7


1 сынып П дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: П дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, П дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін дамыту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты қатесіз әрі таза жазуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, ойынға қажетті құралдар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: математика,
Әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
- Бүгінгі күн шуақты, осы шуақты күннің жылуын өз бойымызға аламыз, бір - бірімізге, айналамызға таратамыз. Осы жылулықпен сабағымызды бастаймыз.

1 - тапсырма..
Бүү кестесін толтыру


Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

Қандай әріптерді білемін

-балалар қыс айларын кім атап бере алады?

-желтоқсан, қаңтар, ақпан

-ал 1-желтоқсан қандай мереке екенін білесіңдер ме?

-Президент күні

Ал біздің Президентіміз кім?

Н.Ә. Назарбаев

Сендердің өскенде президент болғыларың келе ме?

Балалар сендерге оқу жылының басында Елбасымыз сыйлыққа кітап беріп жіберді. Енді сендердің білімдеріңді тексеруге бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.

-ендеше сабақты жақсы оқу оқып, тәртіпті болу керек.

-Енді осы Президент сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

П дыбысынан

Тақтаға суреттегі заттың атын жазып, дыбыстық талдау жасау, ауызша сөйлем құрау.


Кітаппен жұмыс
«Кітап» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

-мәтін неше сөйлемнен тұр?

Кітап қай жерде басылып шығады?

-баспаханада

. сергіту сәті.


Дәптермен жұмыс.

П дыбысының кіші әрпін жазу.
Тақтаға П әрпінің бас әрпін жазып көрсету, ауада жазу. П әрпін екі жолға жазу.
П әрпі келетін сөздерге мысалдар ойлату.
Суреттерден п әрпі кездесетінін табу.

2 - тапсырма
"Буынға буын қос".
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
кі-тап, жапы-рақ, ә-ріп, ша-пан, шо-пан, бала-пан, пә-тер
ойын (доппен ) П әрпі кездесетін сөздерді ойлап табу.

Тақтамен жұмыс

п дыбысы кездесетін сөздерді табу.

«Бес жол өлең құрау» әдісі
Не?-доп
Не істейді?- домалайды, қозғалады.
Қандай?-дөңгелек, жеңіл, әдемі.
Сөйлем-Балалар допты теуіп ойнайды.
Мәндес сөз-ойыншық

V.Қорытындылау Бүү кестесін толтыру











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал