7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Білім сыры' тәрбие сағаты 4 сынып

Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Білім сыры' тәрбие сағаты 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Садуева Ақжол Базыловна

«Бақыршық орта мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі

ШҚО, Жарма ауданы, Әуезов кенті.



Тақырыбы: Білім сыры

Мақсаты: Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау.Жеңімпаз топты анықтау. Білімге құштарлығын арттыру. Өз біліміне деген сенімін нығайту. Қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу.

Жүмыс түрі: Зияткерлік сайыс

Ойын барысы:

  1. Кіріспе:

-Құрметті қонақтар . Бүгінгі 4 «б» сыныбында өткелі отырған «Білім сыры» сайысына қош келдіңіздер.

-Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие ,тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

-Кім жүйрік сол алда- дегендей ойынымыз жарыс түрінде өтеді.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар.

Ал енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық, топқа бөліп алайық.

Жарыс 6 кезеңнен тұрады:

1-кезең Таныстару

2 кезең Жүзден жүйрік ( Ұяшық таңдау)

3 кезең Құпия хат

4-кезең Метаграмма, шарада шешу

5 кезең Сиқырлы сандық

6-кезең логикалық тапсырмалар

Алдарыңызда өз білімімен , ақыл ойымен ерекшеленген оқушылар 3 топқа бөлініп сайысқа түскелі отыр. Сонымен , «Білім -біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік -сол білімді іске асыра білу дағдысы» деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп , І турды бастайық. ( таныстыру)

2 кезең «Білекке сенген заманда -ешкімге есе бермедік , білімге сенер заманда қапы болып жүрмейік»- деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі «Жүзден жүйрік атты»сайысымызды бастаймыз.

3 кезең «Құия хат» сайысы Кез келген хатты таңдаймыз да, ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.

4-кезең

Ал енді балалар сендер ана тілі пәнінен метаграмма шарада дегеніміз не екенін білесіңдер. Және оларды шешуді де білесіңдер. Ендеше сайысымызды бастаймыз.

5-кезең Тіл қаруы сөз , сөз қаруы ой, ақылды ой алғыр сөз-адамның ең жоғарғы қасиеті-деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен келесі «Сиқырлы сандық» сайысымызды бастаймыз.

Сиқырлы сандықтың ішіндегі затты табу

1 топқа . «Ол бүкіл жақсылықты , мәдениетті үйретуші тура жол көрсетуші, ғылымға бастайтын жолда айрылмас серігіміз , таптырмас ақылшымыз . Оның сөзі әр алтыннан да қымбат» Ол не, дәлелдеп көр.

2 топқа «Ашыққанда тамақ , шөлдегенде сусын, ыстықта көлеңке, сая, суықта баспана ауырғанда дәрі,ренжіп мұңайғандасүйсіндіріп қуантатын табиғаттың ғажайып сұлу көркі »Ол не?

3 топқа Онысыз адамдар жүре алмайды. Мезгілімен ауысады, Үй жануарларының көмегімен жасалады, Қысқасы Адам көркі-? Бұл не?

6 кезең бұл шешуші кезең . Ендеше бастаймыз .Логикалық тапсырмалар

Қорытындылау. 21 -ші ғасыр білім мен ғылым ғасыры. Білім мен біліктіліктің бәсекеге түсер ғасыры. Білімді топтың даңқы арта түсері сөзсіз.Бүгінгі білім ертеңгі -байлығымыз.Осындай білім бәсекесін қорытындылайтын уақыттта жетті .Өздеріңіз көріп отырғандай жеңімпаз топты анықтап, сыйлықпен марапаттауға рұқсат етіңіздер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал