7


Тәрбие сағаты 'Ең үздік клип'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ең үздік клип»


Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар және сайысқа қатысушы топтар! Бүгінгі «Ең үздік клиптер» сайысына қош келдіңіздер!

Уақыт пен жарыса қайнаған өмір қазанында «шоу бизнес» біздің өмірімізде үлкен белең алып тұр. Талантты жастар сынға түсіп, өз өнерлерін ортаға салып, қиял ұшқырынан өз әлемін ұсынып, дүйім жұртқа паш етпек. Сол тұрғыда біз бүгінгі жас таланттарды іздейміз!

Олай болса бүгінгі кешіміздің шарттарымен таныс болайық:

І кезең: Топты таныстыру

ІІ кезең: Клип қою

ІІІ кезең: Сән үлгісі

ІV кезең: Ситуациялық сұрақтар

Әділқазы алқасы армысыздар!

Бейне бір жауатығұн қармысыздар.

Сайыскерге әділ баға беретұғын,

Әділеттен жаралган жанбысыздар?! - дей отырып әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар

1

2

3

Ендеше І кезең «Топты таныстыру» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша әр команда өздерінің белгілі бір музыкалық ұғымдарға байланысты алған атауларын жай ғана атап өтеді, бірақ бұл кезең бағаланбайды. Әр сыныптың атауларын білу үшін біз алдымен ортаға сыныптарды шақырамыз.

10 - сынып «Наз қоңыр»

9 - сынып «Терция»

8 - сынып «Октава»

7 - сынып «До - Мажор »

Топтармен таныс болсақ келесі кезеңімізге көшейік!

Өзгенің тағдыры халыққа әуезді әуендер, бейнелі баяндар арқылы баяндалады. Оны ұғыну бейне баяндағы сол рольді сомдаушы кейіпкерлердің қимыл әрекеті арқылы жетеді. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы топтарымыздың қимыл әрекеті бізге нені баяндамақ?

Асыл - тастан, өнер - жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашанда нанымды.

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден! - деп келесі кезеңіміз жарыстың ең басты бөлімі «Ең үздік клиптер»! Бұл кезең оқушылардың актерлік шеберліктерімен, жеткізе алу қабілеттерімен бағаланады.

«__» кл «___________»

«__» кл «___________»

«__» кл «___________»

«__» кл «___________»

Әділқазылардан баға сұралады.

Қиялы мен қабілетін қарап біз,

Команданың сән үлгісін көрейік!

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік! - деп , ІІІ-кезеңді «Сән үлгісіне» береміз.

Әділқазылардан баға сұралады.

Қайсысы білгір білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық, - дей келе соңғы турымыз ситуациялық сұрақтар.


Командаларды ортаға шақырамыз.

Командалар сіздерге әділқазылар тарапынан 2 ситуациялық сұрақ қойылады.

Сіздер өз жауаптарыңызға сәйкес осы ситуациядан шығу жолдарын ұсынасыздар.

Әділқазылардан баға сұралады.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Ең үздік клипі деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал сайыскерлерге сәттілік тілейікші, - деп қазылар алқасына сөз береміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын,

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспандар,

Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспандар, - дей отырып, бүгінгі «Ең үздік клиптер» сайысын аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал