2 сынып
І жарты жылдық
ІІІ. Диктант (19)
Көкек
Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады.
Тапсырмалар:
а) Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса
Бұлақ, құлақ, балапан, көкек
ә) Жатқа жазу
Жол атасы - тұяқ. Аппақ қарға,
Сөз атасы - құлақ . Қонды қарға.
Су атасы - бұлақ.
2 сынып
ІІІ тоқсан
ІІІ. Диктант(19)
Көктем
Көктем келді. Көктем айлары - наурыз, сәуір, мамыр. Күн жылынды. Балалар өте көңілді. Көктемде қызу еңбек басталады. Адамдар жер жыртады.
Тапсырмалар: а)Төменде берілген сөздердің дұрыс аудармасын тап
Көктем март
Наурыз труд
Еңбек весна
ә) " Көктем" туралы шағын шығарма жазу(орыс тілінде)
2 сынып
ІҮ тоқсан
ІІІ. Диктант (20)
Кеңсе тауарлар дүкенінде
Бұл - кеңсе тауарлар дүкені. Ол мектептің қасында. Дүкенде дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, бояулар, қағаз, өшіргіш, желім, сызғыш бар. Мен дәптер алдым.
Тапсырмалар: а) Мәтін ішінен көптік жалғаулардың астын сыз.
ә)Төменде берілген сөз тіркестерін аудар
две книги хорошая книга
новая книга моя книга
купил книгу много книг
2сынып
Жылдық бақылау жұмысы
ІІІ. Диктант (21)
Әсем табиғат
Жаз келді. Өзен терең. Көл мөлдір. Жапырақ жасыл. Шөп көк. Гүл қызыл. Жол ұзақ. Күн шуақты. Табиғат әдемі. Мен жазды ұнатамын.
Тапсырмалар: а) Төменде берілген сөздерді сәйкестір
кітап тетрадь
қалам линейка
дәптер стерка
сызғыш книга
өшіргіш сумка
сөмке ручка
ә) Төменде берілген сұрақтарға жауап жазу
Сенің атың кім?
Сенің тегің кім?
Сен неше жастасың?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Саған қазақ тілі ұнай ма?