7


  • Учителю
  • Арыстанның тілі қайда? (2 Сынып)

Арыстанның тілі қайда? (2 Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 10.12 Сыныбы: 3 Пән атауы: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Арыстанның тілі қайда? Ә. Қалиев

Сабақтың мақсаты:

І Білімділігі: Венгрияның астанасы Будапештті қақ жарып тұрған көгілдір Дунай өзені туралы таныстыра отырып, оның Буда - яғни, адам аты, Пешт - кәдімгі пеш деген сөздер арқылы жасалып құралғанын, Буда мен Пешті жалғастыртын сегіз көпір туралы, Шынжыр көпірі, оның жобасын құрастырған архитекторлар жайлы, сондай - ақ, ертегідегі кейіпкер бала, жұрт таппаған кемшілікті баланың қалай тапқан айласы туралы таныстыра отырып, мәтінді талдау.

ІІ Дамытушылығы: Сын тұрғыда ойлау старатегияларын пайдалана отырып, өз бетімен шешеім қабылдай білу, қорытынды жасау, өз ойларын жүйелі жеткізе білу, тілдерін дамыта түсу.

ІІІ Тәрбиелігі: Топта, жұпта жұмыс жасау арқылы достық көмек, туған - туысқанға деген бауырмашылдық сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір -талас.

Көрнекілігі: үнтаспа, суреттер және т.б.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: Арыстанның тілі қайда?

Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, бәріміз глобусқа қарап көрелік! Сендер Венгрия мемлекеті жайлы не білесіңдер?

  • Венгрияның астанасы қандай?

  • Онда қандай өзендер бар?

  • Көпірді кімдер жасайды?

  • Көпір не үшін керек? (Оқушылардың жауабы).

Венгрия мемлекетінің астанасы - Будапешт қаласы. Будапешт екі сөзден құралған. Олар: Буда - адам аты, Пешт - кәдімгі пеш. Будапештті қақ жарып жатқан Дунай өзені ағып жатыр. Дуна өзені үстінде сол Буда мен Пешті жалғастыратын сегіз көпір бар. Олардың бірі - Шынжырлы көпір деп аталады.

І V. Мағынаны ашу.

Қосымша мәлімет: Көпір ХХ ғасырдың басында салынған. Жобасын жасаған - Венгердің белгілі бір архитекторы Сабош. Көпірдің кіре берісіне екі арыстанның, шыға берісіне екі арыстанның бейнесі тастан қашап орнатылған. Төрт машина қатар жүріп өтетіндей жалпақ көпірдің өте биік екі жақтаулы темір шынжыр тартылып тасталған. Бұл көпірге келісті де өте әдемі сәулет беріп тұр.

V. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың, Теріп - теріп алайық,

Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!

VІ. Ойтолғау.

«Т кестесі» бойынша дәптерлеріне жазып алу. «Әдеби үйірме» стратегиясы. «Кубизм» стратегиясы арқылы тапсырманы анықтап беру.

1 - топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқиды).

2 - топ. Кейіпкерлерді сипаттаушы. (Әр кейіпкерді танып, сипаттайды).

3 топ. Ізденушілер. (Мәтінге қатысты қосымша ақпарат ұсынады).

4 - топ. Дәнекер топ. (Мәтіндегі оқиғаны қазіргі өмірмен байланысты).

5- топ. Сөз тапқыштар тобы. (Мәтінге сәйкес мақал - мәтел, нақыл сөздер табу).

6 - топ. Бейнелеуші, суреттеуші топ. (Кейіпкерлердің суреттерін, соларға қатысты іс - әрекетінің суретін салады).

Әр топ өз тапсырмаларын салған Күндерінің артына орындайды.

  • Сонымен, арыстанның тілі қайда?

  • Ол туралы не айта аламыз?

VІІ. Үй тапсырмасы: 155 - 156 беттер аралығын оқып, мазмұндау. Сұрақтарға жауап беру, нақты дәлелдемелерді тіркеп, дәптерге жазып келу.

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал