- Учителю
- 'ХХІ ғасыр көшбасшысы' 4 сынып
'ХХІ ғасыр көшбасшысы' 4 сынып
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.
Сайыстың міндеті:
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынуын қолдау, көшбасшылық қабілетін дамыту
Барысы:
І . Ұйымдастыру бөлімі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
« Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет » деп Шоқан Уәлиханов, ал Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі » деп айтып кеткендей , еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Ал сол білімді жастарды болашақта сіздер құрайтын боласыздар. Осы мақсатпен 4 - сыныптар « ХХІ ғасыр көшбасшысы » интеллектуалдық ойынын өткізгелі отырмыз.
Сайысқа қатысушылар: 4 - сынып оқушылары
(Әділ-қазы алқасын сайлап алу)
Сайыстың кезеңдері:
1 кезең-«Бәйге»
2 кезең- «Дода»
3 кезең- «Полиглот» ойыны
4 кезең- «Жорға»
Жүргізуші:
Мына ғасыр білімдінің ғасыры,
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел болса,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Білімдіні анықтайтын сайыста,
Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы - дей келе, өз-өзіне сенімді, бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын, болашақта әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын 4 - сынып оқушыларымен таныс болайық.
4 «А» сынып оқушылары: Бердікеева Әнел , Токмурзин Жәнібек
4 «Ә» сынып оқушылары:Болат Нұрбек, Бақытқазықызы Алия
4 «Б» сынып оқушылары: Нұрдаш Диана, Сағынғалиева Аружан
4 «Г» сынып оқушылары:Нұрғазы Хантөре,Биғазы Алихан
4 «Ғ» сынып оқушылары:Қали Әди, Дәрменұлы Нұржан
4 «М» сынып оқушылары:Салимова Айжан, Абдрахова Айгерім
-
Олай болса сайысымызды бастайық!
І Тур: «Бәйге»
-
«Ұшқан ұя» әңгімесінің авторы кім (Б.Момышұлы)
-
Жер ғаламшары қашан пайда болған?( осыдан 5 миллиард жыл бұрын)
-
Тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
-
Көркеуде - оқымаған,надан адам
Домбығу - қызарып ісіну
-
Сағаттың 1\6 бөлігі? (10 мин, 60:6=10)
-
Құрмалас сөйлемге айналдыр: Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жауды.(Аспанды бұлт торлады да, жаңбыр жауды.)
-
Әлемнің жеті кереметіне нелер жатады? (Аспалы бақ, Фаростық мұнара шам, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Радос алыбы, Мысыр пирамидасы және свинкс, Эфестегі Артемида ғибадатханасы)
-
«Су мен Балық» мысалының авторы? (Шона Смаханұлы)
-
Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
-
Шаршы пішінді сөренің ауданы 64м². Периметрін тап? (S=a*a,Р=32см)
-
Карта дегеніміз не? (жер бетінің кішірейтіліп берілген кескіні)
-
Теңге қай жылы айналымға енді? (1993ж 15 қараша)
-
Қос сөздер дегеніміз, түрлерін ата?(қайталама, қосарлама, күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөз)
-
Биылғы қысқы олимпиада қай қалада өткелі жатыр? (Сочи - Россия қ.)
-
Ертай, Ерден, Жантай қай әңгіменің басты кейіпкерлері? («Нағыз малшы» Д.Қасенов)
-
Биыл Тәуелсіздікке қанша жыл?(24 жыл)
-
Фигураның көлемін тап. 6см, 2см, 11см(132 см³)
-
Президент күні? (1 желтоқсан)
-
Жер бетінің өте биік жерлерін не деп атайды (тау )
-
Бірыңғай мүше дегеніміз? (бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді айтамыз)
-
12 сәуір, 8 наурыз , 30 тамыз қандай күндер? (Ғарышкерлер, Халықаралық әйелдер күні, Конституция күні)
-
«Сыбызғышы» ертегісінің басты кейіпкері кім? (Асан)
-
Желтоқсан құрбандарын ата? (Л. Асанова, Қ. Рұсқұлбеков, С.Мұхаметжанова)
-
Жердің бетінен кен қазу мақсатында қазылатын үлкен шұңқыр ( Карьер)
-
План дегеніміз? (жер бетіндегі заттарды төбесінен қарағандай етіп бейнелейтін сызба)
-
Күзгі күн мен түннің теңелуі? (23 қыркүйек)
-
Биіктік белдеулік дегеніміз? (таудың етегінен басына дейін топырақтың, өсімдіктер және жануарлар әлемінің ауысу заңдылығы)
-
Теңеу дегеніміз? (Шығармада бір нәрсені белгілі басқа затқа балап, ұқсатып көрсету мақсатында бейнелі сөз)
-
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-45 ж.ж)
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІІ тур «ДОДА»
1 ұяшық.
-
Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз, мысал келтір?
-
360:40, 325:65 (9; 5)
-
Жеті байлықты ата (1-ші байлық - денсаулық
2-ші байлық - еркіндік
3-ші байлық - тіл байлық
4-ші байлық - қайрат күш
5-ші байлық - ақ жаулық
6-ші байлық - балаңыз
7-ші байлық - жүз саулық)
-
Жердің диаметрі ? (12740 км)
-
Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (Барлық айда)
2 - ұяшық
-
Жатыс септігінің сұрақтары мен жалғаулары? (кімде? неде? қайда?)
-
: 54= 9 (1 қалд.) (487)
-
«Шаңырақ» кімнің өлеңі? (Ф. Оңғарсынова)
-
Ауа райының өзгеруін бақылап, болжам жасайтын кім? (метеоролог ғалымдар)
-
Автобустан түсу үшін не істеу керек? (Автобусқа міну керек)
3 - ұяшық
-
Арман сыртқа шықса, далада қар жауып қалыпты. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемге айналдыр? (Арман сыртқа шықты. Далада қар жауып қалыпты)
-
90°-қа тең, 90°-тан кем, 90°-тан асады қандай бұрыштар? (Тік, сүйір, доғал)
-
Ақ күріштің атасы? (Ыбырай Жақаев)
-
Тянь - Шань таулары оңт. пен оңт. - шығыста қанша км жерге созылып жатыр? (2450 км)
-
Жүгіру жарысынан Әсет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат 2-ші орын алмаса, ал Талғат 3-ші орын алмаса, кім қандай орын алды? (Марат - 1, Талғат-2, Әсет - 3)
4 - ұяшық
-
«Шие» сөзін септе (Шие, шиенің, шиеге, шиені, шиеде, шиеден, шиемен )
-
Асан 15км/сағ жылдамдықпен 3 сағ. жүрді, арақашықтығы қандай? (S=45км)
-
Бір шешімге келгендей. - Жіберейік, аға! - деді
Мен үнсіз бас изедім.
Қай шығармадан үзінді? («Қармаққа түскен шағала» М. Тоқашбаев)
-
Тыңайтқыш алынатын шөгінді тау жынысы (фосфорит)
-
Отыз деген саннан және "Я" әрпінен тұратын есімді табыңыз? (Зоя)
5 - ұяшық
-
Қосарлама қос сөздер дегеніміз? (екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөз)
-
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте? (15га=□м², 590м=□мм, 45000жыл=□ғасыр (150 000га, 590 000мм, 450ғасыр)
-
Кейіпкер дегеніміз? (шығармадағы көркем бейнені айтамыз)
-
Сарыағаш шипажайы қайда орналасқан (Шымкент)
-
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жоғары)
6 - ұяшық
-
Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстырып тұратын қосымшалар не деп аталады?(септік жалғау)
-
Велосипедші 15км/сағ жылдамдықпен жүреді. Ол 5 сағатта қанша жол жүріп өтеді?(S=75 км)
-
Міз бақпайды - орнынан қозғалмайды
Тізгін - атты жетелеу үшін ауыздығына байлаған қайыс.
-
Иілгіш, биік өсімдік. Оның сабағы құрылыста жылуды жақсы ұстайтын материал ретінде пайдаланылады. Бұл? (құрақ)
-
Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (Егер оны мұз етіп қатырса)
7 - ұяшық
-
Олар қатал табиғатқа бейімделген. Септік жалғауында тұрған сөзді тап және қай септікте тұрғанын айт?(табиғатқа - барыс септік)
-
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 4дм, ал ені 30 см. Ауданы мен периметрін тап? (S=1200 кв.см, Р=140 см)
-
Шытыну, ошарыла қарау, мойынсыну деген сөздердің мағынасы? (қабақ түю, ренжу, бұрылып қарау, мойындау)
-
Бір - бірімен жалғасып жатқан төбелерді не деп атаймыз? (қырат )
-
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)
8 - ұяшық
-
«Жұлдыз» сөзін септе
-
6900 : Х = 92 : 4 Х-тің мәнін тап? (Х=300)
-
Асық жатыстарын ата? (алшы, тәйке, бүге, шіге)
-
Ауаның белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы жай күйі не деп аталады? (Ауа райы)
-
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады?(Үсті су болып)
9 - ұяшық
-
«Биші» сөзін жікте (Мен бишімін, сен бишісің, сіз бишісіз, ол биші)
-
9³, 5³, 8³ есепте?(729, 125, 512)
-
Қасиетті бабалардың қара шаңырағы атанған қала? (Түркістан)
-
Қарағанды көмір бассейнін ашқан кім? (Аппақ Байжанов)
-
Жеген сайын жылататын нәрсе?(таяқ)
10 - ұяшық
-
Темір-терсек, жора-жолдас, үйрек-қаз қандай сөздер? (қосарлама қос сөздер)
-
Матаның 3\8 бөлігі 120 метр болса, тұтас мата қанша метр?(320метр)
-
Қ.Мырза Әли «Қысылу» деген өлеңі арқылы сендерге не айтқысы келді? (Тазалақ туралы)
-
Мемлекеттің басты заңдық құжаты ?(Конституция)
-
Аңшы қыста орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны? (Сауысқан қарға құлаған)
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІІІ тур «ПОЛИГЛОТ» ойыны
АКС
-
Жылдың қай мезгілі?
-
Аптаның қандай күні?
-
Қандай түсті ұнатасың?
-
Досыңның қай жері ұнайды?
-
Туған жерің қандай?
ҚЖА
-
Нешінші сыныпта оқисың?
-
Көңіл күйің қалай?
-
Қандай кітапты оқығанды ұнатасың?
-
Ауа-райы қандай?
-
Қар жауып тұр ма?
СМТ
-
Сағат неше?
-
Қалың қалай?
-
Сүйікті жануарың?
-
Дала қандай?
-
Өзіңді қандай оқушымын деп есептейсің?
ЖБО
-
Дала қандай
-
Сүйікті жемісің?
-
Арман қандай оқушы?
-
Киіміңнің түсі қандай?
-
Нешінші?
БАД
-
Кім болғың келеді?
-
Бір зат есімді ата?
-
Бүгін нешесі?
-
Сыныбың қандай?
-
Қай спорт түрімен айналысасың?
Б Р Ә
-
Досың қандай?
-
Қандай гүл ұнайды?
-
Алма қай жерде өседі?
-
Қай спорт түрін ұнатасыз?
-
Қай пән ұнайды?
( Ұпайлары аз 3 оқушы шығарылады)
ІV тур «ЖОРҒА»
Салт - дәстүр
10 - Ұлттық ойындарды ата? (Асық, қыз қуу, алтыбақан, ақсүйек т.б)
20 - Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, берен мылтық, сұлу әйел, ер жігіт, ақыл-білім, қыран бүркіт, жүйрік тазы).
30 - Енші дегеніміз? (Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шыға-рады.)
40 - Бүлдіршіннің тілі жеке -жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде,шығуы үшін дәстүрлі қандай тойжасайды?
50 - Бесік жабдықтарын ата? (жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолдау, тартпабау)
Өнер және спорт
10 - Адам бойынан қандай өнерлер табылады?
20 - Мына спортшылар кім және қандай спорт түрімен айналысады?
30 - Бейне сұрақ. Бұл кім? (қазақтың бұлбұлы Б.Төлегенова)
40 - Бұл қандай спорт түрі? (Бәйге)
50 - Мына өнер ғимараты туралы не білесің? (М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры)
Тұлғалар
10 - Бұл кім?
20 - 1 ғасырға жуық өмір сүрген ақын, жыршы?
30 - Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі кім? ( Әбілхан Қастеев )
40 - 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, кейін Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Кім туралы? (Ахмет Байтұрсынов)
50 - Бұл кім? (Сәкен Сейфуллин)
Еркін тақырып
10 - Мақалды жалғастыр: «Өзге елде сұлтан болғанша, ......» (Өз еліңде ұлтан бол)
20 - Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
30 - Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл)
40 - «Алтын адам» қай тайпадан шыққан жауынгер? (сақ)
50 - Үш түбірдің бірігуінен жасалған қала аты? (Екібастұз)
Қорытынды