7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: ' Өсімдіктер мен жануарлардың қызыл кітабы'

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: ' Өсімдіктер мен жануарлардың қызыл кітабы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті

Ұлан аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Бозанбай орта мектебі» КММ








Тақырыбы:






Өткізген: Саденова Л.С.

Сыныбы: 2 «А»


2011-2012 оқу жылы



Тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы.

Мақсаты:

  1. Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабымен таныса отырып, жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы ақпарат алуға үйрету.

  2. Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру; оқушылардың экологиялық білімдерін дамыту.

  3. Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.


Сабақ түрі: аралас

Сабақтың көрнекіліктері: «Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы» тақырыбындағы сандық ресурстар, интерактивті тақтада жазылған тапсырмалар, слайд түрлері, үлестірме материалдар, ШҚО-ның физикалық картасы, жануарлардың атрибут-суреттері.


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен материалды қайталау.

Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа тақырып.

  1. Дайындық кезеңі.

«Шеңбер аясында» рөлдік ойын-жаттығуы.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Бейнефильм, слайдтар бойынша жануарлармен танысу.

ә) Мәтінмен жұмыс

Сергіту сәті.

б) Бақылау күнделігі бойынша жұмыс

в) Экологиялық есептер

ІV. Бекіту.

«Жануарлар» тарауы бойынша тест тапсырмаларын компьютерде орындау.

V. Қорытынды. Оқушылардың білімдерін бағалау.

Рефлексия «Табиғат жанашырлары» акциясын ұйымдастыру.

Үйге тапсырма


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар бір-біріне қол шапалақтап, жағымды көңіл-күй сыйлайды.

ІІ. Өткен материалды қайталау.

  • Балалар, біз қазір тіршілік иелерінің қай түрлері бойынша жұмыс жүргізудеміз? (Жануарлар туралы)

  • Ендеше сабағымызды осы жануарларға байланысты сөзжұмбақ шешуден бастаймыз. Ол үшін мен сендерге жұмбақтар жасырамын, ал сендер жауабын интерактивті тақтадағы ұяшықтарға жазып отырасыңдар.

  • Тоқылдатып мазаны ап ,

Ағаштарды тазалап.

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті жазалап. (Тоқылдақ)

Жаз бойы орман кезеді, Екі басы жұдырықтай,

Жеміс-жидек тереді. (Аю) Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)

Ирең-ирең еткен, Бар даусымен тақылдап

Судан да, жолдан да өткен. Шалшық көлді мақтайды

Оны көрген жерден Өзін-өзі мақұлдап

Барлық адам безген. (Жылан) Бірін-бірі мақтайды.

Тәулік бойы бақылдап

Мезгілімен жатпайды. (Бақа)

  • Бұл жануардың денесі қабыршақты болады, оның мекені - су. Бұл не? (Балық)

  • Енді, балалар, осы аталған жануарлардың әрқайсысы қай топқа жататынын анықтап, интерактивті тақтадағы сөздерді сызбамен сәйкестендіреміз.

Жылан жорғалаушылар

бақа қосмекенділер

аю сүтқоректілер

құмырсқа бунақденелілер

тоқылдақ құстар

балық балықтар

Үй тапсырмасын сұрау.

  • Сонымен, жануарлар жайлы не оқып келдіңдер?

  • «Жануарлар қалай өсіп-өнеді?» мәтіні

  • Қандай жануарлардың түрлері туралы әңгімелейміз?

(Аю, кірпі, бұлан, қоян, бақа, балық, жылан, кесіртке)

Оқушылар осы жануарлар туралы әңгімелейді.

  • Балалар, жануарлардың табиғатқа, қоршаған ортаға қандай пайдасы бар?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

  • Ал олар еліміздің қандай жерлерінде мекендейді?

(Далалы, орманды, шөлді, сулы жерлерде )

  • Қазір, балалар, біз сендермен орманға ойша саяхат жасаймыз. Қазір сендерге орманның үні естіледі. Сендер ненің дауыстары шығатынын анықтап көріңдер. (Үнтаспадан «Орман даусы» естіледі)

  • Құстардың тамылжыта сайраған даусы, құстардың әндеткен үндері, ызылдаған жел, сыбдырлаған жапырақтардың даусы, сылдырап аққан бұлақтың үні, жан-жануарлардың түрлі дауыстары)

  • Ал осы дыбыстар сендерге қандай сезім тудырды?

  • Қуаныш сезімін, рақаттану, демалу, әдемілікке сүйсіну, шаттық сезімін тудырады.

  • Ендеше, жануарлар да, өсімдіктер де өсіп-өнуі, көркеюі үшін, көбеюі үшін не қажет?

  • Ауа, су, жылу, жарық, қорек.

  • Өкінішке орай, балалар, ауа мен су үнемі таза бола ма?

  • Қоршаған ортаны кімдер ластайды?

ІІІ. Жаңа тақырып.

  1. Дайындық кезеңі.

  • Енді, балалар, осы жануарлар туралы «Шеңбер аясында» атты рөлдік ойын-жаттығуын орындайық.

Ортаға жануарлар маскаларын киген оқушылар шығып, жасыл таспаның ішіне орналасады. Оқушыларға сұрақ қойылады.

  • Балалар, мына жануарлар орманда барлығы бірге тіршілік етеді екен. Бірақ олардың өмір сүретін жерлері күннен күнге азая беріпті. Неліктен деп ойлайсыңдар?

Әр жауап сайын таспа байланады да, шеңбер аясы кішірейе береді. Осы жағдайдан кейін нені байқауға болатынын сұраймын.

  • Адамдар жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Бүгін біз сендермен жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін, олардың жойылып кетпеуін қадағалау үшін арналған «Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы» туралы тақырыбымен танысамыз. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап «Деректердің Қызыл кітабы» деп аталды. Ал Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылы басылып шықты. Оған республикамыздағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақстанның әр жерлерінде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды. (Қорықтардың атауларын оқып көрсету. Слайд) Батыс-Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысының аумағанда.

-Енді, балалар, біз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген кейбір жануарлардың түрлерімен танысамыз.

а) Бейнефильм, слайдтар бойынша жануарлармен таныстыру.

Құлан, қоқиқаз, арқар, барыс туралы бейнефильм бойынша оқушыларға әңгімелету, қалған деректерді өзім толықтырып айтамын. Слайд бойынша дуадақ, бүркіт, аққу, тырна, қарақұйрық, жолбарыс, т.б көрсетіледі.

ә) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып көрсету;

Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту;

Мәтін желісі бойынша сұрақтарға жауап алу

б) Бақылау күнделігі бойынша жұмыс

Бақылау күнделігінің беті бойынша аталған жануарлар мен өсімдіктердің атауларын жазады.

в) Экологиялық есептер.

Мониторда есептердің мәтіні жазылады, әр оқушы өз бетінше орындайды.


  1. Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі - орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1аптада қанша зиянкестерді жей алады? (7кг)


2. Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12кг шөп жесе, үш маралға неше кг шөп керек? (36кг)


ІV. Бекіту.

«Жануарлар» тарауы бойынша тест тапсырмаларын компьютерде орындау. Білімдері бағаланады.

V. Қорытынды.

Рефлексия

Сабақтан жағымды әсер алған оқушылар «Табиғат жанашырлары» акциясына қатысады. Оқушылар Шығыс Қазақстан облысында мекендейтін Қызыл кітапқа жазылған жануарлар мен өсімдіктердің аттарын атап, суреттерін Шығыс Қазақстан облысы картасының айналасына іледі.


Үйге тапсырма.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал