- Учителю
- Қысқа мерзімді жоспар Баяндауыш 3- сынып
Қысқа мерзімді жоспар Баяндауыш 3- сынып
Күні |
13.11.2015 жыл |
3-сынып |
Сабақ тақырыбы: |
Баяндауыш | |
Сілтеме |
3-сынып "Қазақ тілі" оқулығы | |
Мақсаты: |
Тұрлаулы мүшелер туралы білімдерін кеңейтіп, оларды ажыратып, сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру. | |
Күтілетін нәтиже: |
А. Баяндауыш туралы біліп түсінеді. В. Баяндауышты сөйлем ішінен ажыратып таба алады. С. Сөйлемнің баяндауышын анықтай отырып, оның қызметін біліп түсінеді. | |
Уақыты Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
І. Кіріспе 3 минут
ІІ. Тұсаукесер 5 минут
5 минут
ІІІ. Негізгі бөлім 7 минут
5 минут
7 минут
5 минут
ІҮ. Қорытынды 3 минут
3 минут
2 минут
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сыныппен амандасу рәсімі. Сөйлемдер арқылы топқа бөлу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
"Бес жолды өлең" арқылы үй тапсырмасын тексеру Әр оқушыға бастауыш болатын сөздер беріліп, бес жолды өлең құру тапсырылады.
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы Тұрлаусыз
Бастауыш Баяндауыш
Қыс құнар береді, Көктем дән себеді. Жаз баптап өсірсе, Күз жинап-тереді. - Балалар, өлеңдегі қарамен жазылған сөздер нені білдіреді? - Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты? - Ендеше, бүгінгі сабағымызда осы баяндауыш туралы білім алатын боламыз Жеке жұмыс Оқулықтың 68-бетіндегі 36-жаттығуды орындау ұсынылады. Қорытынды: Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Тез ойлан! Берілген сөздерге қатысты қимылды білдіретін сөздерді айту керек. аулайды. Аңдар
ұшады. Құстар
оқиды. Оқушы
ағады. Су
Топтық жұмыс Әр топқа тапсырма беріледі. 1-топ: Өлеңді оқып, баяндауыштың астын сызып, сұрағын үстіне жазу. 2-топ: Көп нүктенің орнына бастауыштың қимылын білдіретін сөздерді қойып жазып, сұрағын анықтау.
"Жүгірме диктант" Берілген диктант жұпта орындалады. Бірі оқиды, екіншісі жазады. Баяндауыштарды табу көзделеді.
Рефлексия "Бүгінгі күннің сөйлемі" Әр оқушы бір-бір сөйлемнен айту қажет.
Өз-өздерін бағалау "Блоб ағашы" арқылы өз-өздерін бағалау.
Үй тапсырмасы 69-бет, 39-жаттығу
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!!! |
Мұғаліммен амандасады. Оқушылар сөйлемдер ішіндегі сөздердің санына қрай топқа бөлініп, топтың ережесін еске түсіреді.
Оқушылар берілген сөздерге бес жолды өлең құрып, бастауыш туралы ойларын айтады.
Сызбамен жұмыстанып, өткен сабақты еске түсіреді.
Өлеңді талдап, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді.
Өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің астын сызып, оларға сұрақ қояды. Ол сөздердің сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін айтады.
Тез-тез ауызша айтып, ой қорытады.
Өз-өздерін ынталандыру мақсатында шапалақ ұрады.
Топта бірігіп орындап, топтың бір мүшесі оқиды.
Өзара топтар бір-бірлерін "Бағдаршам" арқылы бағалайды.
Жұптар жылдамдықпен орындап, диктантты қатесіз жазып, баяндауыштарды тауып, астын сызады.
Оқушылар қорытынды бір сөйлем айтады.
"Блоб ағашынан" өздерін бояп, деңгейлерін көрсетеді.
Үйге тапсырма алады.
.
|