7


  • Учителю
  • Айдос Нұрбек Ардақұлы Құмырсқалар сөйлей ала ма? Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы

Айдос Нұрбек Ардақұлы Құмырсқалар сөйлей ала ма? Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия













Тақырыбы:



«Құмырсқалар сөйлей алады ма ?»



Секция: экология























Орындаған: Айдос Нұрбек Ардақұлы

Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы

№39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы



Жетекшісі: Нухридинова Жумакуль Диханбаевна

Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы

№39 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі











Қарағанды - 2016 жыл





Мазмұны





Кіріспе ................. .... .......... .......... ................... ........... .......... ....... ..... ..... ...... 4

Зерттеу тақырыбының өзектілігі............................................................................6

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері...................................................................... 6

Зерттеу нысаны........................................................................................................6



Негізгі бөлім

Зерттеу әдістері........................................................................................................5

Зерттеудің нәтижелері.............................................................................................5

Қорытынды............................................................................................................ 11

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................... 12

Қосымша .............................................................................................................. 13









































































Аннотация





Жұмыста «Құмырсқалар сөйлей ала ма? » деген тақырыптағы зерттеу нәтижелері ұсынылған.

Жоба мазмұнының өзектілігі - мен құмырсқалар туралы білу үшін жас экологтар үйірмесіне қатысып жүрмін. Қызыққан себебім, ана тілі сабағынан Құмырсқаның қанағаты атты ертегіні өткенен бастап тамаша әсер алдым. Сондықтан құмырсқалар туралы деректерді іздеп, зерттеп, оқып, оның түрлерін ,құрылысын мекен ететін ортасын білуді дұрыс деп таптым.

Зерттеудің мақсаты: Кейінгі кезде ғалымдар құмырсқаның сөйлейтіндігі жайлы зерделеу, құмырсқаның илеуінің құлысы адам денсаулығына да пайдасы қандай екенін зерттеп білу.

Зерттеудің міндеттері: құмырсқалар туралы қызықты мәліметтерді меңгеру, талдау.













































Кіріспе





Құмырсқалар жайлы қызықты аңыз-әңгімелерді оқығанан бастап, осы аспаптың шығу тарихы туралы білуге асықтым. Барлық дерек көздерінен құмырсқа туралы оқып, білдім. Әсіресе құмырсқалардың тіршілігі мен тағдыры адам баласы үшін қызықты. Өзіміздің әдебиеттік оқу христаматиясындағы Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқалардың сөйлескендігі жайлы аңыздың өзі бір төбе. Әлем әдебиетінде белгілі француз жазушысы Бернард Вербердің «Құмырсқалар», «Құмырсқа күні» және «Құмырсқалар революциясы» кітаптары әлем оқырмандарының үлкен қызығушылығын тудырғаны белгілі. Француз әдебиетінің кейбір сын-ескертпелеріне қарамастан, аталған үш кітап рекордтық көрсеткішпен он миллион таралыммен Еуропа және Солтүстік Америка елдеріне тарады. Құмырсқалар өркениетін баяндаған бұл шығарма әлем оқырмандарын тамсандырды. Мұзафар Әлімбаевтың «Құмырсқалар» дейтін өлеңі, Мұхтар Мағауиннің «Құмырсқа қырғыны» шығармасы мен Есенғали Раушановтың «Құмырсқамен дипломатия» өлеңі қазақ әдебиетінің үлкен мазмұны болып есептеледі. Құмырсқалар тақырыбы - әлемдегі ең үлкен тақырып. Құмырсқалардың құпиясы мен қасиеті жылдан жылға ашылып, артықшылығы зерттеле береді деп ойлаймын

Зерттеудің мақсаты: Кейінгі кезде ғалымдар құмырсқаның сөйлейтіндігі жайлы зерделеу және құмырсқаның адам денсаулығына да пайдасы қандай екенін зерттеп білу.

Зерттеудің міндеттері: Құмырсқа туралы аңыз әңгімелерді мәліметтерді меңгеру, талдау.

Зерттеудің нысаны: құмырсқа құрлысы, ортасы ,илеуі ,пайдасы ,қасиеті







































Негізгі бөлім



Зерттеу әдістері: Мақсаты мен міндеттеріне байланысты зерттеу әдістерін таңдадым. Бұлар:

  1. Әдебиеттерді талдау. «Құмырсқалар » туралы мағлұматтарды жинап, бастысын анықтау.

  2. Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік екенін талдау.

  3. Құмырсқа - көпшіл жәндік

  4. Құмырсқалар сөйлей ала ма оның қасиеті

  5. Жалпылау.







































































Зерттеудің нәтижелері



Құмырсқалар тақырыбы - әлемдегі ең үлкен тақырып. Құмырсқалардың құпиясы мен қасиеті жылдан жылға ашылып, артықшылығы дәлелденіп келеді. Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Құмырсқа - жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы.

Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған. Улы бездерінен бөлінетін сұйықтық - құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбінесе топтасып (10 - 100 мың данасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, "жұмысшы" және "жауынгер" құмырсқалар болады. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген.

Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - үй құмырсқалары (шымалдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды «жыртқыштар» деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.

Құмырсқалар туралы қызықты мәліметтер: Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Жауынгер құмырсқалар адамдар секілді өз отарларын қорғайды. Кейде отарлар арасында адамдар секілді соғысады.Құмырсқалар азық табу үшін аңшы құмырсқаларды жібереді. Бұлар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады.Жер қозғалар алдында олардың тіршілігі өзгеріске ұшырап, түні бойы қарбаласқа түсетіні анықталған. Құмырсқалар күндіз қоректеніп, түнде ұйықтайды. Құмырсқалардың азығы: Әр түрлі ағаш жапырақтары, өлі жәндіктердің денелері және егіннен қалған қалдықтар, құрғақ азықтармен қоректенеді.

Осындай бір қызықты деректер тастардың арқасында анықталып, көпшілікті таңғалдырды. Сонымен ежелгі құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір-ақ асып шықты. Жәндіктің бұл түрі жер бетін де қанша жас жасағанмен, анатомиялық өзгерістердің ауылынан қашық болып, "баяғы жартас - сол жартас" дегендей, жүз миллион жылғы күйінен еш ауытқымай тіршілік жасап келеді Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, олардың қаншама ғасырдың ширегінде өзгермей келуі - физикалық және қоғамдық жаңданудың әсерінен.

Демек, құмырсқалар кез келген дүниені қорек көзіне айналдыру мен өндірісті жүргізіп кетудің жолдарын жетік меңгерген бірден-бір тіршілік иесі болып саналғаны. Олардың шындығында физикалық қуаты орасан болғаны соншалықты, өздерінен жүз есе үлкен затты еш қиналмай тасымалдай береді.

Бұл тұрығыдан алғанда, құмырсқаларда да қоғамдық өмір барын ескерсек, онда Номо sapiens-пен бірдей үлгі бола алады

Құмырсқалардың ұясында бәрі өз орнымен, белгілі бір дәрежелермен яки жүйелермен іске асады:

  • біреулері сауда-саттық қатынасын реттеп, күн тәртібіне қойып жатса,

  • екіншілері қорғау қызметінің барысымен күзетте тұрады;

  • ал үшіншілеріне ұрпақ жалғастыру мен аналық құмырсқаларға күтіммен қарау міндеттелген;

  • кейбірі "мал шаруашылығымен" тұрақты айналысады;

  • "сауын сиыр" есебінде шіркейлер (өсімдіктің шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндік) пайдаланылып, олардан балшырын алынады (кейде өздері де азық орнына жұмсалады).

  • өзінің жұмыстарына немқұрай қарайтын құмырсқалар ішінде жазалылар болса, олар ағайын-тумаластарының "табалауына" ұшырайды.

Құмырсқа-зейнеткерлер мен жарым-жанды сырқаттары өмір бойына жақсы өмір сүріп өтеді... Бір қызығы, біз ойлағандай құмырсқалардың барлығы еңбекқор болып шықпады. Дәрежелері мен қоғамдық орындарына байланысты, құмырсқалардың 20 пайызы "қара жұмысшылар" тобы еңбекті күні-түні атқарады. Ал ерігіп бос жүрген құмырсқалардың бос тобы жұмысқа кіріскен күннің өзінде де, " қара жұмысшылардың" қалған бөлігін еріксіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

Бунақденелілер отрядының көрнекті өкілі "құмырсқалар" жайында біз білмейтін сырлар көп. Олай болса осы және өзге де сырларын жауабын құмырсқаның өз аузынан естіп білейік.

Құмырсқа: Бүгін адымдап бара жатып, жол үстіне абайлап қарағаныңыз маған қатты ұнады. Өйткені, күн сайын қаншама бауырымызды таптап, жаншып кететініңіз бізге қалай бататынын сіз, әрине, біле бермейсіз. Дегенмен, сіз басып өлтіріп кеткен жәндікті де бір сәт еске алдыңыз ба?

Әрі ол - жай ғана жәндік емес, Табиғаттың таңғажайып туындысы. Рас айтам. Менің жаратылысымнан табиғаттың шексіз құдіретін, ілімін ұғуға болады. Тіпті, әлемнің ең алып, күшті жәндігі менмін десем, мақтаншақтыққа балай көрмеңіз. Иә, иә. Сіз, бәлкім, өз салмағыңыздан екі-үш есе артық салмақты көтере аларсыз. Ал, мен болсам, өз салмағымнан елу есе артық салмақты оп-оңай көтеріп кете берем. Онда да арқаға салып емес, тіспен көтерем. Міне, менің мықтылығым!

Біздер патшайым, жұмысшы, әскер болып өз арамызда бөлінеміз. Сонда бұндай айырмашылықтар қалай пайда болды? Патшайым құмырсқаларды бағып-қағу ісін жұмысшы құмырсқаларға кім тапсырды? Эволюционерлерге сенсек, әркім өз басын ойлап, өзгелермен қырқысып өтпей ме? Әскер құмырсқалар қарауылдауды қайдан үйренді? Осыншама өзара көмекті үйретіп, миллиондаған бір текті жәндікті сүттей ұйытқан кім?!Олар бір бірімен қалай сөйлеседі ? деген сауалдар мені үсті үстіне қызықтыра түсті. Менің зерттеу жұмысымда өзім көп ізденіп, зерттеуден талмай жұмыс жасадым.

Кейде 2,5-3 шаршы шақырымды тұтастай мекендейтін илеулері болады. Бір-бірімен тонның ішкі бауындай араласқан 40-45 мың, ұяда шамамен бір миллион патшайым, 300-350 млн жұмысшы құмырсқалар еш кикілжіңсіз, тату-тәтті өмір сүре береді.

Ұрпақ ісіне жауапты аналық құмырсқалар өмір бойы тек қана жұмыртқа шығару ісімен айналысады. Бір патша елінде бірнеше патшайым кездесуі бек мүмкін. Ірі денелі аталық құмырсқалардың міндеті - патшайым құмырсқамен аз ғана сәт ұшырасып, ұрықтандыру. Өз міндетін атқарған аталық құмырсқа кешікпей тіршілікпен қоштасады.

Біз - ең көп құжынап өмір сүретін жәндікпіз, сіздердегі әр қырық кісіге бізден жеті жүз миллион құмырсқа тең келеді. Біз осыншалықты көп болсақ та, ешкімге кедергі келтірмейміз. Тіпті, көзге де түспестен тасада, өзімізше өмір сүреміз. Мұзды мұхиттардан басқа әлемнің барлық жерінде тіршілік ете береміз. Көбіне ыстық аймақтарды ұнатамыз. Біз топ, қоғам болып өмір сүруге бейімбіз. Табиғаттың жеке-жеке бөліп берген ісін әрқайсысымыз қалтқысыз орындаймыз. Үлкен метрополиялар секілді қалалар тұрғызамыз. Миллиондаған тұрғыннан құралған қалаларымызда өзімізге тән азық қоймалары, ұрпақ өсіретін бөлмелер, жауынгер әскерлеріміздің жатақтары орналасқан.

Әскерлеріміз «химиялық қарумен» мұздай қаруланған. Бастары мен ауыздары ерекше бітімге ие. Оларда елді қорғаудан басқа бөгде мақсат болмайды. Ал, экономикамызға жауапты жұмысшыларымыздың бәрі - қысыр, аналық құмырсқалар. Жұмысшыларымыздың бір бөлігі төл құмырсқалар мен патшайымды асырайды. Бір бөлігі жаңа дәліздер ашып, жаңа ұрпаққа орын дайындайды. Тағы бір бөлігі азық іздеумен болады, қандай да бір қорек тапқанда, дереу басқаларына хабар береді. Әскерлер мен жұмысшылардың арасында құрылысшылар, жинақтаушылар, тәрбиеші, тұтқындар да бар.

Құмырсқа қауымының экономикасы жұмысшыларымыздың мойнында. Аузы мықты жұмысшылар бидай дәнін ұсақтау үшін басқа жұмысшылармен де бірлеседі. Олар әбден ұсақталған бұл бидай дәндерін жібітіп, қамыр қылып, артынша оны кептіруге күн астына жайып қояды. Содан қыстық азығын дайындайды.

Жүздеген ұядан құралатын илеуіміздің ең басты ерекшеліктерінің бірі - өте нәзік есеппен жасалған ұяның ішкі климаты. Біз физика, сабақтарын оқымасақ та, ұяға тән ауа ағысын реттеп отырамыз. Ұя кіре берісін Күнге, әлемнің магниттік өрісіне қарай бейімдеп жасауды, ауа жолдарының изоляциясын, күні бойы қалыпты температураны сақтау үшін қажетті желдетуді, жылыту мен суыту тепе-теңдігін ұстауды, жан саны артқанда жаңа қосымша ұялардың ішкі ауаға кері әсер етпейтіндігін біз өзімізге тән түйсікпен ғана жасаймыз.

Біз бір ізге түсіп, азық іздеуге шығамыз. Ондайда арттағылар алдыңғылардың иісімен жүріп отырады. Илеулеріміз ылғи да жер астында емес. Кейде жердің бетіне де, кейбір түрлеріміз ағашқа да илеу сала береді. Жер астындағы қанатсыздарымыз керек кезінде қанат пайда болып, көбею мүмкіндігін иеленіп шыға келеді. Илеуден ұшып шығады. Ұшу кезінде, не жерге қонған кезінде аталықтағы ұрық патшайым құмырсқаларға төгіледі. Аналық жұмыртқалауға кіріседі. Ендігі жерде патшайым құмырсқаның керексіз қанаттары түсіп, жұмыртқалау үшін ыңғайлы ұяға жайғасады. Жұмыртқадан ұрпақ шығу мерзімі алты-сегіз аптаға жалғасады.

Есте сақтау қабілетіміз өте күшті. Қай жерден өтсек, сол жердің көрінісін дереу есте сақтаймыз. Кейде илеуімізден тым алысқа ұзап шыққанда, қайта тауып келу үшін табиғаттың бізге сыйлаған осы есте сақтау қабілеті мен иісшілдігімізді, сондай-ақ топографиялық түйсігімізді қолданамыз. Бұған қоса, хабарласу жүйеміз өте озық, мәлімет жеткізуде алдыға жан салмаймыз.

Сонымен қатар, құмырсқаның адам денсаулығына да пайдасы көп. Ғалымдар егер адамның аяғы қақсап, балтыры сыздаған жағдайда оның илеуіне аяғын салып отыруға кеңес береді. Себебі, құмырсқалар адамның бойындағы кеселді өзіне тартып алатындығымен ерекшеленеді.

Құмырсқалардың денесінде жетпіс түрлі амин қышқылы мен түрлі дәрумендердің бар екендігі анықталған. Қазіргідей медицинаның дамыған ғасырында Қытай мемлекетінде құмырсқадан аса бағалы азықтық және дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Және дәрігер ғалымдар бұл препараттардың буын аурулары мен қант диабетін емдеуге, қан қысымын реттеуге әсерінің зор екендігін айтып келеді. Құмырсқалар ешқашан жұқпалы аурулармен ауырмайтындықтан, пайдалы болатын көрінеді.

Халқымызда топтанып өмір сүретін құмырсқалардың илеуін бұзуға болмайды деген ырым бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, құмырсқалар бір тәуліктің ішінде илеудегі отыз мыңға тарта зиянды жәндіктерді жояды екен. Бұл да әрине адамзат баласына үлкен көмек. Жалпы, құмырсқаның қанағатшылдығы, еңбекқорлығы көп айтылады. Қасиетті жәндік ретінде ұлы діни кітап Құранға да енгізілген. Ал, қазақ халқының ұғымында құмырсқа еңбектің символы болып саналады. Біздің халық тіршілік иелерінің ішіндегі құмырсқаны осы еңбекқорлығы үшін де бағалайды.

Әлем әдебиетінде қызықты тақырыптарға жүздеген шығармалар жазылды. Мысалы, құмырсқалардың тіршілігі мен тағдыры адам баласы үшін қызықты. Өзіміздің бала күнімізден естіп өскен Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқалардың сөйлескендігі жайлы аңыздың өзі бір төбе. Әлем әдебиетінде белгілі француз жазушысы Бернард Вербердің «Құмырсқалар», «Құмырсқа күні» және «Құмырсқалар революциясы» кітаптары әлем оқырмандарының үлкен қызығушылығын тудырғаны белгілі. Француз әдебиетінің кейбір сын-ескертпелеріне қарамастан, аталған үш кітап рекордтық көрсеткішпен он миллион таралыммен Еуропа және Солтүстік Америка елдеріне тарады. Құмырсқалар өркениетін баяндаған бұл шығарма әлем оқырмандарын тамсандырды.

Құмырсқалар тақырыбы - әлемдегі ең үлкен тақырып. Құмырсқалардың құпиясы мен қасиеті жылдан жылға ашылып, артықшылығы дәлелденіп келеді.















































































Қорытынды



Қорыта келе менің түйгенім, Құмырсқа іс әркеті арқылы адамдарды - еңбекқорлыққа бауырмалдыққа топпен жұмыс жасауға әр адамның өз міндетін жауапкершілікпен орындауға үйретеді. Құмырсқа -еңбекті қастерлеп күте білуді талап етеді. Құмырсқалар - адамның ішкі және сыртқы - жан дүниесін емдеп, ұжыммен өмір сүруге үйретіп, денсаулықты нығайтады. Құмырсқа - еңбекқор болуға жол ашады. Құмырсқа -ұжымды басқаруды дамытуға ықпал етеді. Құмырсқа - топпен жеке жұппен жұмыс жасауға дұрыс өмір сүруге еңбекқорлыққа , ізденуге баулиды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Аяз би әліңді біл құмырсқа жолыңды біл ,- деп құмырсқа бойындағы бар жақсы қасиетті ала білейік......».







































































Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1.«Биология» оқулығы Атамұра Баспасы 2010.ж

2.«Қазақстан Энциоклапедиясы» Алматы- Асыл мұра баспасы 2012 ж

3.«Бастауыш мектеп» журнал №2,5 2015 ж.

4.Жыл он екі ай журналы № 5.№6 2008 ж

































































Қосымша

</



Сурет 1.

Айдос Нұрбек Ардақұлы Құмырсқалар сөйлей ала ма? Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы







2-сурет.



Айдос Нұрбек Ардақұлы Құмырсқалар сөйлей ала ма? Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы





























3-сурет





Айдос Нұрбек Ардақұлы Құмырсқалар сөйлей ала ма? Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы



















4-сурет

Айдос Нұрбек Ардақұлы Құмырсқалар сөйлей ала ма? Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы















5 а -сурет



Айдос Нұрбек Ардақұлы Құмырсқалар сөйлей ала ма? Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы







5-ә сурет



Айдос Нұрбек Ардақұлы Құмырсқалар сөйлей ала ма? Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Ә» сынып оқушысы







16



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал