- Учителю
- Адамдардың күзгі еңбегі (дүниетану 1-сынып)
Адамдардың күзгі еңбегі (дүниетану 1-сынып)
Бекітемін: Мулдагалиева С.Х.
Пәні: Дүниетану
Күні: 15.12.2015.
Сабақтың тақырыбы: Адамдардың күзгі еңбегі
Сабақтың мақсаты:
-
Адамдардың күзгі еңбегі туралы мағлұмат беру
-
Адам, қоғам, табиғат арасындағы байланысты және қоршаған орта туралы ұғымдарды дамыту.
-
Оқушылардың еңбекке және табиғатқа қамқорлық пен қарау көзқарасына тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл. Сұрақ - жауап, әңгімелесу, талдау.
Көрнекілік: күзгі адамдардың еңбегі туралы суреттер, әр түрлі сабаққа байланысты плакаттар т.б.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру
-
Психологиялық дайындық
Алақай - ау алақай!
Алақай - ау алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай!
Осыдан да көлемді,
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепке
Оқушымын мен енді. - Жарайсыңдар.
-
Балалар, сабаққа қай мезгілде келеміз?
-
Күз.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Өтілген тақырыптарға шолу
Симантикалық карта
Тірі табиғат
Өлі табиғат
Күн
+
Тау
+
Адам
+
Тас
+
Саз
+
Жануар
+
Құм
+
Өсімдік
+
Су
+
Ауа
+
Құс
+
-
Өлі табиғатқа нелер жатады? - Күн, ауа, су, тау, құм, тас, саз
-
Өлі табиғат заттар несімен ерекшеленеді? - Өлі табиғат заттары қоректенбейді, өспейді, көбеймейді.
-
Тірі табиғатқа нелер жатады? - Тірі табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, адамдар, құстар жатады.
-
Тірі табиғатқа жататындар тіршілік жасай ма? - Олар көбейеді, өседі, тіршілігін тоқтатады.
-
Тірі табиғат өлі табиғатсыз тіршілік ете ала ма? - Тіршілік ете алмайды.
-
Жеміс - жидектердің, көкөністердің суреттерін көрсетіп, бұлардың атауларын сұрау
-
Бақта нелер өседі? - Жемістер мен жидектер.
-
Бақшада нелер өседі? - Көкіністер
-
Балалар, жеміс - жидектерді, көкөністерді қай уақытта егеді? - Көктемде
-
Қай мезгілде күтіп баптайды? - Жазда
-
Қашан жинайды? - Күзде
-
Қыс, Көктем, Жаз, Күз бұлар нелер? - Жыл мелгілдері
-
Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін атап берейікші
-
Қыста қар жауады, күн аяз болады, адамдар қалың киінеді.....
-
Көктемде қар ериді, адамдар жеңіл киінеді, құстар оралады, ағаштар бүршік атады......
-
Жазда күн жылы, адамдар суға түседі, демалады......
-
Күзде күн суытып жиі жаңбыр жауады, ағаштар жапырақтарынан айырылады, жапырақтар сары түске боялады.
-
Жаңа сабақты хабарлау.
-
Бұл суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Күз
-
Күз мезгіліндегі ауа райын бақылау белгілерін айтайық (шартты белгілер көрсетіліп, оларды атау)
-
Балалар, ата - бабаларымыз ауа райын бақылаған кезде жан-жануарларды, құстарды қарап - ақ біліп отырған.
ҚОЙ
- қысты күні қорадан ерте өргізерде шықпай шегіншектеп, маңырап, шулай берсе, ауа райы бұзылады;
- қыс басында қора қабырғасын жиектеп шашырай жатса, қыс қаһарсыз жұмсақ болар;
- тұяғымен төсін жиі қасыса, сойғанда қарын түгі қалың болса, қыста қар қалың болар;
- жүні қобырап, дымқыл тартса, жиі-жиі пысқырынса, лақ, қозы секендеп ойнақтаса, сақа қойлар құлағын қаққыласа, жаңбыр жауар;
ЖАЛПЫ ҚҰСТАР
- көңілдене сайраса - келер күн ашық;
- жыл құстары топ-тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
- жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
-
Күзде ағаштар несімен айырылады? - Жапырағынан
-
Әрине ағаштардың бәрі жалаңаштанып жапырағынан айырылады.
-
Олар қандай түске боялады? Қызғыш, сары түске енеді.
-
Осы жапырақтарды жабайы аңдар не істейді? Астарына төсейді.
-
Күзде құстар қайда кетеді? Жылы жаққа.
-
Жылы жаққа кеткен құстарды не дейміз? «Жыл құстары» дейміз.
-
Күз туралы тағы не білеміз? - Күн суытады, жылы киім киеді.
-
Күзде адамдардың еңбегі туралы не білеміз? - Астық жинайды, бақшаны жинайды.
-
Малға дайындық қалай жасайды? - Қораларын жөндейді, жылы қораға кіргізеді.
-
Сергіту сәті
Кіріспе сөзі: Күзде көптеген жұмыстар жүргізіледі соған тоқталайық.
- Адамдар не істейді?
- Қысқа дайындық жасайды
- Отбасында саяжайларда жеміс пен жидектерді қайнатады және тұздайды
- Мал қораларын жөндейді, азық сақтайтын қоймаларын, шөбін дайындайды, картоп, сәбіз, пияздарын салады.
6. Кітаптан мәтінді оқып беру, талдау.
7. Кітаптағы суретпен жұмыс.
«Қыстың қамын жазда ойла». Өздеріне оқытып, мағынасын ашу.
-
Жаз бойы бос жүрме еңбектену керек, еңбегіңнің жемісін қыста қиналмай жеп, рахатқа батасың. Жалқау болмау керек.
-
Әбу Сарсеновтың өлеңін бір оқушыға оқыту талдау
8. Дәптермен жұмыс - Күзге байланысты бір нәрсенің суретін салу
9. Қорытынды:
-
Көкөністер мен жемістерді бақ пен бақшаға орналастыру арқылы тапсырманы орындату.
-
Балалар, орнымыздан тұрайық, мына өлеңді хормен айтайық.
Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл.
Қауіп қатер төнсе оған,
Қамқорға алып сүйе біл.
10. Үйге тапсырма
-
Мәтінді оқу, түсінігін айту
-
Әбу Сарсеновтың өлеңін жаттау
-
Берілген суретті аяқтау
-
Мадақтау