7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Алтын сақа' (3 сынып)

Тәрбие сағаты 'Алтын сақа' (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алтын сақа сайысы (3 сыныптар)

Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Түрі: сайыс сабақ. Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ізденушілік. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар. Біз оқытқан оқушылардың Сәті келді сыналар. -Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бұл сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет. - Бұл сайыс-үлкен еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн. -Енді сайысымыздың өтілу ережесімен танысыңдар:

1. «Жалғасын тап» ойыны. 2. Сен білесің бе? Сұрақ-жауап алысу 3. «Ұшқыр ой» (Берілген әріптердің ішінен мағыналы сөздерді табу) 4. «Іздеген жетер мұратқа». (әдебиеттік оқу,қазақ тілі,математика,дүниетану) 5. «Ойлан тап» Жұмбақтар шешу. 6. Поэзия минуты.

Жүргізуші: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын сақа» ойынына қош келдіңіздер демекпін! Бұл сайыста мектебіміздің 3 сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгір оқушылары өз білімдерімен сынасады. Енді сайысқа қатысушы жас достарымызды ортаға шақырайық.

-Жүрегінде от, Көздерінде жалын бар- дей келе 3 «А» сынып оқушысы Көшен Рамазанды ортаға шақырайық. Сынып жетекшісі Злиха Амангелдіқызы

-Үлгілі тәртіп, жақсы оқу, Алға қойған мақсаты- дей келе 3 «Ә» сынып оқушысы Тасқынбай Рақымжанды шақырайық. Сынып жетекшісі Айнұр Мырзаханқызы

-Асып әсте саспайтын, Батыл қадам бастайтын- дей келе 3 «Б» сынып оқушысы Тастыбай Нұриланы шақырайық. Сынып жетекшісі Маңдайлы Амангелдіқызы

-Мен дайынмын жарысуға. Барлығыңызға тілеймін сәттілік- дей келе 3 «В» сынып оқушысы Бақтыбай Ақсүмгүлді ортаға шақырайық. Сынып жетекшісі Шолпан Сарсенбайқызы

-Сөзге шебер, білімді, Деп мақтайды ұстазы- дей келе 3 «Г» сынып оқушысы Дүйсенбаева Аиданы шақырайық. Сынып жетекшісі Жұлдыз Жұманқызы

-Әрқашанда мектепте, Шығып жүрген жақсы аты- дей келе 3 «Ғ» сынып оқушысы Ертүгел Самадты шақырайық. Сынып жетекшісі Марияш Елеусинқызы

Жүргізуші: Әділ бағаға қалтасы толы, Әділ-қазылармен танысайық. 1. ______________________

2. ______________________

3. ______________________

1 сайыс. «Жалғасын тап» ойыны. (Мақалдар) 1) Күш-білімде, білім-....... (кітапта) 2) Көп жасаған білмейді,- ....................................... (Көп көрген біледі) 3) Білім қымбат, .......... (білу қиын) 4) Ердің атын ............... (еңбек шығарады) 5) Ақыл-тозбайтын тон ................................... (Білім-таусылмайтын кен) 6) Шебердің қолы .................. (көпке ортақ) 7) Оқусыз білім жоқ, .............................. (Білімсіз күнің жоқ) 8) Еңбек ерлікке жеткізеді, .............................. (Ерлік елдікке жеткізеді) 9) Отансыз адам .............................. (Ормансыз бұлбұл) 10) Әдепті бала - арлы бала ..................(әдепсіз бала- сорлы бала) 11) Жақсы жолдас-жанға серік ............(жаман жолдас-малға серік) 12) Бірліксіз ел тозады, ..................(бірлікті ел озады) 13) Әдептілік белгісі-............(иіліп сәлем бергені)

2 сайыс. Сен білесің бе? Сұрақ-жауап алысу. 1. Ата заңымыз қай күні, қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995 ж) 2. Бес асыл, бес дұшпан туралы өлеңді кім жазған? (А. Құнанбаев) 3. Жеті күнді атаңдар. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) 4. Түйе малының сүтінен дайындалатын сусын қалай аталады? (шұбат) 5.ҚР-ның мемлекеттік Елтаңбасының авторларын ата. (Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков) 6.Біз қай облыста тұрамыз? (Маңғыстау) 7. Күйді орындайтын адамды кім дейді? (күйші) 8. Өз алдына дербес мемлекет. (Тәуелсіз) 9. Ай атауларын ата. (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан) 10. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков) 11. Президент халыққа не жолдады. (Жолдау) 12. Адам денесінде неше жұп қабырға бар? (12 жұп) 13. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А. Байтұрсынұлы) 14. Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин) 15. Екі ақынның өлең жарысы қалай аталады? (Айтыс) 16. Жеті атаны айт. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене) 17. Қазақ үйдің бөлшектерін ата: (шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық)

3 сайыс. «Ұшқыр ой» (Берілген сөздің ішінен мағыналы сөздерді табу) Асықпаймыз, саспаймыз, Ұшқыр ойға бастаймыз. Тақтадағы сөзден, Мағыналы сөз құраймыз. Здбалагбнанврдкитидакөзқлтағажбоқулықпбтас(бала,нан,кит,көз,таға,оқулық,тас)

4 сайыс. «Іздеген жетер мұратқа». (әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады.) -Ал дайынбыз ба? Ендеше бастаймыз

Әдебиеттік оқу 1. «Әке арманы» әңгімесінің авторы кім? (М.Әуезов) 2. «Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз? (Ы.Алтынсарин) 3. «Әке арманы» мәтінінің негізгі кейіпкерлері кімдер? (Абай мен Әбіш) 4. «Адам болам десеңіз» кімнің өлеңі? (А.Құнанбаев) 5. Үш биді ата: (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би) 6. «Жақсылардың жақсысы» мәтіні шығарманың қай түріне жатады? (Ертегі)

Математика 1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар: (мм, см, дм, м, км) 2. Шаршының қабырғасының ұзындығы 4 см болса, периметрі нешеге тең? (16 см) 3. 5 пен 4 көбейтіндісі нешеге тең? (20) 4. Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам билет алды? (3) 5. Өздерің білетін геометриялық фигураларды атап беріңдер: (тіктөртбұрыш, шаршы,үшбұрыш,көпбұрыш,дөңгелек..) 6. Санды нөлге көбейткенде мәні нешеге тең болады? (нөлге) 7. Ең кіші үш таңбалы сан. (100) 8. 35 пен 7 бөліндісі нешеге тең? (5) 9. Бөлу амалының компоненттерін ата: (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)

Қазақ тілі 1. Мәтіннің түрлерін атаңдар. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) 2. «Хат» сөйлесудің қай түріне жатады? (жазбаша) 3. Заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (Не істеді? Не қылды? Қайтті?) 4. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке: хабарлы, сұраулы, лепті) 5. Қос бұйірін таянып, Тұратұғын қай әріп? (Ф) 6. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап. (ержүрек, батыл, қайсар...) 7. «Отыз жеті» сөзі нені білдіреді? (сан есім)

Дүниетану 1. Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдік) 2. Әр адамның шағын отаны. (отбасы) 3. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа) 4. Сезім мүшелеріне нелер жатады? (көз, мұрын, құлақ, тіл, тері) 5. Өкпе дененің қандай бөлігінде орналасқан? (кеуде қуысында) 6. Көкжиектің неше тұсы бар? (4 тұсы бар) 7. Қу жануар. (түлкі) 8. Адамның ішкі мүшелері нешеу және оларды ата: (өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, ми, жүрек, қарын, қуық)

5 сайыс. «Ойлан тап» Жұмбақтар шешу.

-Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер биылдан бастап орыс тілін де оқып үйреніп жатырсыңдар. Ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн екен. Орыс тілі ұлтаралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ. Сондықтан қәзір мен жұмбақтар оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар. Кәне, дайынбыз ба? Ендеше тыңдай қойыңдар.

1. Өзі сондай ақ, Жесең тәтті-ақ. (Қант-сахар)

2. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. (Аю-медведь)

3. Жазу жазып жалықпаған Жаза-жаза арықтаған. (Бор-мел)

1. Өзі таудың бөктерінде өседі Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша-елка)

2. Білімнен мол сый асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп-школа)

3. Қабат-қабат қаттама Ақылың болса аттама. (Кітап-книга)

1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. (Қар-снег)

2. Ұшып, қонып тынбайды Жерге соқсаң сынбайды Суға салсаң батпайды Түскен жерге жатпайды. (Доп-мячь)

3. Бұдан кір қорқады Судан бұл қорқады. (Сабын-мыло)

1. Өзі жуас, өзі момын, Бір шешпейді тонын. (Қой-баран)

2. Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. (Қарбыз-арбуз)

3. Оқушыға күнде еріп, Жүретін не? (Күнделік-дневник)

6 сайыс.Поэзия минуты. Бір өлеңді мәнерлеп оқиды

Жүргізуші.

Жарысымыздың соңғы сәті таяп қалды, Ал, қазір әділқазы сөз алады. Жарыстың жеңімпазын анықтап, Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Хабарландыру

21.10.2015жылы сағат 11:30да 3 сыныптар арасында «Алтын сақа» сайысы өтеді.

Сайыстың шарттары:

1. «Жалғасын тап» ойыны. (мақал-мәтелдерді жалғастыру)

2. Сен білесің бе? Сұрақ-жауап алысу

3. «Ұшқыр ой» (Берілген сөздің ішінен мағыналы сөздерді табу)

4. «Іздеген жетер мұратқа». (әдебиеттік оқу,қазақ тілі,математика,дүниетану пәндері бойынша сұрақтарға жауап береді)

5. «Ойлан тап» Жұмбақтар шешу.(жауабын қазақша және орыс тілінде айтады)

6. Поэзия минуты.(өзі білетін бір өлеңді жатқа айту авторымен)



Мұнайлы ауданы

№1 орта мектеп







Алтын сақа

(интеллектуалды сайыс)



Өткізген: Кенжина А.

Тажигулова Қ

Уақыты: 21.10.2015ж

2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал