- Учителю
- 'Біріккен сөздер' тақырыбындағы ашық сабақ жоспары.
'Біріккен сөздер' тақырыбындағы ашық сабақ жоспары.
№ 4С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбекова Толғанайдың қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді жоспары.
28.11.2014ж
Қазақ тілі
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы:
Біріккен сөздердің жазылуы.
Жалпы мақсат:
Біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың сақталып жазылатыны және екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылатынын меңгерту. Жазуда осы ережелерді сақтап жазуға дағдыландыру. Әсемдікке, ұқыптылыққа, сабырлы болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелері:
Ережені түсініп, жазуда қолданатын болады. Бірлесіп жұмыс істеу, өзара көмек көрсету дағдылары қалыптасады.
Негізгі идеялар:
Топтағы бірлескен жұмыс оқушылардың құрбы-құрдастарымен білім алуына және танымдық дамуына, білім деңгейіне ықпал етуі мүмкін. Кері байланыс оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты нығайтады, бірлесіп оқудағы қиындықтарды анықтап, танымдық кедергілерді жеңуге ықпалы болады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Оқулық, сергіту сәтіне арналған мультфильм, АКТ, үлестірмелі материалдар мен маркерлер, жабыстырғыштар, постер, кесте,
Оқыту әдістері:
Әңгімелесу, ашық сұрақтар, түсіндіру сұрақтары, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, қалыптастырушы бағалау, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, АКТ қолдану, ойындар.
Сабақтың өту барысы.
Уақыты 45 мин
Мұғалімнің әрекеті
Оқушылардың әрекеті
Ұйымдастыру
2 мин
Топтарға бөледі. Таңдау әдісі арқылы.
Оқушылар Топтағы қызметтерді бөліседі. Көшбасшы сайлайды.
Өтілген материалды пысықтау.
Қызығушылықты ояту.
Ойын «Ойлан, тап!»
3мин
2-слайд. Әр топқа сұрақтар ашылады.
Күрделі сөздер дегеніміз не?
Біріккен сөздер дегеніміз не?
Сөйлемдерден біріккен сөздерді тап.
Біріккен сөздер құра.
Әр топ бірлесіп жауап береді.
Мағынаны тану.
Топпен жұмыс.
Жұппен жұмыс.
1-жаттығу
Өзіндік жұмыс
2-жаттығу.
Топпен жұмыс
Ой толғаныс.
Рефлексия.
Сабақты қорытындылау.
35 мин
2мин
2мин
3-слайд. «Кім тапқыр?»
Жаңа материалмен танысу.
Сары+ағаш Қожа+Ахмет
Сарыағаш Қожахмет
Жаңа+өзен Жылқы +Айдар
Жаңаөзен Жылқайдар
Оқулық бойынша ережемен таныстыру.
4-слайд.
Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады. Мысалы: Сарыадыр, Шиліөзен.
Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.
Мысалы: Торайғыр, Мырзәлі.
5-слайд
Сергіту сәті
6-слайд
Сиқырлы шаршылар
Әр шаршыда тапсырмалар берілген. 1-жаттығу
Біріккен сөздерді теріп жазу. Үлгі: Сары+ағаш, Сары+арқа, Сары+өзек, Жаңа+өлке, Әулие+ата.
2-жаттығу. Өлеңнен біріккен сөздерді тауып жазу.
«Кім шапшаң?»
Біріккен сөздер құрастыр.
Ақ сүйек, ақ сақал, ақ боз ат, қара торғай, тоғыз құмалақ, соқыр теке, ақ мешіт.(5-жаттығу)
3-жаттығу.
Үлгі: Қожа+Ахмет - Қожахмет.Жұма+Әділ - Жұмәділ, Өмір+ұзақ - Өмірзақ.
7-слайд
Сөздік жұмысы
екінді - түстен кейін, әлі күн батпаған уақыт
жадағай - бұл жерде тегіс жер деген мағынада
Бүгін сабақта мен не үйрендім?
Не қиын болды?
8-слайд.Менің көңіл-күйім қандай?
Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
Оқушылар берілген сөздерді салыстырып, қандай айырмашылық пен өзгеріс байқағанын айтып, қорытынды жасаулары керек.
Оқушылар сөздердегі өзгерістерді салыстырып, жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын анықтайды. Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіп қалатынын айтады.
Оқушылар мультфильмдегі музыкаға би қимылдарын қайталап жасайды.
Оқушылар дәптерге орындап, жұпта бір-бірін тексереді.
Бірлесіп, постер жасайды және оны ортаға шығып, қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды.
Мағынасын түсінген соң ауызша сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың кері байланысы
Жабыстырғышқа жазып, көңіл-күйді білдіретін смайликтер бар тақтаға жапсырады.
«Өрмекші торы» әдісімен қорытады.
Үйге тапсырма.
1мин
9-слайд.68-бет,4-жаттығу