7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 3 сынып 'Қыз сыны байқауы'

Тәрбие сағаты 3 сынып 'Қыз сыны байқауы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Әр сайыс арасында оқушылар музыкалық өнерлерін көрсетеді.

Сайыс соңында әділ- қазылар алқасына сөз беріліп, сайыс жеңімпазы анықталып, марапаттау қағаздары тапсырылады. Көрікті көктем аруына тәж киіледі.





  1. Бекжан:

Аты өзгеше Диара

Ойы ұшқыр қияда

2.Ерасыл:

Аружан келді үлбіреп ,

Көз жанары мөлдіреп

3.Ақжол:

Мың бұрала билеген ,

Гүлнұр сұлу не деген!

1.Бекжан:

Адалдықты жаны сүйген қашаннан.

Балғын сұлу қатарынан қалмаған!

2. Ерасыл:

Аққу құстай қанат қағып самғаған.

Аяжаның жаман іске ешқашанда бармаған!

3. Ақжол:

Балауса ару білімді,

Меңгерген бар ілімді.

1.Бекжан:

Раушан сондай ақылды

Жүзі сондай тартымды.

2. Ерасыл:

Аида сондай сыпайы

Жүрісі сондай ыңғайлы





  1. Бекжан:

Ерасыл, Ақжол біз сайысымызды бастамас бұрын асыл аналарымызды мерекелерімен құттықтап алсақ қайтеді.

  1. Ия , Бекжан дұрыс айтасың аналарымызды құттықтайық!

  2. Ақжол: Менде солай ойлаймын!

  1. Бекжан:

Ана деген асыл жан, еш жан оған тең келмес!

  1. Ерасыл:

Ана біздің қорғанымыз, оны ренжіту дұрыс емес!

3.Ақжол:

Бар жақсылық болсын мәңгі сізде деп

Бірге: Ән арнайды балаларың сіздерге!

Ән: Анамызға мың алғыс! ( ұлдардың орындауында)

Мұғалім:Барлықтарыңызды Аналар мерекесімен құттықтаймын! Әрқашан бала-шағаларыңыздың қызығына тоймай, ұзақ ғұмыр сүріп ,бақытты болыңыздар! Бүгінгі өткізгелі отырған сайысымыздың аты айтып тұрғандай «көрікті көктем аруын» таңдап алатын боламыз! Сондықтан барлық аруларымызға сәттілік тілейік!

3.Ақжол:

Әділдікпен баға берер аруға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Алқасын қазымыздың сайлайық

Ақ аруды таңдап бүгін алуға

(Әділ- қазылар алқасымен таныстыру.)

Енді бүгінгі сұлуларымыздың сайысатын кезеңдерімен таныстырып өтейін

1 Өзін-өзі таныстыру

2.Үй тапсырмасы( қолдан жасалған бұйым)

3.Сұрақ-жауап (әр түрлі сұрақтар)

4.Көктем сән үлгісі (әр түрлі мата, қағаздан жасалған киім үлгісі)

5.Өз өнері ( би, ән, гимнастика, мәнерлеп оқу т.б)

6. Ою оя білесің бе?

Мұғалім : Ендеше сайысымызды бастайық!





Қыз сыны



Тақырыбы: Көрікті көктем аруы

Мақсаты: Қыз баланың бойына сыпайылық ,инабаттылық, икемділік,көркемділік талғамын қалыптастыру.Өз -салт дәстүрін құрметтеуге , шығармашылық қабілетін ,шеберлік қасиетін дамыту.Көпшілік алдында өзін дұрыс ұстай білуге, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Барысы:

1.Бекжан:

Армысыздар ұлағатты ұстаздарым!

Мейірімді, жүрегі таза аналарым!

Гүл-гүл жайнап ортамызға шығатын,

Бармысыңдар, жарқын жүзді құрбылар!

2.Ерасыл:

Көктем келді құлпырып

Айналамыз өзгерді.

Күн менен түн теңеліп

Ұшып бізге құс келді!

3.Ақжол:

Түн ұйқысын төрт бөліп жүретін,

«Ботам» деп әрқашан еркелететеін,

Мейірімді ана мерекеңіз құтты болсын!

Жақсылықтарың үшін өзіңді сыйлап өтем!

Үш жүргізуші бірге:

«Көрікті көктем аруы» сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!



!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал