- Учителю
- Әдебиеттік оқу пәнінен Жел мен күн
Әдебиеттік оқу пәнінен Жел мен күн
Талас ауданы Қаратау қаласы
Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі
« Бекітемін»
мектеп директоры
_________І. Нұрұлы
Сабақтың тақырыбы:
«Жел мен күн»
(Ертегі)
Сыныбы: 2
Мұғалімі: Жунсалиева Гаухар
2012 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Жел мен күн» (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсініп анықтай отырып кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасау.
Сабақтың міндеттері:
-
Ертегінің түпкі мазмұнын түсіну.
-
Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни баға беру.
-
Топпен жұмыс барысында топ мүшелерінің пікірімен санасады, бір-бірінің сөзін тыңдап, сыйлауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Ертегіні оқып мазмұнынан «Күш білекте емес, жүректе» деген мақалдың жайдан жай айтылмағанын ұғынады. Топтық жұмыста белсенділік танытуға үйренеді.
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау, МОТ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: Миға шабуыл, ДЖИГСО- 2, топтастыру
Құралдар мен көрнекіліктер:
1. құралдар: маркер, стикер, А4 формат қағаз.
2. көрнекіліктер: суреттер, стикерлер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйлерін сұраймын. Топ ережесін еске түсіреміз.
-Қанша жыл мезілі бар?(атап айтқызу)
-Қазір қай мезгіл?
-Қандай ай?
-Күз мезгілі екенін қайдан байқадыңдар?
Әртүрлі жапырақтардың түрлері пішіндерін таратып оқушыларды 4 топқа бөлу.
Топ оқушыларына стикерлер таратылып сабақ соңында толтырылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге «Қайсар құмырсқа» мәтінін рөлге еніп мәнерлеп оқыту әр топтан кейіпкерлерді сайлап, ұнаған сәттен үзінді суреттерін салып келу.
Сұрақ-жауап әдісі:
-
Мәтін неліктен «Қайсар құмырсқа»деп аталған?
-
Құмырсқа асқабақ дәнін үйіне қалай жеткізді?
-
Құмырсқаның еңбекқорлығы, табандылығы жайында тағы қандай әңгіме оқығансыңдар?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
Миға шабуыл:
Балалар мынау ненің дыбысы? (Желдің дыбысын тыңдату)
Сұрақтар:
-
Әлемге жылу мен жарық беріп тұрған не деп ойлайсыңдар?
2)- Ағаштарды шайқайды,
Көзге көрінбейді.
Шарлағанда сай-сайды,
Бір сәт ерінбейді. (Жел);
3.Аялдамада көлік күтіп тұрған адамды кім дейміз?
ДЖИГСО-2: мәтінді 4 бөлікке бөліп тарату, таратылған мәтінді жанұя тобында оқып, жұмыс тобында мәтінді талқылап, эксперт парағын толтыру.
Эксперт парағының сұрақтары:
-
Ертегі қалай аталады?
-
Ертегідегі кейіпкерлерді ата:
-
Жел мен күн не деп дауласты?
-
Жел өз ойын неліктен іске асыра алмады?
-
Жолаушы қандай іс-әрекет жасады?
-
Күн жолаушыға қалай көмектесті?
-
Жолаушы күнге неге риза болды?
-
Күн желге не деді?
-
Күн мен Жел табиғаттың қандай түріне жатады?
-
Желдің мінезі сияқты досың барма?
-
«Күш білекте емес, жүректе» деген мақалды қалай түсінесің?
-
Егер жолаушы болсаң осы жағдайда не істер едіңіз?
Бағалау.
Кері байланыс парағы.
Үйге тапсырма: «Жел мен Күн» ертегісінің мазмұнын түсініп оқып келу, осы оқиғадағы ұнаған сәт әсерін салып келу.