7


Математика '5 саны мен цифры'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5 саны мен цифры

Жарияланды Категориясы:

Математика
Сабақтың тақырыбы. 5 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 1. 5саннын екі санның қосындысы түрінде, 5-тен кем санды 5-ке дейін толықтыру, мәні 5-ке тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ауызша жылдам есептеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер: плакат, сандар кассасы, оқулық, суреттер, сандар.

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру.
А) Дидактикалық ойын «Сан тастамақ»
Ә) «Кім тапқыр?» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
А) Мұғалім түсіндірмесі
Ә) Жұмбақ есеп
Б) Дәптермен жұмыс
В) Сергіту минуты
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Мадақтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт. Әрбір іске жауапты,
Бала болам талапты.
Уәдесінде тұратын,
Адам болам салмақты.
- Оқу құралдарын алғызып, партада дұрыс отыруларын қадағалау.

ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру үшін
А)«Сан тастамақ» ойыны алты баланың алдына көрсетіп 0, 1, 2, 3, 4, 5 деген сандарды тастаймын, «Ал балалар қараңдар сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар ретімен тұра қалу керек.
1. Какенкаджиев Абылай
2. Какибаева Айша
- Ал, қалған балалар сол 0-ден 5-ке дейінгі сандарды кері кему ретімен санап береді. 5, 4, 3, 2, 1, 0
Ә)«Кім тапқыр?» ойыны тақтаға мына сандарды іліп қандай сан жоқ екенін тапқызу. мысалы: 0, 3, 5 (жоқ сандар: 1, 2, 4)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
А) Балалар менің сендерге айтар жақсы, қуанышты хабарламам бар. Ол төрт күннен кейінгі тойланатын Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің сайланған күні. Біз елбасымызды құрметтейміз, сыйлаймыз.
- Ендеше бүгінгі сабағымызды қуанышпен, елбасымызға деген құрметпен бастайық.
- Аманғазы Ислам мен Мұратова Аяулым Қазақстан Республикасының Президентіне деген құрметін бір ауыз өлең шумақтарымен жеткізгісі келіп отыр екен.
- Келесі, сабағымызға оралсақ;
Ә) Жұмбақ есеп.
Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 4 туысын,
Ертіп ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара? (5)

Мұз айдында 3 бала,
Асыр сап жүр сырғанай.
Сырғанамай 2 бала,
Жағалауда тұр қарай.
Санап айтсақ ойланбай.(5)
Б) Дәптермен жұмыс.
- 5 санын дәптерге жазу.
В) Сергіту
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Алақанды ашайық,
Бесті беске қосайық.

Оң аяқта 5 башпай,
Сол аяқта 5 башпай.
Бесті беске қосқанда,
Болады екен 10 башпай.

ІҮ. Қорытынды.
- 5 саны нешеден кейін тұрады?
- 5 саны нешемен-нешенің қосындысы?
- Кімнің жасы 5-те?

Ү. Мадақтау.
- Балаларды мадақтап әр балаға «Қуанышты хабарлама» тарату.
- Балалар бүгінгі 5 саны мен цифры туралы ашық сабақ аяқталды, белсенділік танытқандарыңа рахмет!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал