- Учителю
- 'Астана' К. Ахметова сабақ жоспары 2 сынып
'Астана' К. Ахметова сабақ жоспары 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова. Астана
Сабақтың мақсаты : Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың міндеттері: мәнерлеп оқуға баулу, өлеңнің ұйқасын табуға , мазмұнын баяндауға, өз ойларын ортаға сала білуге машықтандыру.
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, карточкалар, видеороликтер, аудиожазба,слайд.
Керекті құралдар: маркерлер, А3 беттер,күлегештер,бағалау бетшелері
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланысы: дүниетану, қазақ тілі
Әдісі: диалог, сто, талдау.
Модульдер: ОмОЖТ, СТО,ОүбОБ,АКТ,ОЖЕСО
Барысы: І. Ұйымдастыру.
-
Ынтымақтастық атмосферасын құру
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз.
Оқып білім аламыз.
-
Суреттер бойынша топқа бөліну.
(бақа,тышқан,құмырсқа- Кімнің мекені жақсы? әңгімесінің кейіпкерлері)
-
Топ мүшелерін сайлау
-
Бағалау түрлері туралы хабарлау.
5. Өткенді қайталау
Кімнің мекені жақсы? әңгімесін сұрақ-жауап арқылы сұрау.
1-топ І бөлім 2-топ ІІ бөлім 3-топ ІІІ бөлім
ІІ. Тұсаукесер
-
Сабақ тақырыбын ашу (ребус шешу- Астана, Алматы)
-
Қызығушылығын ояту (Астана-Алматы видеоролигін көрсету)
-
Күләш Ахметова туралы мәлімет беру
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған.Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген.1961 ж Жамбыл медициналық училищесін, 1973 ж Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Ақ гүлім менің, Жапырақ-жаздың жүрегі, Бұлақтағы жұлдыздар, Ләйлектер қайтып келгенде ,Арғымақтар даласы, Дауылдан кейінгі жорық, Наурыз нұры т.б. өлеңдер жинағы жарық көрген.
-
«Астана» өлеңінің аудиожазбасын тыңдап, видеоролигін тамашалау.
ІІІ. Негізгі бөлім
-
Өлеңді іштей оқу.
-
Мәнерлеп оқу. (әр топтан 1 оқушы)
-
Өлеңнің ұйқасын табу , мазмұнын түсіндіру.
1-топ-1-шумақ, 2-топ-2-шумақ, 3-топ-3-шумақ (топтық жұмыс)
-
Сызбамен жұмыс (топтық жұмыс)
1-топ - Сарыарқа Есіл Астана Бәйтерек
2-топ- Алатау Алматы
3-топ- Алматы Астана
Сергіту сәті: А.Жорабаеваның «Астан» әніне билеу
-
«Бәйтерек» тақырыбына мәтін құрау (топтық жұмыс)
-
топ - Сипаттау мәтіні
-
топ - Әңгімелеу мәтіні
-
топ - Пайымдау мәтіні
ІҮ. Қорытынды бөлім
-
«Бәйтерек» мультфильмін тамашалау.
-
«Бағдаршам көздері» арқылы кері байланыс жасап, сабақ жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау.
-
Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау.
-
Үйге: Астана (жаттау) Әсем қала-Астана (буклет жасау)