7


  • Учителю
  • 'Грамматика елінде' курсының бағдарламасы 4 сынып

'Грамматика елінде' курсының бағдарламасы 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі

Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі


ҚАРАЛДЫ:

әдістемелік бірлестігінің

отырысында


«___»_______________

КЕЛІСІЛДІ:

Оқу ісі кеңесінің әдіскері


«___»_______________

«___»_______________

БЕКІТЕМІН:

Мектеп директоры

А.К.Кусаинова


«___»_____________

«___» _____________


«Грамматика елінде» курсының

бағдарламасы

(4 сынып)


Құрастырушы: бастауыш сынып мұғалімі

Камина Акбала Қанатбекқызы



Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

Шідерті жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Камина Ақбала Қанатбекқызының

4 - сыныпқа арналған

«Грамматика елінде» бағдарламасына



РЕЦЕНЗИЯ


Ұсынылып отырған «Грамматика елінде» бағдарламасы «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және жалпы орта білім беретін бастауыш сыныпқа арналған оқыту бағдарламасына негізінде 4 - сынып оқушыларына арнап жасалған.

Ұсынылып отырған бағдарламаның түсінік хат, мазмұны, пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

Оқу материалының мазмұны маусымдық - тақырыптық принципке құралған. Бастауыш сынып оқушыларына бүгінгі талапқа сай «Қазақ тілі» курстарына қосымша білім беруге бағытталған.

Оқушыға сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін,оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйрету мақсатын көздеген. Ұсынған бағдарлама арқылы оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік туады.

Сондықтан бұл құрал бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне жұмыс істеу үшін өте тиімді және маңызды.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға ұсынылады.


Рецензия жазған:

2013 жылы «---------» -------------------------

Түсінік хат

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш 4 - сыныбына арналған «Грамматика елінде» бағдарламасы. Бағдарлама мемлекеттік білім стандартының негізіне сүйене отырып жасалған.

Оқу жоспарында көрсеткендей бастауыш буында «Қазақ тілі» курсын оқытуға бөлінген уақыты ( 4 - сыныпта, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат) ескере отырып, дайындалған бағдарлама. Оқу материалдардың мазмұны маусымдық - тақырыптық принципке құралған. Бастауыш сынып қазақ тілі пәні бүгінгі талапқа сай «Қазақ тілі» курстарына қосымша білім беруге бағытталған.

Бағдарлама бастауыш сынып оқушылардың алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландырып, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін жəне олардың ақыл-ойын дамытады. Оқушылардың дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастырады; тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктерін қалыптастыру; алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгертеді, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастырады; тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамытады;оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіреді;ой - өрісін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту, оқытудың өмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсіл ретінде ұсынады.


Бағдарламаның мақсаты:

Сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін,оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Бағдарламаның міндеті:


  1. Оқушының қабілетті,қызығушылығын арттыратындай білім үрдісін ұйымдастыру;


  1. тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тəрбиелеу;


  1. ауызекі жəне жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;


  1. тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мəнерлеп оқу жəне сауатты, көркем жазу) қалыптастыру жəне дамыту;


  1. алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау жəне ажырату дағдыларын қалыптастыру;


  1. оқушының өзіндік іс-əрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар жылдам әрі жүйелі талдау дағдысына қалыптасады.

  • Грамматикалық тапсырмалардың мағанасына қарай дұрыс,әрі қатесіз орындауға үйренеді.

  • Оқушылардың сатылай кешенді талдау түрлерін талдауын өздері мұғалімнің көменгінсіз еркін талдай алатын болады.

  • Сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға дағдыланады

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамиды;

Оқушының дайындығының міндетті (минимум)

деңгейіне қойылатын талаптар

1) Дыбыс және дыбыс түрлері

2) тасымал

3) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, олардың тыныс белгілерін;

4) сөз тіркесін;

5) буын жəне дыбыс үндестігін;

6) сөз мағыналарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын;

7) күрделі сөздерді жəне оның түрлерін (біріккен сөз , қос сөз);

8) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен өзгешелігін, құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін;

9) сөз таптарын жəне түрлену жүйесін.

10) мəтіндегі тірек сөздерді табуды жəне олармен мəтін құрауды;

11) сөз таптарын ажырату, талдау жəне оларды топтастыру, өзара салыстыруды;

12) жіктеу есімдіктерін табуды жəне оларды септеуді;

13) мəтіннен қаратпа жəне қыстырма сөздерді табуды;

14) жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды;

15) өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды;

16) берілген мəтінге жоспар құруды;

17) қоршаған орта мен мақсатқа сəйкес орынды сөйлей білуді;

Тұлғалық нəтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы түсінігі болуы жəне оны құрметтеуінен;

  2. өз Отанына деген мақтаныш сезімінен;

  3. өз ана тілін білуі жəне құрметтеуінен, өз халқының жəне Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың салт-дəстүріне жəне басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

  4. өз елінің, туған өлкесінің табиғатын аялауға жəне қорғауға ұмтылуынан;

  5. үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілділігінен көрінеді.

Бағдарламаның күнтізбелік жоспары

/Аптасына - 1 сағат, барлығы 34 сағат /

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


1

1 тоқсан

Дыбыс және дыбыс түрлері

9 сағат

1


2

Тасымал

1


3

Буын түрлері

1


4

Буын үндестігі

1


5

Дыбыс үндестігі

1


6-7

Фонетикалық талдау

2


8-9

Дыбыстарға математикалық талдау

2





2 тоқсан

7 сағат


1

Сөйлем. Сөз тіркесі

1


2

Сөйлемнің дара жəне күрделі мүшелері

1


3

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

1


4

Жай сөйлем жəне құрмалас сөйлем; құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі;

1


5

Қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі.

1


6-7

Синтаксистік талдау

2



3 тоқсан

10сағат


1

Сөз жəне оның мағынасы

1


2

Мағынасы бір-біріне жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер

1


3

Күрделі сөздер

1


4

Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз

1


5

Морфологиялық талдау

1


6

Фонетикалық талдау

1


7

Сөз таптары Зат есім. Зат есімнің септелуі

1


8

Етістіктің жіктелуі Етістіктің шақтары

1


9

Дара және күрделі сын есім

1


10

Синтаксистік талдау

1



4 тоқсан

8 сағат


1

Дара және күрделі сан есім

1


2

Жіктеу есімдіктері

1


3

Үстеу. Мезгіл үстеу

1


4

Мекен үстеу. Сын-қимыл үстеуі

1


5

Синтаксистік талдау

1


6

Шылау

1


7

Одағай

1


8

Еліктеуіш сөздер

1




Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақ тілі оқулығы / Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова Алматыкітап баспасы 2011- 200 бет, суретті.

  1. Қазақ тілі дидактикалық материалдар / Ж.Қ. Балтабаева - Алматыкітап баспасы - 2011 - 56 бет, суретті

3. Қазақ тілі оқулығына түсіндірмелер / Әубәкірқызы қ Наурызбайқызы

Ә Кеңесбайқызы С, Мұхамбетқызы С - Алматы, Рауан, - 2011 - 48 бет.


  1. Қазақ тілі оқытудың тиімді әдістері /Ж.Б.Жеткізген - Алматыкітап баспасы -2011жыл/


  1. Қазақ тілі әдістемелік құрал /Ф.С.Лекерова, М.К.Солтангазина, Ж.К.Балтабаева-Алматыкітап баспасы -2011жыл/



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал