7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері

Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





</<font size="4">Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін жетілдіру. Шамалармен жұмыс жасаудың есептеу біліктіліктерін бекіту.

Күтілетін нәтиже: Ауызша және жазбаша түрде өз ойын анық әрі дәл жеткізе білу білігін дамыту. Математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте бойынша есептер, қима қағаздар.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, суретпен жұмыс, шығармашылық тапсырма, қима қағаздар арқылы есептер шығару.

Сабақтың барысы: I Психологиялық дайындық.

  1. Шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

Әдепті де, тәртіпті,

Жақсы оқушы болайық.

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Кәне, ортаға шығайық

Амандасып алайық.

  1. Топқа бөлу. Ертегілер арқылы топқа бөлу.

I топ. Су патшалығы.

II топ Жер асты патшалығы.

III топ Орман патшалығы.

Топ басшыларын сайлау.

  1. Өткен сабақты пысықтау.

I топ. Амалдарды орындау.

II топ. Салыстыру.

III топ. Кесте бойынша есептер шығару.

II Негізгі бөлім

  1. Жаңа сабақ

Балалар біз бүгінгі сабағымызда ертегілер еліне саяхат жасайтын боламыз. Баяғы бір заманда бейбіт патшалық өмір сүріпті. Ол патшалықтың патшасы өте адал, мейірімді болған. Патшаның ай десе аузы бар, күн десе көзі бар әдемі, ақылды, өте мейірімді қызы болады. Ол ақылды, сұлу ханшайымның аты - Лиза болады. Бір күні Лиза ханшайым серуенге шыққысы келеді, бірақ серуенге қандай аяқ киім киіп шығарын білмейді. Кәнекей, балалар, Лиза ханшайымның аяқ киім таңдауына көмектесейік.

1 есеп.Әрбір аяқ киімнің қорабын тап.

III Дәптермен жұмыс.

Лиза ханшайым серуендеп жүргенде қызметшілерінен адасып қалады. Ол қайда барарын білмейді. Ол адасып келе жатып бір сиқырлы есікке тап болады. Ол есікте мынадай тапсырмалар бар екен. Егер сол тапсырмаларды орындасақ есік ашылады.

2 есеп. Топтық жұмыс.

Жарайсыңдар, Лиза ханшайымға есікті ашуға көмектестіңдер.

Лиза ханшайым есікті ашып қараса алдында үлкен сарай тұр екен. Сарай өте үлкен. Ол сарайда бір патшалық өмір сүріпті. Патшалықты ақылды, мейірімді патша басқарыпты, патшаның көрікті, ақылды Альберт атты баласы болады. Ол ханзада өзіне лайықты ханшайым іздеуге кетіпті. Лиза ханшайымға патшалыққа кіруге 3 есепті шығару арқылы көмектесейік.

3 есеп.

I топ. 1 - ші кестені толтыру.

II топ. 2 - ші кестені толтыру.

III топ. 4 есеп. Ұзындықтарды салыстыру.

жарайсыңдар! Лиза ханшайым патшалыққа кіреді. Лизаны патшалықтағы адамдар аса құрметпент күтіп алады.

Сергіту сәті.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Барлық істі атқарған.

Мынау менің сол қолым,

Қолғанаты оң қолдың.

Мынау менің мектебім,

Білім нәрін үйреткен.

5 есеп. а)Шартты есеп.

3 жыл - 9 хандық

Патшалық - ? 14 кем

Барлығы - ?





Шешуі: 3 · 9 - 14 = 13

27 + 13 = 40

Жауабы: Ханзада ханшайым іздеп 40 патшалық пен хандықтарға барды. Ханзада өзіне лайықты ханшайым таба алмайды. Сөйтіп өз патшалығына оралады. Альберт ханзада өз патшалығынан Лизаны кездестіріп қалады. Ол Лизаны бір көргеннен ұнатып қалады. Лиза да Альберт ханзаданы ұнатады.

5 есеп.ә)

Көрпе - 4

Матрас - ? 6 - уы артық

Жастық - ?

Шешуі: 4 + 6 = 10 (10 + 4) · 2 = 28

Жауабы:Ханшайымның төсегіне 28 жастық салынды.

Лиза ханшайым патшалықтағы адамдармен тез тіл табысып кетеді. Альберт ханзада анасына Лизаны ұнатып қалғанын және оған үйленгісі келетінін айтады. Алайда Альберт ханзаданың анасы Патшайым Лизаның ханшайым екені анықтағысы келеді де, Лизаның төсегінің арасына асбұршақ салып қояды. Ол асбұршақтың кесірінен ұйықтай алмаса онда ол ханшайым болғаны,егер ол ханшайым болып шықса саған келісімімізді береміз, дейді - патшайым Альберт ханзадаға. Лиза ханшайым түні бойы ұйықтай алмайды. Келесі күні патшайым Лизаға барады. Лиза өте шаршаңқы екен. Патшайым одан

  • Неге шаршаңқы көрінесің? - деп сұрайды.

Өйткені, мен түнімен ұйықтай алмай шықтым, дейді Лиза патшайымға.

Патшайым Лизаның ханшайым екеніне көз жеткізеді. Сөйтіп патшайым мен патша Альберт ханзадаға Лизаға үйленуіне рұқсат береді. Патшайым мен патша баласының тойын ұлан асыр қылып өткізеді. Сол тойға неше килограмм алма, неше килограмм алмұрт, неше килограмм кәмпит кеткенін 6 есеп арқылы білейік.

6 есеп. Кесте бойынша жұмыс.

Өте жақсы жарайсыңдар сендер есептерді дұрыс шығарып ханшайым мен ханзадаға өз көмектеріңді тигіздіңдер.Сол көтеріңкі көңіл күймен ең соңғы есепті ауызша орындайық.

9 есеп. Толықтыр (ауызша).

Өте жақсы. Ханзада Лиза ханшайымды әке- шешесімен табыстырыпты.Бақытты ғұмыр кешіпті.

ΙV Шығармашылық жұмыс.

I топ.

Қалдықпен бөлу.

25 : 5 = 22 : 6 =

26: 6 = 27 : 7 =

II топ.

Егер тік төртбұрыштың ауданы 15 см2, ал ұзындығы 5 см болса, онда оның ені неше сантиметрге тең болады.

Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 4см ,ал ені 2см болса , оның ауданы неше см2 -ге тең болады.

III топ.

Спорт алаңында 14 ұл және 7қыз жаттығып жүр.Спорт алаңындағы ұлдар қыздарға қарағанда неше есе артық?

Бір жастықтың массасы 2 кг. Дәл осындай 5 жастықтың массасы неге тең.

V Кері байланыс.Ой қозғау. Сұрақ қою.Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?

VΙ Бағалау. Алтын және күміс теңге арқылы бағалаймын.

Егер тік төртбұрыштың ауданы 15 см2, ал ұзындығы 5 см болса, онда оның ені неше сантиметрге тең болады.

Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 4см ,ал ені 2см болса , оның ауданы неше см2 -ге тең болады.

Спорт алаңында 14 ұл және 7қыз жаттығып жүр.Спорт алаңындағы ұлдар қыздарға қарағанда неше есе артық?

Бір жастықтың массасы 2 кг. Дәл осындай 5 жастықтың массасы неге тең.

25 : 5 = 22 : 6 =

26: 6 = 27 : 7 =



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал