7


  • Учителю
  • С. Шаухаманов «Ағаш ек» мәтіні

С. Шаухаманов «Ағаш ек» мәтіні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 2015 жылдың 28 наурыз күні 3 деңгей курсының тыңдаушысы Бастауыш сынып мұғаліміҚараманова Қиғашәдебиеттік оқу пәнінен жасаған қысқа мерзімді жоспары бойынша әріптестеріне сабақ өтті. Бұл сабаққа мұғалімдер және мектеп әкімшілігі қатысты.Сабақтың тақырыбы: С. Шаухаманов
предварительный просмотр материала

2015 жылдың 28 наурыз күні

3 деңгей курсының тыңдаушысы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қараманова Қиғаш

әдебиеттік оқу пәнінен жасаған қысқа мерзімді жоспары бойынша әріптестеріне сабақ өтті. Бұл сабаққа мұғалімдер және мектеп әкімшілігі қатысты.

Сабақтың тақырыбы: С. Шаухаманов «Ағаш ек» мәтіні

Сілтеме: Жоспары

Жалпы мақсаты:

1.С. Шаумахановтың өмірі мен «Ағаш ек» мәтіні туралы білу. 2. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» мақал-мәтелдің мағынасын түсіну.

3. Ағаштың пайдасын сипаттауды үйрену

Күтілетін нәтиже:

1. С. Шаумахановтың өмірі мен «Ағаш ек» мәтіні туралы біледі.

2. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» мақал-мәтелдің мағынасын түсінеді.

3. Ағаштың пайдасын сипаттауды үйренеді.

Негізгі идеялар: Ата-бабамыз аңызақ далаға көрік беріп, жолаушыға көлеңке болған жапан түздегі жалғыз ағаштың өзін киелі деп танып, оған балта шабуға тыйым салып, қастерлеген.

Тапсырмалар:

1. Ой шақыру (слайд шоу «Көктемгі көрініс»)

2. Топтық жұмыс (Мәтінді талқылау)

3. Жұптық жұмыс (Бес жолды өлең)

4. Жеке жұмыс (Ойлан, тап.)

5. Сөздер банкасы

6. Рефлексия ( 1 минуттық эссе)

Өтілу барысы:

  1. «Жүректен -жүрекке» жылы лебіздер айтып,мұғалімдер бір-біріне жүрекшені ұсынды.

  2. Топтарға ағаш атаулары бойынша бірігіп 3 топ болды.

Қайыңдар-1 топ

Терек-2 топ

Шырша-3 топ


  1. Ой шақыру (слайд шоу «Көктемгі көрініс»)

1- сұрақ: Осы қай жыл мезгілі? (Көктем)

2- сұрақ: Көктемнің белгілері қандай? ( құстың сайрауы, жасыл шөп, ағаштың бүршік жаруы т.б.)

3 - сұрақ: Сіздер көктемгі қандай еңбек түрлерін білесіздер? ( жер жырту, егін егу, мал бағу, ағаш отырғызу)

4 - сұрақ: Ал, ағаш туралы не білесіздер?

Мұғалімдердің жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.

- Ендеше, бүгін Сейілбек Шаумахановтың «Ағаш ек» мәтінімен танысамыз.

(Интертақтадан суреті көрсетіліп, таныстырылды)

С. Шаумаханов 1939 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған аудан, Өзгент ауылында дүниеге келген. Ол - қоғам қайраткері, еңбек ардагері. Мұғалімдер ортасынан ол кісінің еңбек жолы туралы құнды мәліметтер айтылды.

Табыс критерийлерін ұсынылды. (1 мин)

1. С. Шаумахановтың өмірі мен «Ағаш ек» мәтіні туралы білемін..

2. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіре аламын.

3. Ағаштың пайдасын сипаттай аламын

Негізгі бөлім.

1. Топтық жұмыс (мәтінді талқылау) (12 мин)

Топтарда мәтін оқылып, жеке, жұпта, топта оқып талқыланады.

1 топқа - Мәтінді Ататүрік сөзімен байланыстырып әңгімелеу

2 топқа - Ағаштың қасиеті мен пайдасы туралы айту

3 топқа - Мәтіннен Ғұлама адамның сөзін тауып оқып, түсіндіру

Баяндамашылар топ жұмыстарын қорғады. (4 мин)

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалау жүзеге асырылды. (3 мин)

Әр топтың бақылаушысы бағалау парағын таныстырды. ( 3 мин)

Сейдуллаева Сара «Терек» тобына 2 жұлдыз ,1 ұсыныс бағалауын ұсынуда.

Жұматаева Ақжарқын Қайың» тобына 2 жұлдыз,1 ұсыныс берді.


2. Сергіту сәті (2 мин)

3. Жұптық жұмыс « Бес жолды өлең» (3 мин)

1. Зат есім

2. 2 етістік

3. 3 сын есім

4. Түйін сөз ( сөйлем)

5. Синоним

4.Жеке жұмыс. Ойлан, тап. (4мин)

Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі ағашы 20 болса, онда жөке ағашы нешеу?

Жауабы: 38 жөке ағашы

Тақтадан дайын үлгі арқылы өзін-өзі бағалады.

IY. Қорытынды бөлім. (3 мин)

1. Сөздер банкасы

Сөздер тізбесі тақырыпқа қатысы бар сөздер

Жасыл желек, ит, құмды көшуден сақтайды, ара,тас, егістікті желден қорғайды, шаңнан қорғайды, алтын, жиһаз, суықтан сақтайды, күміс, құрылыс материалы, өлең, бесік, отын, асық, топырақтың тұздануынан сақтайды, көмір қышқылын жұтады, оттегін бөледі, темір, жапырақ, ыза судың деңгейін төмендетеді, орман



Жасыл желек, құмды көшуден сақтайды, егістікті желден қорғайды, шаңнан қорғайды, жиһаз, суықтан сақтайды, құрылыс материалы, бесік, отын, топырақтың тұздануынан сақтайды, көмір қышқылын жұтады, оттегін бөледі, жапырақ, ыза судың деңгейін төмендетеді, орман





V. Рефлексия

1 минуттық эссе ( 1 мин)

Маған ... түсінікті болды

Маған ... қиын болды

Маған ... ұнады

Маған ... оңай болды.


Мұғалімдер 1 минуттық эссе арқылы бүгінгі сабаққа бағаларын берді.


Сабақты қорытындылап,Қараманова Қиғашқа ұстаздар және мектеп әкімшілігі шығып сөз сөйледі.

Мектеп директорының орынбасары: Қонысов Б.А.

  • Қараманова Қиғаш өзінің жаңа іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімді оқушы орнына қойып,сабақ көрсетті. Әрине,бұл жақсы өзгеріс . Мен барлық ұстаздар қауыма айтарым іздену керек. Қазіргі мектеп оқушыларының ойы дамыған. Сол оқушыларымызды дамытып,осындай топтық жұмыстар арқылы,қызықты ойындар арқылы сабақтар жиі өтіп тұратын болса,онда біздің мектебіміз алдыңғы қатарды мектептердің санатында болады деген ойдамын. Қиғашқа әрқашан сәттілік! Тесттен 100% көрсеткіш алып,мектебіміздің намысын қорға деп ағалық тілегімді білдіремін.

Бастауыш сынып мұғалімі: Жұматаева Ақжарқын

  • Қиғаш ерлік жасады. Мұғалімдерді 4 сынып оқушыларының орнына қойып сабақ берді. Әрине, бас жағында қобалжыды. Дегенмен жұмыс түрлерін жүргізе бастағанда барлық қобалжуды ұмытып, әдіс-тәсілдердің жүру барысын әр топқа келіп түсіндіріп бағыт-бағдар берді. Қиғаш бұл кезде деңгейлеп оқытудың 3 деңгейінің тыңдаушысы. Алда үлкен жұмыстары күтіп тұр. Сол тапсырмалардан сүрінбей өтіп,сертифмкатын алуына тілектеспін.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал