7


Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Алматы облысы

Талдықорған қаласы №19 орта мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Дюсенбинова Гүлнұр Қызайбекқызы

Қатысатын категория:бастауыш сынып



Тақырыбы: Қос сөздер

Мақсаты: 1. Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.

2. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру. Көркем жазуға баулу.

3. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа үйрету. Қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Психологиялық даярлық

Қонақ күту салтымыз,

Оқып-біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тасаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Поэзия минуты. (интербелсенді тақтады)

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Өтілген материалды тексеру, қайталау.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

6-жаттығу. Адам, жер-су, аң-құс атауларына байланысты біріккен сөздер құрап келу.

- Оқулықтағы тапсырманы бәрің орындап келді деп сенемін. Шығармашылық жұмыс бойынша кім өз бетінше ізденіп берілген тапсырманы орындап келді? Кім көп сөз жазып келді?

Оқушыларға оқыту. Талдықорған, Ақсу, Үштөбе, Үшарал, Ақмола, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған,Байқоңыр, Жаңатас

Амангелді, Айжан, Ақмарал, Айдос, Нұрсұлтан, Берікжан, Айнұр

Аққу, түйеқұс, жолбарыс, қараторғай, қарақұйрық, қосаяқ, қарақұлақ, жұпартышқан, таутеке, арқар

а)Интерактивті тақтадағы суреттерден біріккен сөздер құрату.

Айнабұлақ, түйеқұс, Ботагөз, жолбарыс, Айгүл (сөйлем құрату)

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

-Осы сөздердің бәрі қандай сөздерге жатады?(Біріккен сөздерге)

- Сонымен біріккен сөздер дегеніміз не?

  • Ал күрделі сөз дегеніміз не?

  • Күрделі сөздер қалай жасалады?

- Дұрыс айтасыңдар күрделі сөздер түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалады екен. Күрделі сөздердің біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркес сөздер болып төртке бөлінеді екен. Соның ішінде біз біріккен сөздермен таныстық. Жарайсыңдар өтілген тақырыпты жақсы түсініпсіңдер, үй тапсырмасына да жақсы дайындалып келіпсіңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Сөз жұмбақ шешу

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

Олай болса бәріміз сиқырлы сандар сөзжұмбағын шешейікші. Сандарға сәйкес әріптерді тауып жасырылған сөзді табайықшы. Қане кім жылдам екен? Кім айтады қандай сөз шықты? (Қос сөздер) Дұрыс айтасыңдар. Қөс сөздер.

- Балалар «қос» деген сөзді қалай түсінесіңдер?( екі )

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Қос сөздер. Бұл сабақта біз қос сөздер дегеніміз не екенін, олардың қалай жасалатындығын үйренеміз. Сонымен қатар сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуді, олардың мағынасын ажырата алуды үйренеміз.

Күн ретін, көркем жазу жаздыру.

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, өтілетін тақырыбымызды жазып қояйық. Көркем жазуға Қ әрпін жазамыз. Әріптеріңді көркем етіп. Жолдан шығармай, созбай, қисайтпай жазып шығамыз. Қ әрпіне қатысты сөзер жазып қойыңдар.

2.(Интерактивті тақтада сөйлем жазылады)

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

  • Сөйлемдегі басқа түспен жазылған сөздердің құрамы қандай?

  • Қалай жасалып тұр?

4. Оқулықпен жұмыс.

1-жатығу. Қосарланып жасалған күрделі сөздердің құрамындағы мағынасы мен жаңа сөз жасалғаннан кейінгі мағыналарын оқушылар салыстыра отырып түсіндіреді.

Жасалу жолына, арасына қойылған дефиске назар аудару.

Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздің қос сөз деп аталатынын оқушылардың өздеріне қорытындылап айтқызу.

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

2-жаттығу. Дәптермен жұмыс.Сөйлемдерді көшіріп жазып, қос сөздердің астын сызу.

Мәтін интер.тақтада жазылады. Бірнеше оқушы тапсырманы тақтада орындайдв?

Интер. Тақтамен тексеріледі.

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

3-жаттығу. Интер. Тақтадағы суреттерден қос сөздер құрату. 1-2 сөйлем құратып, сөйлем мүшесіне талдату.

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

Қызықты әңгімелер мен жаңалықтарды газет-журналдардан оқимыз.

Мен анама ыдыс-аяқ жинауға көмектесемін.

Айдостың әкесі құрал-саймандар сататын дүкенде жұмыс істейді.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

Келесі тапсырма: Терме диктант. Қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойып , теріп жазыңдар.

Ертеде Атымтай деген адам болған екен. Оның кедей-кепшікке, жетім-жесірге барынша көмек көрсетуімен, қайырымдылығымен аты шығыпты. Атымтай жомарт бай болса да, күнде-күнде бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып, жұмыс қылады екен.

4-жаттығу. Сөздерді мағынасына қарай өзара үйлесімді сөздермен тіркестіріп, қос сөз жасату

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.ІҮ. Қорыту

Жұмбақ шешу.

Үш қөзді батыр,

Жолды аңдып жатыр. (бағдаршам)

Асүйден табылады,

Керегіңе жарап.

Байқамасаң шағылады? (Ыдыс-аяқ)

Венн диограммасы

Екеуі де күрделі сөз



Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.

Ү. Үйге тапсырма. 5-жаттығу. Қос сөздері бар мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жазу.

Қос сөздер. Ана тілі. 1 сынып.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал