7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Тақырып Сөйлем Тест 4 сынып.doc

Қазақ тілі Тақырып Сөйлем Тест 4 сынып.doc

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

4сынып

Қазақ тілі

Сөйлем

1-нұсқа

1. Біршама тиянақты ойды білдіретін сөз тобын табыңыз.

А) Сөйлем

В) Мәтін

С) Сипаттау мәтіні

D) Сөз тіркесі

2. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Бүгін күн жылы

В) Бүгін күн неткен жылы

С) Бүгін күн жылы ма

D) Бүгін күн жылы бола ма

3. Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылатын сөздер қалай аталатынын тап??

А) Сөйлем мүшелері

В) Дара мүшелері

С) Күрделі мүшелері

D) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

4. Жарайсың ... сен бұл кітапты да оқып қойдың ба...

Сөйлемге қажетті тыныс белгілері бар қатарды анықтаңыз.

А) Үтір, нүкте

В) Үтір, сұрақ белгісі

С) Сұрақ белгісі, нүкте

D) Леп белгісі, нүкте

5. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.

А) Мұғалім сыныпқа кірді

В) Жылқы кісінеді.

С) Мысық күшікпен ойнады.

D) Суық жел соқты.

6. « Алматы - сәулетті, әсем қала»

Сөйлемдегі баяндауышты көрсет.

А) Сәулетті

В) Қала

С) Алматы

D) Әсем

7. «Жиналыс қайда болды» сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Бұйрықты

В) Сұраулы

С) Лепті

D) Хабарлы

8. Қазақ тілінде сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

А) 4

В) 3

С) 2

D) 1

9. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.

А) Жай сөйлем

В) Жайылма сөйлем

С) Сұраулы сөйлем

D) Құрмалас сөйлем

10. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай.

В) Білім-адамның қанаты.

С) Қарлығаш, не сонда жалғыз жатпақ па иесіз үйде.

D) Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе.

11. Қуану, ренжу, аяу, кекету мақсатында айтылатын сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Хабарлы сөйлем

В) Сұраулы сөйлем

С) Лепті сөйлем

D) Бұйрықты сөйлем

12. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

А) Бұйрық, тілек - өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем.

В) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін, көтеріңкі дауыспен айтылатын сөйлем.

С) Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем.

D) Бірдеңенің жайын хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем.

13. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті

В) Сен оны танисың ба

С) Ә, сені ме, бәлем

D) Жүр, тез аяғынды бас

14. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Әсет оқыды.

В) Марат доп ойнап отыр.

С) Бүгін жауын жауады

D)Ертең күн суық болады.

15.Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Күн суытты .

В) Қар жауды.

С) Қар қалың жауды.

D) Ай

16. Сөйлемнің қай түріне жататынын табыңыз: «Абайжан,өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма...»

А) хабарлы сөйлем

В) сұраулы сөйлем

С) жалаң сөйлем

D) лепті сөйлем

17 Жай сөйлемді тап.

А) Қоңырау соғылды,сабақ басталды.

В) Мен үйге барып едім,есік жабық екен.

С) Апам дүкеннен ет сатып әкеліп, ас дайындады.

D) Күн суытты.

18 Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап .

А) Екі бала

В) сегіз қоян

С) әдемі қыз

D) тез жүру

19. . Сөйлемнің қай түріне жататынын тап :«Не деген жер бұл , шеті қайда мұның , қиыры қайда ...»

А) хабарлы

В) сұраулы сөйлем

С) жалаң сөйлем

D) лепті сөйлем

20.Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?

А) Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі

В) 3-4 сөзден жасалған сөйлем

С) 2 немесе одан да көп сөзден жасалса

D) Сөздердің тіркесуі



Қазақ тілі пәнінен сынақ бітті



























































































4сынып

Қазақ тілі

Сөйлем

2-нұсқа



1.Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

А) нүкте

В) үтір

С) сұрақ

D) тырнақша

2. Жалаң сөйлем деген не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем.

С) Мазмұны толық берілген сөйлем

D) Бастауышы жоқ сөйлем.

3. Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. « ... оқып шықсын.»

А) Тез

В) Ол

С) Екі рет

D) Мәнерлеп

4. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

А) Үтір

В) Қос нүкте

С) Сызықша

D) Нүкте

5. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетініз.

А) Алтыбақан ойыны ұнады баршамызға;

В) Алтыбақан ойыны баршамызға ұнады ;

С) Баршамызға ұнады алтыбақан ойыны;

D) Ұнады баршамызға ойыны алтыбақан;

6. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Апырай, сондағы қорыққаным-ай

В) Мектепке әншілер келді

С) Ертегіні жақсы көресің бе

D) Сенің атың кім

7. Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді?

А) 4

В) 3

С) 2

D) 1

8. Сөйлемге тиісті тыныс белгіні қойыңыз. «Мұз айдында коньки тебу қандай тамаша...»

А) :

В) ?

С) .

D) !

9. Сөз тіркесі неден құралады?

А) Буындардан

В) Бір ғана сөзден

С) Бір не екі сөзден

D) Екі не одан да көп сөзден

10. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі қай сөз табынан жасалған?

Атамыз сабырлы, еңбексүйгіш, адал, шыншыл болған.

А) Сын есім

В) Зат есім

С) Етістік

D) Сан есім

11. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Өкпелеме, жұтпа.

В) Терме, айтылды.

С) Сызған, болған.

D) Қапта, биле.

12. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді табыңыз.

А) Ақ шұбар көбелек гүлге қонды.

В) Қадырәлі есік алдында ойнап жүр.

С) Екі бала тоғайға барды.

D) Айна қағаздан ұшақ, қайық, кеме жасады.

13. Сөйлем мүшесі болмайтын сөздерді атаңыз.

А) Бастауыш

В) Қыстырма сөз

С) Біріккен сөздер

D) Сын есім

14. Күрделі етістікті белгілеңіз

А) Ұшты

В) Жазбаған

С) Көріп келді

D) Жинапты

15. Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі қалай аталады?

А) Сөйлемнің дара мүшесі

В) Сөйлемнің күрделі мүшесі

С) Бірыңғай мүшелер

D) Тұрлаусыз мүшелер

16. Сөз тіркесін табыңыз.

А) Арайлы таң

В) Түйе жапырақ

С) Орындық

D) Қазмұнайгаз

17. «Нанда жердің гүлдің күннің иісі бар.»

Сөйлемге қандай тыныс белгісі жетпей тұр?

А) :

В) ,

С) -

D) ...

18.Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Көзді ашып жұмғанша.

В) Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл, тәп-тәтті.

С) Қына тасқа бітер,

Білім басқа бітер.

D) Нанды жерге тастама.

19. Сөз тіркесін табыңыз

А) ауыр жүк

В) жүк ауыр

С) ауыр жүкті

D) жүк ауырлау

20. Сөз тіркесі бар сөйлемді табыңыз.

А) Өтірік сөз өрге баспаз

В) Күн жылынды.

С) Асқар мен Болат ағайынды.

D) Аспанда бұлт жоқ.





Қазақ тілі пәнінен сынақ бітті











Тест кілті

Тақырыбы: Сөйлем















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал