7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты(БӘРІ ДЕ АНА БІР ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ)

Тәрбие сағаты(БӘРІ ДЕ АНА БІР ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады

(Сегізінші наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты)

Мақсаты:

-Ана мен баланың махаббатының адам өміріндегі маңызы;

-Балалардың мейірімділік, сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

-өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;

Сыныпты шарлармен безендіріп, қабырға газеттерін, нақыл сөздер жазылған плакаттарды көрнекілік ретінде пайдалану.

Оқушы: Құрметті асыл аналар, қыздар , ұстаздар! Бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің аналарымыз да бәйшешектей қиындыққа төзімді. Аналар көктемгі гүл мерекесі құтты болсын!

Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды ,

Кімнің ойлап тапқанын.

«Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді,

Хормен: Ойлап тапқан аналар.

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,

Сен деп жаздық өлең, жыр, дастандарды.

Қуансақ та өзің бар деп қуандық,

Жыласақ та өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады.

1-жүргізуші:

Мынау жарық дүниедегі өрнекті , өркендеген өмір, құдіретті күн нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Ұлы ақынды да, ойшыл данышпанды да, ел басқарған елағасын да, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсіріп, ақ сүтімен нәр берген- Ана!

2- жүргізуші:

Бүгін, міне, ерекше күн ғой. Мерекеге келген қонақтар да ерекше. Олай дейтінім, мерекеге аналар мен бірге қыздар да келіпті.









1-жүргізуші: Сөзің дұрыс. Сіздерден өскен балалар ,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің аналар!

2- жүргізуші:

Бүгінгі шалқыған ән мен би, әсем күй тек сіздерге ғана арналады. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Екеуі: Қош келдіңіздер, аяулы, ардақты, абзал жандар!

1-жүргізуші: Хор «Ана тілегі»

(Оқушылар кезектесіп тақпақ айтады)

Ана-жұмақ, мен- шуақ, саябағы.

Ана-шырақ, мен-сұрақ санадағы.

Ана- теңіз, мен- қайық тербетілген.

Ана- бұлақ, мен- құрақ жағадағы.

Қуанышқа бөленетін халықпыз,

Ана сыйлау дәстүріміз, салтымыз.

Жыл құсындай әр көктемде келетін,

Құтты болсын сегізінші наурызыңыз!

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін.

Әлемде ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе мен де,

Батырларша батылданам.

Ойнайды бүлдіршіндей балақаның,

Сипады маңдайымнан алақаның.

Сөзіңді екі етпей қадірлейді,

Қарайды қабағыңа балақаның.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеп мен ақ мамамды,

Жүрсем деймін мақтандырып.

Наурыз сәуірдің егізі,

Бүгін наурыздың сегізі.

Ең қымбат гүл адамның,

Анаға айтар лебізі.

Баланың да тірегі,

Ананың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Өмірдің гүлі, сәні қыздар,

Күн де күліп қарайды.

Жігіттердің сәні қыздар,

Ай нұрындай арайлы.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер қызыл айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халықтың сақтай білген ізгі салтын.

1-жүргізуші : Құрметті қонақтар сіздерге сынып оқушыларының «Әзіл-ысқағын» ұсынамыз.

Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың,

Апатай өзің менің асқақ әнім.

Өсірдің, аяладың, әлпештедің,

Ойыңнан бір сәт мені тастамадың.

Тасып тәтті, дәмдіні,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің.

«Құлыным» дейді әжем,

Бірақ мен баламын.

«Аппағым» дейді әжем,

Бірақ мен қарамын,- деп Шөмішбай Сариевтің өлеңінде айтылғандай, біздің қуанышымыз бен ренішімізді анамызбен тең бөлісетін, әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен бізді қарсы алатын адам бар. Ол біздің әжеміз. Енді әжемізге арнаған өлеңімізді айтайық.

2-жүргізуші: Көрініс «Үш ана».

Ананың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік енді қазір ер жеттік,

Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Анамның әрбір сөзі ой талабы,

Жүректің тереңінде сақталады.

Өсеміз елін сүйген ұландар боп,

Ардақты ана сүті ақталады.

Арым да ардағым да анам екен,

Ана деген адамға атамекен.

Түн ұйқысын төрт бөліп, сүтін берген,

Жүрегіңде жыр болып жатады екен.

Ана деген адамға атамекен,

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,

Бір күнгі тәтті ұйқыңнан садаға екен.

Ана сен алтын күн шуағы,

Ана сен өмірдің бұлағы.

Жүрекке ақ жарқын сол бейнең,

Сөнбейтін асыл нұр құяды.

Асыл анам бір саған бас идім,

Көзі деп адалдық, асылдың.

Өзіңнен нәр алып өстім де,

Жолыңа жыр болып шашылдым.

Құтты болсын, ардақты анам,

Асыл анам,мерекең.

Құтты болсын бүгінгі күн

Қуанышты берекең.

Ардақты анам, асылым,

Әнге қосып жырлаймын.

Жырымның ең асылын,

Мерекеге сыйлаймын.

1 -жүргізуші: Ән «Бақытты балалық шақ» . Орындайтындар: Алтынай, Аружан, Мейірім.

Ана кейде қалжырап жүрсін мейлі,

Бір сәт те қабақ шытып күрсінбейді.

Өмір, бақыт тілейді баласына,

«Мәңгілік тыныштық боп тұрсын» дейді.

Аналар жоқ-ау баласын оңай өсірген,

Мехнат тартып, бәрі де азап кешірген.

Тереңдеп сызған, әжім басқан ақ бетін,

Қадыр тұт бала, шығарма әсте есіңнен.

Хормен: Ана біздің күніміз!

Ананың біз гүліміз!

Балаңды ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Оқушы: Сен білесің бе , дүниедегі ең сұлу кім?

2 -жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу ол- қазақ әйелі!

Оқушы: Солай ма, қалайша?

2 -жүргізуші: Қазақ әйелі бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ірі адам!

1-жүргізуші: Қазақ әйелі бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірман ана!

2 -жүргізуші: Қазақ әйелі әлемдегіең адал жар!

1-жүргізуші: Ұлттың ұйытқысы!

Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен жаралған.

Әлемде сен болмасаң осылайша,

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман.

Аналар әрқашан үлкен тірек,

Бұл өмірде бірлескен біздің тілек,

Шын көңілмен құттықтаймыз мерекемен,

«Алғысқа бөлене бер» деп тілейді біздің жүрек.

2 -жүргізуші: Хор «Ананың тілі, аяулы үні»

1 -жүргізуші: Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлықтай өсиет сөздері бар. Сол сөздерден сіздерге үзінді ұсынамыз.

1-оқушы: Үйдің алтын қазығы кім?

2- оқушы:Үйдің алтын қазығы ана. Ана ақылды болса,бала дана болады. Ана тәрбиесі- қызға үлгі, әке тәрбиесі- ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа . Ананы сыйламағанныңжақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде емес пе?

1-оқушы: Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

2- оқушы: Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек.Жоқты бар, ашты тоқ ететін де ана. «Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды»-дейді халық.

1-оқушы:Ана-ұстаз.

2- оқушы: Ана-дәрігер.

3- оқушы: Ана қоғам қайраткері.

4- оқушы: Ана- ғалым.

5- оқушы: Ана- ақын.

6- оқушы: Ана- өнер қайраткері.

7- оқушы: Ана- жазушы.

8- оқушы: Ендеше барлық аналарға құрметпен бас иеміз!

2-жүргізуші: Міне, көрдіңіздер ме, біз кешіміздің басында «Дүниеде ең сұлу, ең ақылды, мейірбан кім?»- деген сұраққа жауап алған сияқтымыз.

1-жүргізуші: Би: «Қуыршақтар»

1-жүргізуші: Аналар бүгін қаншама жылы лебіздер естіді.

2-жүргізуші: Иә, бүгін аналар күні, аналар мейрамы. Біз айтар бір тілек сол мейрам мәңгілік болсын.

1-жүргізуші: Аналар, арулар мен сұлу қыздар

2-жүргізуші: Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар

1-жүргізуші: Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді

2-жүргізуші: Ең бақытты, ең құрметті болыңыздар!

Мұғалім: Міне, осындай аналардан тәрбие алған жас ұрпақ келешек тәуелсіз елдің жарқын болашағы үшін күресері сөзсіз. «Гүлден ұрық шашылса, гүл тарайды әлемге»- деп сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, аналар гүл болып шешек атса, балаларымыз гүл болып әлемге шашылары анық.

1-жүргізуші: Хор «Қазақстан бақыты»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал