7


  • Учителю
  • Урок по теме Н дыбысы мен әрпі

Урок по теме Н дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Н дыбысы мен әріпі.

Сабақтың мақсаты:Н дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру,кеспе әріптерден сөз құратып жаздыру.Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету,әріптерден буын жасау,схемамен буындар,қысқа сөздер оқуға,дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.Буын туралы түсінігін кеңейту.

3.Логикалыық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын,тілдік қорын дамыту.Қолын жаттықтыру, дәптеріне Н дыбысы баспа түрін жазуды үйрету.Балаларды иманылыққа тәрбелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрнекілік,сөздік,ойын.

Көрнекілік құралдар:Ойыншықтар,кеспе әріптер қалтас магнит тақта плакаттар,текшелер.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.

2.Жаңа сабақ.

3.Жаңа сабақ.

Балаларды ұйымдастырып,сабақтың аты мен таныстыру.

-Балалар қазір бізге сауат ашу сабағы.

-Сауат ашу сабағында не үйренеміз?

-Әріп.

-Олай болса біз өткен әріптерді қайталап қайталап,буындар оқумыз.

Барлық балаға буын айтқызып шығу.

Жаңа сабақ.

-Балар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Үсті тас,асты тас,

Ортасында піскен ас.

-Жауабы нан,нар,шана,тон туралы(Таба нан)түсіндіру.

-Балалар сендер нанның қалай дастарханға келетінін білесіңдер ме?

Сурет бойынша нанның қалай келетінін әңгімелеп беру.

-Суретте не көріп тұрсыңдар?

-Не өсіп тұр?

-Бидайды жинап қайда апрады?

-Қырманда не істейді?

-Қырманнан қайда апарады?

-Элеваторда не істейді?

-Элеватордан қайда апарады?

-Диірменнен қайда апарады?

-Наубайханада не істейді?

-Дүкеннен кім сатып алады-деген сұрақтар қойып,өзі жауап береді?

Бір баладан нанның пісу жолын сұрау.

-Көрдіңдерме?Балалар нан дастарханға осылай келеді екен.

Нан дастарханға келу үшін көп еңбек ету керек.

-«Нан»-деген сөздің басында қандай дыбыс бар?

-Н дыбысы.

-Н дыбысы бүгін танысатын жаңа дыбыс.

-Қане барлығымыз бірге айтайықшы.

-Н дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?

-Дауыссыз.

-Н дыбысын айтқанда тіл ұшы төменгі керек тіске тіреледі,не сәл жоғары тұрады.

Ауа мұрын қуыс арқылы шығады.

-Қане қайталайықшы (хормен,жеке 5-6 бала)

-Нан дегенде екінші қандай дыбыс естіледі?

Тақтаға нан сөзін жазу.

Н дыбысының баспа және жазба түрімен таныстырады.

-Н дыбысы айтлуна қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

-Дауыссыз дыбыс.

Н әрпі туралы жұмбақ.

Екі тіреу,басқышы бреу

Дидактикалық материал (Н) 12 беттегі нан туралы мақалды айтып үйрету.

Нан туралы тақпақ айту.Ертегі айту.

Алтын қамшы аспанда

Жарқ еткенде жасқанба (Найзағай)

Сергіту сәті.

Әріптерден буын жасау схемасы мен жұмыс;

Но,ну,на т.б.

Әліппе дәптердің 26 бетіндегі суреттерді мұқият қарап,заттың атына Н дыбысы кездессе сол торгөздің көк түспен бояу.

Машина,Инелік,Барабан.

Енді Н дыбысын ауаға және тақтаға салып көрсету І-І 3 таяқшадан тұрады 3 ұзын 1қысқа.

Н әрпінің баспасын салу..

Алма,Күн ,Нан осылардың ішінде Н әрпі жоқ сурет бар.

Дидактикалық ойын Буындардан сөз құрау.

Ойын «күн және түн» Ана нар тон

Ойын «сен жалғастыр»

Сабақты қорытуға арналған.

Ойын

Балалар қазір қай мезгіл?

-Қыс

-Олай болса біз қыста қандай ойындар ойнаймыз?

-Шанамен,аққала жасап,қар лақтырып.

-Олай болса біз қазір аққала жасаймыз.

Мына сұраққа жауап беру арқылы аққаланы құрастырамыз.

1.Әріп деген не?

2.Дыбыс деген не?

3.Бүгін қандай әріппен таныстық?

4.Н дыбысы дауысты маүдауыссыз ба?

5.Н дыбысы бар сөздерді айт?

6.Нанды қалай жасаймыз?





Бағалау.Мадақтау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал