7


  • Учителю
  • Ана тілі 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: Боранда. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Ана тілі 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: Боранда. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Боранда. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

- өлеңді дауыстап, дұрыс, саналы, мәнерлеп окыту арқылы оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыра отырып, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту.

- Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекіліғі: сызба, сөзжұмбақ.

Сабақтын барысы:

I. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Мұғалім «Дыбыстар патшалығы» жайлы әңгімелейді.

- әлдекандай патшалықта емес, әлде кандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйі, міне, кандай әдемі (аузыңды көрсетші, аша ғой, кане). Үйдін төбесі бар (тіліңді тигізіп көр, өзіңнің үйіңнің төбесін ізде, таптың ба?).

Еден дегеніміз төменгі таңдай, есік - еріндер. Есік бекем болуы үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар (тістерін көрсетсін).

Бэрі жақсы болар ма еді, кайтер еді, бірақ үй ішіне бір айдаһар кіріп орнығып алды (тілдің ұшын кимылдатыңыз).

дыбыстар...Сөйтіп, ол өзінің зұлымдық істерін жасай бастады. Кейбір дыбыстарды ол емін-еркін өткізіп жіберді, міне былай, менен кейін кайталап айтып отырыңдар: [а], [ә], [о], [ы], [и]... Бұл дыбыстар еріннен, яғни есіктен еркін өтіп жатты және олардың киіп алған мынадай қызыл көйлектері бар еді (оқушыларға қызыл карточканы көрсетеді). Ал басқа дыбыстардың жолына айдаһар түрлі кедергілер тұрғызды немесе есікті жауып кояды' [м-м-м]. Ол [т] дыбысын төбеге итеріп, жасырып қояды. Айдаһар дыбыстарды біресе ысылдап шырылдауға [ш], пысқырынуға [ф], ысқыруға [с], қырылдауға [х] мәжбұр етеді. Біресе дыбысты кұйрығымен ұрады [р] (айтып көріңдерші, тіл діріл кағып тұр ма?). Бұл дыбыстар ауыздан емін-еркін шыға алмайды, Сондықтан да олар мынадай көк көйлек киіп алған (көк карточканы көрсету).

дауысты

дауыссыз


Дыбыс кедергіге ұшырап шығады

Дыбыс кедергіге ұшырамай еркін шығады.


«Көйлек кигізіп шығар» ойыны.

Мұғалім дыбысты атағанда, оқушылар соған сэйкес қызыл немесе көк жолақты көтереді.

II. Операционалдык-орындаушылық кезең.

17-жаттыгу:

- «Боранда» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп окуы.

- өлеңді оқушылардың оқуы.

- өлең мазмұнына байланысты сұрактар мен тапсырмалар:

  • Боран кай кезде болады?

  • Боранда адамдар калай киінеді?

  • Қайсар қалай киінген?

  • Қарамен жазылған сөздердегі дабыстардың кайсысы дауысты, кайсысы дауыссыз екенін айт.

4. Сөздік жұмысы:

Тымак - аң терісінен жасалған, суыкта киетін баскиім.

Саптама - қонышы ұзын етік.

18-жаттыгу, 19-жаттьігу.

«Ойлан, тап» ойыны.

Екі топқа бөлінген оқушылардың бірі дауысты дыбыстан басталатын, екіншісі дауыссыз дыбыстан басталатын сөз ойлап, содан кейін сөйлем кұрап жарысады.

III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Көп нүктенің орнына дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды қой.

Ба...ық, қ...лам, ...урет, қай...ћ, бишіл...р, ақ...у, мы...ық, алқ..., жұл...ыз.

Қалаған екі сөзге сөйлем құрап жаз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал