7


  • Учителю
  • С. Торайғыров 'Арыстан мен Тышқан'

С. Торайғыров 'Арыстан мен Тышқан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»


Мақсаты: Мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып,негізгі ойды,

идеяны ұғындыру.

Танымдық тапсырмалар арқылы өз ойларын тұжырымдап,

жеке топта айта білуге,еркін ойлауға дағдыландыру.Тілдерін

дамыту.Оқу шапшандығын арттыру.

Адамгершілікке,азаматтыққа тәрбиелеу.

Түрі: Дамытушылық


Типі: Жаңа білімді меңгерту


Стратегиялар: Ой қозғау,жуан,жіңішке сұрақтар,ассоцияция,Т кестесі


Көрнекілігі: С.Торайғыров портреті,мақал-мәтелдер,слайд,

интерактивті тақта


Сабақтың барысы


І.Қызығушылығын ояту:


І.І.Психологиялық дайындық:


Біздер бүгін баламыз,

Өсіп алға барамыз.

2030 жылдары,

Бізде азамат боламыз.


І.ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:


О.Әубәкіров Ара мен Шыбын


ІІ.Мағынаны ашу :


ІІ.І.Жаңа сабақ : С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»


1.Мәтінді мәнерлеп тұтас оқу


2.Мәтінді рөлге бөліп оқу


ІІ.ІІ.Оқығанды талқылау:


1.Мысалдағы оқиғалар нелер арасында болған?

2.Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?


3.Тышқан қалайша өлімнен құтылды?


4.Ол өз уәдесін қалай орындады?


ІІІ.Ойтолғаныс:


3.1.Полиглот

Арыстан-Лев-Lion

Тышқан-Мышь-Mouse


3.2.Ассоцияция құру:


І.қатардағы топтар: Арыстан


ІІ.қатардағы топтар: Тышқан


ІІІ.қатардағы топтар: Жұмбақ немесе өтірік өлең құрастыру


3.2.Мысалдың мазмұнына қарай қай мақал-мәтел сәйкес келеді?

Басыңа күн түссе,

Жақсы көмекке келеді,

Жаман күліп кетеді.


Жаман дос көлеңке,

Басыңды бұлт шалса,

Қашып құтыла ламайсың.


3.3.Қорытындылау:

-Міне,балалар біз басымызға іс түссе,көмек ете білуіміз

керек.


3.4.Үйге тапсырма: С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»

Мысалды бөліктерге бөліп оқу.

Мысалды өз ойыңша әрі қарай жалғастыр.

Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал-

мәтел іздестіру


3.5.Бағалау

Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті

Ұлан аудандық білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Бозанбай орта мектебі» К.М.М.



Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»


(Ана тілі 4-сынып)

Мұғалімі:Алимбаева

2012-2013 оқу жылы


Сабақты талдау


4 «А» сыныбы


Мұғалімі:Алимбаева А:И.


Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»


1.Оқушылар саны : 28


Жақсы оқитын оқушылар саны: 9


Ана тілі пәні бойынша үлгерім сапасы : 32%


Бұл пәнді оқушылар көрнекі құралдардың көмегімен қызыға оқиды


2.Бұл өтілген сабақ


Түрі : Дамытушылық


Типі : Жаңа білімді меңгерту


Тех-сы : С.Т.О.

Стратегиялар: Ой қозғау,жуан,жіңішке сұрақтар,ассоцияция,Т кестесі


Көрнекілігі: С.Торайғыров портреті,мақал-мәтелдер,слайд,

интерактивті тақта


3.Мақсаты: Мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып,негізгі ойды,

идеяны ұғындыру.

Танымдық тапсырмалар арқылы өз ойларын тұжырымдап,

жеке топта айта білуге,еркін ойлауға дағдыландыру.Тілдерін

дамыту.Оқу шапшандығын арттыру.

Адамгершілікке,азаматтыққа тәрбиелеу.


4. Сабақ жан-жақты ойластырылған.Бұл сабақта оқушылардың шығармашылық жұмыстары,ізденімпаздығы,оқулықпен жұмыс дағдылары т.б.қасиеттері жақсы көрсетілді.9 оқушыға 5 деген баға қойылса,19 оқушыға 4 деген баға қойылды.


5. Мен осы өткізген сабағымда қойған мақсатыма жеттім


6. Шығу парағы бойынша қатысқан мұғалімдердің пікірі


1. Мұғалім сабақты жан-жақты ойластырған.«Ара мен Шыбын» шығармасын рөлге бөліп,дауыс ырғағын (интон) жақсы келтіріп оқыды(.Ітоп),ІІ топ өтірік өлең оқып,жұмбақтар жасырып келген,

ІІІ топ қонақжайлылық туралы мақал-мәтелдерді жақсы дайындаған.Жаңа сабақ бойынша оза оқыту тапсырмасы берілген.

С.Торайғыров туралы,арыстан,тышқан туралы ақпарат дайындап келген.Оқушылар кейіпкерлер туралы өз пікірлерін ашып айта алды.


Құрманғалиева К.К.


2. Сабақ компьютерлік технологияны пайдаланып өткізілді. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары,ізденімпаздығы,

оқулықпен жұмыс істеу дағдылары т.б.қасиеттері жақсы көрсетілді.

Мұғалім сабақта ойын технологияларын,С.Т.О.технологияларының

элементтерін шебер қолданды.Сабақ өз мақсатына жетті.

Абдрахманова Г.Т.


3.Бүгінгі сабақ жақсы өтті.Оқушылар топ бойынша жақсы жұмыс атқарды.Слайд өте жақсы жасалыпты.Үй тапсырмасына келсек оқушылар жақсы дайындықпен келіпті.Әсіресе 3-қатардың қонақжайлық мақал-мәтелі өте ұнады.Сонымен қатар қазақ тілінен орыс тіліне,ағылшын тіліне аударып полиглот ойыны жақсы,қызықты болды.Оқушылар барлық тапсырмаларға белсене қатысты.

Сағиолда Нуршат

4. Бүгін сабақ жақсы өтті.Оқушылардың топ бойынша рөлге бөліп оқығандары ұнады.Үй тапсырмасы 3-қатардың мақал-мәтелдері қызықты және жақсы болды.Полиглот туралы ойын қызықты өтті.

Оқушылардың барлығы сабаққа белсене қатысып,өздерін көрсете білді.

СаденоваЛ.С.

5. Сабақтың құрылысы өте жақсы,әдістемеге сай.Сабақтың этаптары сақталған.Сабақта оқытудың жаңа технологиясы топпен жұмыс жүргізілді.«Кенет» турнирі қызықты болды.«Ақпаратшы» топтар жақсы жұмыс істеді.Интербелсенді тақта тиімді пайдаланылды.

Оқушылардың білімі білім стандартына сай.Сабақ жоғары деңгейде өтті.

Жайылганова М.Ф.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал