- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: «Кішкентай Арулар» сайысы
Сабақтың тақырыбы: «Кішкентай Арулар» сайысы
Хлебодаровка орта мектебі
Өткізген: Бегимова.К.Б
2013-2014оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Кішкентай Арулар » сайысы
Сабақтың мақсаты: Қыз балалардың ұлттық тұрғыда әдет-ғұрпы,салт-дәстүр арқылы ұяңдыққа,биязылыққа,инабаттылыққа,кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қабырға газет,нақыл сөздер,суреттер,эмблема
Сабақтың түрі: сайыс
I.Ұйымдастыру.
II.Кіріспе сөз. Мұғалімнің сөзі.
« Тәрбие -тал бесіктен» Сол тәрбие бесігінің бірі мына сіздер ата-аналар болса,екіншісі тәрбие бесігі -мектеп.Ендеше ғасырлар бойы қастерлеп келген ұлттық асыл қасиеттерді баланың бойына сіңіре тәрбиелеу біздің міндетіміз.Мектебімізде бір талай жұмыстар,өз нәтижесін беруде,соның бірі-бүгінгі «Кішкентай арулар » сайысы.Енді міне бүгінгі сайысымызды осы мектептің түлегі практикант студент менің шәкіртім Сексенбай Шынар Саматқызының ұйымдастыруымен дайындалған сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Әділ қазыларды таныстыру.
1.Арулармен таныстыру. (музыка ойналады.)
Енді кішкентай аруларымызды ортаға шақырамыз.
Бірінші қыз Джамилят білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Екінші қыз Айшагүл елгезек,
Алады тез тіліңді.
Үшінші қыз Әсем толғанай,
Айдай көркем болғаны ай
Төртінші қыз Аружан үлбіреген,
Қос жанары мөлдіреген.
Бесінші қыз Роза,
Бойға өнер жиған қыз.
Алтыншы қыз Жансая,
Өнері көп бойында.
Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазы алқасынан әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші.
Жеребе тастау.
Бірінші кезең: Арулар өздерін таныстырсын.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Екінші кезең: Өз өнерлерін көрсету.
Үшінші кезең: Ас мәзірі
Дастархан -ау дастарқан,
Берекелі дастарқан.
Мерекелі дастарқан-ау дей отырып кішкентай аруларымыздың ас мәзірін тамашалайық.
Төртінші кезең: Көркем өнер-жас бөбек,
Сүйкімді болар баптаса!
Қайсысы әнші кім биші?
Талабына қарайық,
Кімдер зерек,кім жылдам?
Таланттарын табайық.
Кішкентай аруларымыздың қол өнерлерін тамашалайық.
Бесінші кезең: Көркем сөз оқу. (ана тақырыбына байланысты)
Алтыншы кезең: Мақал-мәтелдер (ана және қыз тақырыбына)
Аруларға жеңістерді әпердім,
Сонда да шарттарды әкелдім.
Кезек келді енді сайыс кезеңі,
Сөз өнері мақалменен мәтелдің.
Қорытынды. Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздер бүгін кішкентай арулардың сайыстағы өнерлерін көріп,тамашаладыңыздар.Ендігі сөз әділ қазыларға беріледі.
Мұғалім: Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерінде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым-дей отырып бүгінгі кішкентай арулар сайысымыз осымен аяқталды.