- Учителю
- Ф дыбысы мен әрпі (1сыныптар үшін)
Ф дыбысы мен әрпі (1сыныптар үшін)
Әліппе
Сабақтың тақырыбы Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.Сөйлем
ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу,ф дыбысы бар
сөздердің мағынасын түсіндіру,басқа дыбыстардың
айтылуымен салыстыру,дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын,тіл байлығын,сөйлеу
мәдениетін дамыту,сауатты,көркем жазу дағдыларын
жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа,дұрыс
оқуға,білімді,дарынды,озық ойлы болуға тәрбиелеу.
Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету
Әдіс тәсілі:Сатылай кешенді талдау,мәнерлеп оқу,түсіндіру,сұрақ жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ф әрпінің баспа,жазба түрі,сызбалар,суреттер.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру: а)Психологиялық дайындық
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.
-Жарайсыңдар,балалар,көңіл-күйіміз жақсы болса,көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Оқушылар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
-В дыбысы мен әрпі және «Вокзал»мәтінін оқып келу.
-В дыбысы қандай дыбыс?(оқушылар жауабы)
-«Вокзал»мәтінін тізбектей оқыту.
ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбысты таңбалап жазсақ не болады?
-Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
Ойын «Әріптер әлемі» Шарты: өткен әріптерді пысықтап олармен сөз,сөйлем ойлату.Тақтада бірнеше әріптер берілген ,осы әріптерді қатыстырып сөз,сөйлем
ойлаймыз. Х,ю,һ,в. Хат,ою,жиһаз,вокзал. Ағам хат жазды.Әжем ою ойды.Біз жиһаз алдық.Вокзал үлкен және әдемі.
ІҮ. Жаңа сабақ
-Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?
Қыста дем алып,жазда тынбайды,
Көкке атылып,жерге құлайды. (фонтан)
Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа. (футболшы)
-Фонтан,футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?
-Ф дыбысынан
-Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ф Бұл-дауыссыз дыбыс.Себебі созылып айтылмайды.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген
дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта
болады да тіске тимейді,иек сәл төмендейді,астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады.Тіл ауыз қуысында еркін жатып,дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
-Ф дыбысын хормен айту.
-Қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс
-Қандай текшемен белгігейміз?
-Көк дөңгелекшемен
Тақтамен жұмыс.(Суретпен жұмыс жүргізу)
-Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі.Оны оқулықтардан,газет журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.
-Мынау не?
-Фонарь (дыбыстық талдау жасау)
-Буынға бөлеміз,неше буын бар?фо-нарь
-Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен?
-Екі дауысты дыбыс бар.
-Суретке назар аударайық.Кімдерді көріп тұрсыңдар?
-Балаларды .Олар қандай ойын ойнап жүр?
-Футбол
-Футбол сөзін буынға бөлу. Фут-бол
-Неше буын бар?
-Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
-Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бағандағы сөздерді оқып,мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма- шаруашылық орталығы
Фирма-мекеме,жұмыс орындары
Фото-сурет
Факс- телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон-сөйлесу құралы
Телеграф-телефон соғу орталығы.
Футбол-доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби-адамның аты
Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында,ортасында,аяғында келеді,демек барлық буындарда айтылады.Ф орыс тілінен енген әріп,сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.
Футбол өлеңін оқып беру.
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ.
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап.
Сіздерге футбол ойыны ұнай ма?
-Оны қалай ойнаймыз?
-Екі топқа бөлініп
Футболды қай жерде ойнау керек?
-Арнайы футбол ойнайтын алаңда
-Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма?
-әл-Фараби өлеңін оқып бері,түсіндіру.
-әл-Фараби -ғұлама,данышпан,ғалым.
Бала болсаң талапты,
Біліп өскін Фарабты.
Әбу Насыр қаланың
Әлемге атын таратты.
Ү Оқулықпен жұмыс
4 топқа бағандағы сөздерді,футбол,әл-фараби өлеңдерін оқыту.
Сергіту сәті: Көбелек тұрды ертемен,
Күлімсіреп керілді,
1-шықпен бетін жуды,
2-шыр айналып бұрылды,
3-еңкейіп жерге жетті,
4-дегенде ұшып кетті.
ҮІ Дәптермен жұмыс: Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.
ҮІІ Шығармашылық тапсырма.
1 топ «Сөз ойла,тез ойла» (берілген әріптерден сөздер ойлау,жазу.)
2 топ«Адасқан буындар»(берілген буындардан сөздер құрау)
3 топ»«Қай әріпті жоғалттым?»(көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.)
4 топ «Кім шапшаң сөйлем құрайды?»(берілген суреттерге сөйлем құрау.)
ҮІІІ Сабақты қорыту
-Не үйрендік? Не білдік?
-Қандай дыбыспен,әріппен таныстыңдар?
-Ф дыбысы қандай дыбыс?
-Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.
-Оқушылар тақтада сандар қатары берілген ,сандарды тура санасаңдар құпия сөзді табасыңдар.
-Оқушыларбүгінгі сабаққа барлығыңызда өте жақсы қатыстыңдар.Сондықтан да жарайсыңдар дегім келеді.
ІХ Үйге тапсырма
-Бағандағы сөздерді оқу,«Футбол»,«әл-Фараби»өлеңдерін жаттау
Х Бағалау
-Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау