- Учителю
- Баяндама: Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы арқылы оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысын ұйымдастыру'
Баяндама: Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы арқылы оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысын ұйымдастыру'
Тақырыбы:Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы арқылы оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысын ұйымдастыру.
Жоспары:
1.Мақсаттылықтың ұйымдастырылу деңгейі.
2.Үй жұмысын өздігінен орындауға арналған нұсқаулар.
3.Бағалау және өзін-өзі бағалаудың шарттары.
Баланың жеке тұлға ретінде дамуы,өзіндік көз қарасының қалыптасуы,ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады.Әдетте мектептерде балаларда қызығушылық пен көтеріңкі көңіл-күй туғызатын, түрлі шығармашылық тапсырмаларға толы сабақтар кеңінен қолданылады.Әрине,алуан түрлі әдіс-тәсіл сабақтың тартымдылығын арттырып,оны қызықты да нәтижелі еткенімен,барлық сабақты жеке тұлғаға бағытталған сабақ деп санауға негіз болмайды.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз-бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретінде өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы,сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы-әр оқушының ерекше болмысын,тұлғалық қасиеттерін мойындау.
Психологияда барлық жағдайлардың ұйымдастырылуы оның нәтижесіне бағытталады.Жұмыстың мақсаты ол болашақтағы нәтиженің көрінісі болып саналады.Ол сызбалар,талқылау, қорытындылар түрінде болуы мүмкін.
Сабақтың мақсатын мұғалім емес,оқушының қоятынын айта кету қажет.Бұл мұғалімнің шебер ұйымдастыруы, тікелей мұғалімнің іскерлігіне байланысты.Әрбір оқушы нәтижеге жету жолдарын және мақсат қоя білулері қажет.
1.Мақсаттылықтың ұйымдастырылу деңгейі.
Деңгейдің атауы
Негізгі диагностикалық белгі
Қосымша белгі
1Мақсаттың болмауы
Негізгі талаптар бөлшектеніп айқындалды.Ол жұмыс барысында айқындалды.Тек болжамдарды талап -етеді,аралық мақсаттар айқындалмайды.Тез қызығушылығын,зейінін басқаға аударады.
Тапсырманы нашар түсінеді,аралық мақсатты бөліп ала алмайды.Үнемі мұғалімнің көмегін қажетсінеді.Не істеу керек,не істегені жайлы түсіндіре алмайды.
2.Практикалық тапсырманы қабылдау.
Практикалық тапсырмаларды ғана орындайды.Ал теориялық тапсырмаларды орындай алмайды.
Практикалық тапсырмада не істеу керектігін түсінеді.Ал теориялық тапсырмада мақсат қоя отырып орындай алмайды.
3.Білім алуға бағытталған жұмыстарды практикада іске асыру.
Білім алу тапсырмаларын түсінеді,бірақ орындау барысында шатасады.
Білім алуға арналған жағдайларды қуана шешеді,сұрақтарға жауап береді.Ал практикада білімін нашар пайдаланады.
4.Білім алуды қабылдау.
Орындау барысында білім алуды алға қояды.Тапсырмалар білім алуға нық бағытталған.
Жұмысты қызығушылықпен орындайды.Талаптарға нық сүйене отырып орындайды.Өзінің жұмысы және оның нәтижесі жайлы айтып түсіндіре алады.
Практикалық тапсырманың білім алуға икемдеуі.
Жаңа практикалық тапсырмаға кездессе оны алдыңғы тақырыптың орындалу шартына сәйкес салып орындайды.
Практикалық тапсырманың орындай алмауының себебін нақты шешім жолдарының жоқтығы деп түсіндіреді.
Білім алудың мақсатын өздігінен қою.
Өз бетінше мақсат қоя алады.Ол талаптар шегінен шығып кетуі мүмкін.
Болжамдар жасай алады.Нәтижеге жету жолын толық зерттейді.
Бұл сызба білім алуға нақты мақсат қою өздігінен жұмыс істеудің негізі болатынынын айқын көрсетеді.
2.Үй жұмысын өздігінен орындауға арналған нұсқаулар.
Өздігінен жұмысты орындай білуді ұйымдастыру өте қиын.Ол баланы өз бетінше орындап,қиындықтан шыға білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың өз еркімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда 2шартты ескеру керек.
1.Оқушының өзіндік жұмыс істеу қабілетін дамыту,қалыптастыру.
Өздігінен білім алуға үйрету.
2.Өздігінен шешім қабылдауға үйрету.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақтарда өздігінен жұмыс істеу көп уақытты қамтиды.Ол білім алудың негізгі әдісі болып саналады.Бұл жұмыстарды оқушылар өздігінен орындайды,бірақ мұғалім бағыттайды.Бұл жұмысты орындау ойлануды қажет етеді.Мұндай жақсы ұйымдастырылған тапсырмалар жүйелі орындағанда ғана нәтижеге жетеді.Өздігінен орындау бір нәтижеге бағытталған әр түрлі жүйелі тапсырмалар жиынтығы.
Барлық жүйе талап пен принциптерден құрылуы қажет:
-
Негізгі дидактикалық мәселені шеше алатындай,өздігінен білім алуын кеңейту,практикада қолдана білуге икемдену.
-
Дидактиканың негізгі принциптеріне сәйкес келеді.(бірізділік,қол жетімділік, практика мен теорияның байланысты болуы,жоғары деңгейде білім алу)
-
Жүйеге кіретін жұмыстар әр түрлі болуы керек.Ол әртүрлі жағдайлардан шыға білуді үйрету керек.
-
Сынып жұмысы мен үй жұмысын өздігінен орындау.Үй жұмысынын сыныпта алған біліммен туындауы.
-
Өздік жұмыстың 3түрі болады.Ол жұмыстар бірін -бірі толықтырады.(Жоспарлар ол тікелей жоспар болып табылады).Ол өздігінен білім алудың негізгі жоспары.Оқушылардың өздігінен орындау икемділіктері(шығармашылық деңгейге жету)Оқушылар мұғалім дайындаған жоспар сызбаға сүйене отырып өздігінен орындайды.
Әрбір тапсырмалар арасында байланыс бар.Бір мақсатқа жетуге бағытталған.
I деңгейдегі тапсырма
Ол стандартқа сай деңгей.Бұл деңгейде өздігінен білім алады.Ол көп қайталауды,негізгіні бөліп алуды,маңызына тоқталуды қажет етеді.Сондықтан қалай жаттау нені жаттау керектігі жайлы нұсқаулық беріледі.Мұндай тапсырманы әрбір оқушы күрделірек тапсырманы орындаудың алдында орындайды.
II деңгейдегі тапсырма
Ортақ білімді жағдайды шешу үшін қолдану,деңгейдегі орындаған тапсырманы дәлелдейтін тапсырмалар орындалады.Бұл деңгей материалды терең түсінуге жағдай жасайды.Ол ортақ түсінікті айқындайды.
III деңгейдегі тапсырма
Алған білмдерін шығармашылықта қолдануға мүмкіндік жасайды. Ол берілген жағдайда алған білім арқылы шешуге болатынын дәлелдейді. Бұл деңгей оқушының өзін көрсетуіне мүмкіндік туғызады.3 деңгейді орындаған үй жұмысын қиындықсыз орындауға машықтандырады.
Үй жұмысын орындауды ұйымдастыру ерекше дайындықты қажет етеді.Өйткені ол мұғалімнің дайындығынсыз өтеді.Ол барлық жағдайды талап ететіні сондықтан.
Жеке орындалатын жұмыстардың жоспары қиындықтарды жеңуге бағытталады.Бұл әдісте оқушының жеке қасиеттері есепке алынуы қажет.Олар:нашар қабылдау, баяу орындау, сөздік қордың дамуы.Үй жұмысы әр оқушының деңгейіне сәйкес беріледі.Бірақ та сол тапсырмаларды барлық оқушы орындайды,яғни тапсырмалар деңгейге байланысты құрылады.Көмекші әдістер беріледі.Бірақ көмектің де шегі болуы керек.Мұғалім тек бағыт береді.
3.Бағалау және өзін-өзі бағалаудың шарттары.
Жеке тұлғаға бағытталған оқытуда оқушы тапсырманы өз қабілетіне байланысты мүмкіндік беріледі.Оқушы өзінің қиындық тудыратын жерлерін анықтай алады.Сондықтан оқушы бағалауда өзін-өзі бағалауды айтып кеткен дұрыс.Бірден екі бағалау тәртібіне тоқталсақ.
Дәстүрлі оқыту әдісі
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы.
Жалпы бірдей нормаларға сүйене отырып ұйымдастырылады.
Үстіртін бағалауға тыйым салынады.Бақылауды мұғалім ұйымдастырады.
Мұғалімнің жұмысы айқын бағаланады.
Қорытынды баға бақылау тестке байланысты.Барлық өтілген сабақтар бойынша қамтылады.
Қорытынды баға алдыңғы бағаға сәйкес құрылады.
Әр түрлі бағалау тәсілдері қолданылады.Тесттер көп қолданылады.
Бес балдық жүйе қолданылады.
Мұғалім өздігінен бағалай білуге мүмкіндік береді.Өз жетістігін көре білуге үйренеді.
Дәстүрлі оқыту мен бағалау мына жағдайларды толық ұсынады.
-
Қорытынды жылдық баға.
-
Адменистрациялық тексерудегі бағалау.
-
Емтихандағы бағалар.
-
Үлгерушіліктің салыстырмалы бағасы.
Бұл тек баланың білім алуына бағытталады.Ал баланың жеке қасиеттері ашылмайды.Бұл әдісте баланың бүгіні мен ертеңі салыстырылады,яғни жетістігі немесе кемшілігі.
Қарастырылады:
-
Тематикалық бақылау.
-
Міндетті деңгейдің тексерілуі
-
Тапсырмалардың айқын анық болуы
-
Біріктіру арқылы бақылау(қорытынды баға =әр деңгейдің бағасына тең)
-
Жағымсыз бағаның болмауы
-
Жұмысты толықтыруға жағдай жасауы
-
Мұғалімнің көмек көрсетуі мүмкін
-
Әр балаға тексеру,бақылау парағы жүргізіледі.
Бағалау динамикасына мына өлшеуіштерді сақтау қажет.Біз 3көрсеткішті бөліп алдық:мотивация,өзіндік жұмыс істеу,өзін-өзі бағалау.
1.Бұл баланы өздігінен жұмыс істеуге машықтандырады.Ол баланың ішкі қабілетін ашады.
2.Бала алған білімін өмірде қолданады.
3.Өз жетістігіне баға береді.Ол баланың дамуына ықпал етеді.Өз жетістігі мен кемшіліктерін көруге жағдай жасалады.
Өзін-өзі бағалаудың негізгі мазмұны өзін-өзі қадағалауға,бағыттауға,өздігінен зерттеуге жағдай жасайды.
Өзін-өзі бағалаудың функциялары:
-
Өз-өзіне баға бере алады.Өтілген материалдан білетінін,білу керек жағдайларды анықтай алады.
-
Мен бұл жұмыста көп нәтижеге қол жеткіздім.Бірақ жетістігіме көңілім толмады.
-
Жұмыс орындау барысында қиындыққа ұшырамау үшін көп қайталау қажет.
Өзін-өзі бағалау оқушының тек жетістігін немесе кемшілігін айқындамайды.Алынған нәтиже арқылы өзінің жұмыс істеу жоспарын құруды үйренеді.
Педогокикалық үрдісте өзін-өзі бағалауды дәлелсіз енгізуге болмайды.Ол үшін көптеген шеберлікті және жүйелі жұмысты қажет етеді.
Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін негізгі бөлімдерін айқындай білу қажет.
Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауына байланысы болады.Соңғысы оқушының жетістігін айтып,баға беріп көмектесуіне байланысты қалыптастырады.Оқу үрдісінде оқушыға көмек беру,оның алған білімін қорытындылау есепке алынады.
Өзін-өзі бағалаудың үрдісі оқушының өзіне-өзі баға беруіне, мінездеме беруіне жағдай жасайды. Оқушының тапсырманы өздігінен орындай отырып ешкімге тәуелсіздік қасиеті дамиды.
Оқушыға бағалаудың негізгі қағидасы бағаны қоймас бұрын түсіндірілуі.Оқушыны бағалаудың талабымен таныстыру, оның тапсырманы тыңғылықты орындалуына ықпал етеді.Өзінің қабілетіне оң баға беруді үйретеді.Ол оқушыға мұғалімнің бағасын есіне түсіріп айтудың қажеттілігі болмайды.
Өзін-өзі бағалау оқушыда өзін-өзі әділетті бағалауға үйретеді деді-Д.Б.Эльконин.Оқушының оқу үрдісінде өзін-өзі бағалауға көшуі тез арада қалыптасуы мүмкін емес.Егер баланың өмірінде ұдайы үлкен адамдар шешім қабылдаса өзін-өзі қалыптастыру қиынға соғады.Бұндай нәтижеге жетуге мұғалімнің іскерлігі мен арнайы сызба нұсқаулары көмек көрсетеді.
Өзін-өзі бағалай білуді қалыптастырудың деңгейлері
Деңгейдің атауы
Негізгі диагностикалық белгі
Қосымша диагностикалық белгі
1.Бағалаудың болмауы
Мұғалім өтінсе де оқушы өз ісін бағалай алмайды,бағаламайды.
Мұғаліммен толық келіседі. Бағалауды талқылайды.
2.Тұрақсыз бағалау
Өзін-өзі бағаламайды, тек мұғалімнің бағасын қажет етеді.
Мұғалімнің сұрауы бойынша тырысады.Тапсырманың ішкі ерекшелігінен де,мазмұнына қарай шешеді.
3.Тұрақты бағалау.
Схема бойынша өзін бағалап,жетістіктерін анық,айқын айта алады.
Мұғаліммен келіспейді.Өзін бағалай алмайды.Өзгелердің бағасын айта алмайды.
4.Тұрақсыз диагностикалық баға
Келесі тапсырмаға көшу барысында өзінің күшін бағалауға тырысады. Алайда ол тек алған білімді ғана есепке алады.
Өзінің қабілетін қорқынышпен бағалайды.Жаңа тапсырманы орындауға сенімсіздік танытады.
5.Тұрақты бағалай білу
Жаңа тапсырманы орындауға кіріскенде мұғалімнің көмегімен өзін-өзі бағалай алады.
Мұғалімнің көмегімен өз қабілетін бағалап,орындай алатын және қиналатын тұстарын анықтайды.Тапсырманы сенімсіздікмен орындайды.
6.Тұрақты диагностикалық бағалау.
Жұмыс барысында өз күшін анық бағалайды.
Өз бетінше өз күшін жұмысты орындамас бұрын бағалай алады.
Оқушының қабілетін дұрыс қолдана білуді қалыптастыру оқушының өз бетінше қиындықты қабылдауына байланысты.
Сыныптың оқушыларының әр түрлі деңгейлерін есепке алу қажет.
Америка психологы Б.Блоум тапсырманы орындауда уақытты шектемей ұйымдастыруды зерттеді.
Ол мынадай категорияларды бөліп алды:
-
Қанша уақыт болмаса да мақсатқа жете алмайды.
-
Талаптылар(5 % -дай)
-
Оқушының орындау деңгейі уақытқа байланысты.(90% -дай)
Бұл зерттеудің қорытындысы оқушыларға білім беру барысында уақытты шектемесе оқушылардың 95% тапсырманы толық меңгереді.Ал тапсырма деңгейіндегі уақытты жалпыға орта болса,онда оқушылардың көбі тек ұстанымды ұстанады. Яғни,барлығы бұл сабақты дұрыс ұйымдастырылған жағдайда қабылдай алады.
Оқушының жеке қасиеттерін айқындау білім алу барысында ұйымдастырылады.Ал сабақ оны ұйымдастырудың басты формасы.Сабақ дұрыс ұйымдастырылса баланың қабілетін толық ашуға болады.
Жеке тұлғаға бағытталған технология оқушы мен оқытушының сеніміне негізделген.Осы себептен өзіндік шығармашылығын дамытуға жағдай туғызады.Осы жағдайда жеке тұлғаға бағытталған технологиямен жұмыс істейтін мектеп жетімтікке жететіні айқын.
Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебі
Баяндама
«Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы арқылы оқушылырдың сабақ үстіндегі жұмысын ұйымдастыру»
Дайындаған:Бастауыш сынып мұғалімі:
Қазанғапова Манар Шәкуқызы
2011-2012 оқу жылы