7


Ана тілі 4сынып Планирование

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мусабекова Ботакөз Дабылқызы

Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы

Апта:

Пәні: ана тілі 4сынып


Сабақтың тақырыбы:

Мұхтар Әуезов Көксерек


Сілтеме:

Жоспар 4 сынып әдістеме

Жалпы мақсаты:

Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасын анықтауы;

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуғы,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін арттыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар әңгіме мазмұнын түсіну арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне өз ойларын білдіреді.

Негізгі идея

«Бөлтірікті қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлиды».


Тапсырмалар


Оқыту әдісі


Топтық жұмыс.Жұптық жұмыс .Жеке жұмыс


Ой қозғау,салыстырмалы кестелер, тірек сызбалар.Түртіп алу әдісі,салыстыру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:


Кесте,оқулық АКТ

Жүргізілетін жұмыстар

Сабақтың

кезеңі,уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті


3мин.


Кіріспе бөлім

5-мин


Негізгі бөлім

30- мин


Қорытынды


5мин

І.Ұйымдастыру :1.Сәлемдесу

3.Топқа бөлу.Стикер таңдау арқылы топқа бөлініп отырады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын «Автор орыныдығы арқылы пысықтау.

Оқушылардың орындықтарының артына стикер жапсырып қоямын.Сол орындықта отырған оқушы берілген сұрақты алып ,сұраққа жауап береді.

- «Балмұздақ»әңгімесінің авторы кім? - Ол кісінің тағы қандай шығармаларын білесің? - Балалар не тауып алды? Ол затты балалар не істеді? - Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты? -Мирастың іс-әрекеті дұрыспа?

Бейне жазбамен жұмыс Экраннан «Көксерек»киносын көрсету 1мин.

Сұрақ-жауап алу. -Бұл кино қалай аталады? -Балалар кинодан не байқадыңдар? -Қандай ой түйдіңдер? Ата-анасынан ерте айырылған Құрмаш ағасы Аханқұл мен әжесінің тәрбиесінде болады. Бұл фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген. Құрмаш қасқыр бөлтірігін асырап, оған «Көксерек» деп ат қояды.Соңында Құрмаш қайтыс болады, оны өзі баққан Көксерек бөлтірігі тістеп алады. -Кино кімнің шығармасы бойынша түсірілген?

Үш қадам сұхбат әдісі Мұхтар Әуезов жайлы білетіндерін айтып өту.

-М.Әуезов кім?

Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым.

-Қай жылы дүниеге келген?

жерінде жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған.

-Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы қалай аталады?

-Абай жолы . « романы әлемдік деңгейде танылды.Қазақ халқын, оның барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетті.


-Балалар,бүгін біз Мұхтар Әуезовтың шығармасынан үзінді өтеміз.Өзімізге лайықты Көксеректі өтеміз.

Көксерек және оның иесі, олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды.

Осыдан кейін әрі қарай не болатынын кітаптан оқып білейік.

3.Оқулықпен жұмыс

Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқу.

1.Бөлтіріктің Көксерек атануы.2. Оның адамдардан көрген жәбірі.

Сәбидің таза көңілі, мейірімі

Түртіп алу әдісі

Сөздік жұмыс.
Қырыс-қырсық мінезді.
Тағы-жабайы.

Жұппен жұмыс

Жұбына әңгімелеу

Топпен жұмыс, топта талқылау.

Тапсырма әр топтан 1 оқушыдан шығып,мәтін бөлігі бойынша түсінгендерін айтады.

-Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?

- Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты?

-Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?

3 оқушы 3 оқушының жұмысын бағалайды.Бағалау «Мадақтау сэндвичі»

Тапсырма

1 топ. Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық

2топ. Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдағы өмірі мен даладағы өмірін салыстыр

3 топ. Кесте бойынша Көксерекке сипаттама беру


«Бағдаршам», «Бармақ », «Смайлк»арқылы бағалау

Қасқырға байланысты мақал - мәтел айт.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

Қорытындылау

-Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы?

/Басты ойды ашатын ең негізгі оқиға -табиғатқа жасалған қиянат/.
-Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?

/Ақтауға болмайды. Жазушы табиғатқа қиянат жасағандарды «екі аяқтылар» дейді/.
-Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

/табиғатқа шабуыл жасап, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе/.

-Жазушы неге үндейді?
Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір - бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.


Табиғаттың тыныштығын бұзбау керек. Табиғаттағы барлық нәрселер өзіне жарасымды болып тұрады. Біз оқыған «Көксерек» әңгімесінде адамдар табиғатқа қиянат жасайды. Қасқыр да осы табиғаттың бір бөлшегі. Егер де біз осы табиғаттағы аң -құстарға қиянат жасасақ , табиғатқа көрік беріп тұрған барлық әсем нәрселерімізден айырыламыз.

Адамның табиғатсыз күні жоқ ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ -деп,бүгінгі сабақты қорытуға болады.


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша

«Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.


Рефлексия




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал