7


  • Учителю
  • Эссе 'Мен қалай шабыттандырамын?'

Эссе 'Мен қалай шабыттандырамын?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Мұғалім өң бойына,өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз» Л.Н.Толстой


Нұрлы күн - тіршілік көзі,ұстаз - халық көзі.Дүние нұрланып сәулеленбесе,тіршілікті қараңғылық басса,шәкірт жүрегін мұғалім ашпаса халық дұрыс тіршілік кешпесі сөзсіз .Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қойылатын мақсаттардың бірі -қоғамда алған білімінің жемісін өмірде дұрыс пайдалана алатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп қамқор бола алатын, жан-жақты дамыған,өскелең жас ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беру.Білім мен тәрбие жұмыстары қазіргі таңда үздіксіз жаңарып даму үстінде.Халықта «ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекерге айтпаған.Баланың бойына жастайынан адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен мұғалім шешуші рөл атқарады. Сол себептен біз оқушыға дұрыс тәрбие беру үшін өзімізден бастағанымыз жөн. «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деген сөздің мағынасына үңілсең,өзімізді өзіміз танымасақ,өзгені қалай танимыз?Менде осы жаңалықты бойыма сіңіріп,алдымда отырған оқушыма құнды қасиеттерді бойына сіңірту мақсатында өзін-өзі тану біліктілікті арттыру курсына келдім. Әр сабақ барысында нұрға бөлену арқылы алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жетекшіміз Дидар Берікқызы бізге адам бойындағы рухани - адамгершілік құндылықтар мен қасиеттердің мән мағынасын аша отырып, жіліктеп, майын шаға отырып түсіндірді.Әр сабақ соңында өз бойымдағы қасиеттер мен құндылықтарды,істеген істер мен сөздерді саралап,таразылайтын болдым.Мұғалім сабақ барысында рухани дүниенің өз бойындағы сенімділікпен дәлелдеп қызығушылығымызды оята білді.Адамгершілік құндылықтарын сүйіспеншілігімнің арқасында қоршаған ортаға,жанұяма, барша жанға үнемі жақсылық қана тілеуді ,нұрмен сәулелендіруді әдеттендім. Өзін-өзі тану пәнінде, адамдардың құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, қиянат жасамау, шыншыл болу, әр кезде дұрыс әрекет жасау,өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, шығармашылық дамуда үйлесімділікте болу керек екенін түсіндім.Өзін -өзі тануға ұмтылған әрбір адам даму үстінде деген сөз. Ал Маслоу бойынша , «Ойлау филисофиясы өзгерген кезде бәрі де өзгереді», яғни біз бір орында қалып қоймай алға қарай ұмтылуымыз қажет екендігін ұғындым. Осы курстан алған білімімізді, құндылықтарымызды әрі қарай ұштастыра отырып балаларға жақсы, ұғынықты тәрбие беруіміз біздің міндетіміз. Ол үшін әр баламен жылы, сенімді,ашық қарым-қатынас орнату керек екенін білдім.

Бәрінен де маған ұнағаны тыныштық нұрландыру сәті. Адамды жағымды, көңілді,барлық қиыншылық артта қалғандай сезінесің.Менің ойымша өзін-өзі тану пәні зор сабақ. Себебі, бұл сабақ арқылы көп нәрсені үйрендім. Мысалы, ата-ананы сыйлап,қадірлеу, отбасы арасындағы қарым-қатынасқа мейірімділікпен қарау, ұжымда, өзінің жек көретін, ренжіткен адамдарға жақсы көзқараста бола отырып, тілек тілеу. Бір сөзбен айтқанда әр ұстаз сүйіспеншілік, ақиқат, қиянат жасамау, ішкі тыныштық, дұрыс әрекет құндылықтарын бойымызға сіңдіру керектігін білдім. «Өзін-өзі тану»пәні оқушы үшін адами құндылық пен қасиеттерді меңгертумен қатар,жаңашыл ойлай алатын тұлға қалыптасатынына сенімім мол.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал