7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему: Ағайынбыз бәріміз.

Открытый урок на тему: Ағайынбыз бәріміз.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз.





Сабақтың мақсаты: Достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.





Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ, татулық





Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.





Көрнекіліктері: Халықтар достығы бейнеленген суреттер, үнтаспа.





Ұйымдастыру кезеңі:



Шаттық шеңбері:



Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.



Өткен тақырыпты пысықтау.



Т.Молдағалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңі.

-Тоқтар Әубәкіров кім?

- «Тоқтар батыр» өлеңін жатқа кім айтады?



Жаңа сабақ:



Балалар тақтадағы суретке назар аударыңдар.

Суретте нені және кімдерді көріп тұрмыз.

-Дұрыс күннің, жер шарының яғни глобустың және қара, сары, ақ адамдардың суретін көріп тұрмыз.

Күн бәрімізге ортақ, жер ортақ.

-Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.

Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке.

Қазақтың дарқан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды.

Соның нәтижесінде елімізде орыс, татар, ұйғыр, неміс, кәріс тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады

Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары болады.

Олар бірлікте, татулықта өмір сүруде.



Үнтаспадан үзінді көру.



Балалар достық туралы қазақша орысша тақпақтар, мақал-мәтелдер айту.



Сергіту сәті:

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз

Уықтай боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп.

Достық үйін құрамыз.



Дәптермен жұмыс:



Ә.Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін бірге жаттайық.



Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос, бауыр

Болмасын еш тосқауыл

Ақпыз.қара,сарымыз,

Ағайынбыз, бәріміз.



Бұл жерде талпынған деген сөздің мағынасы ұмтылу,алға тырысу,тосқауыл деген сөздің мағынасы кедергі, бөгет деген сөзді білдіреді.



Ақыл қалта тапсырмасы.



Мына сөздің мағынасын түсініп ал.

Татулық - байлық,

Татулық - табыс,

Татулық - табылмас бақыт.

Балалар, әрқашан бір-бірімізбен тату, жақсы сыйластықта өмір сүрсек, сол біздің байлығымыз, табысымыз, табылмас бақытымыз.





Дидактикалық ойын:



«Досыңды тап»



Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді.Бір топтың балалары көздерін таңып,өз достарын табуы керек.Олар өз досының қолын,шашын, киімін ұстап, сипау арқылы табады.



Ұлттық киімдерді әшекейлеу.

Сабақты қорытындылау мақсатында «Достық» өлеңін балалармен бірге айту.



Күтілетін нәтиже:

Біздің мемлекетімізде қандай ұлт өкілдері тұратынын сезіну.Татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.













Балалар бір-біріне жылулық лебізін білдіреді.























































































Қимылмен көрсетеді.















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал