- Учителю
- Сабақ жоспары 'Зат есімді қайталау'
Сабақ жоспары 'Зат есімді қайталау'
Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау
Сабақтың мақсаты: Зат есімнен алған білімдерін пысықтау, зат есімнің түрлерін ажырата білуге үйрету, зат есімді тәуелдей білу; тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту; оқушыларды ұйымдастырушылаққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі (жарыс) сабақ, саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс істеу, топтастыру
Көрнекілік: (интерактивті тақтадан) ауылдар, тапсырмалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ! Сабағымыз ертегі желісінде өтпек. Ертегіміз былай басталады екен:
Ерте, ерте, ертеде,
Мінезі суық қаталдау
" Қазақ тілі" атанған,
Хан патшасы болыпты.
Үйлер тігіп жайлауға,
Қыр басына қоныпты.
Зат есім деген атаның
Бес ұлы болыпты.
Бесеуі де ер жетіп,
Білімімен жаныпты.
Ақылымен жетектеп
Сара жолға салыпты.
Бесеуіне қаз-қатар
Үш үй тігіп беріпті.
Себебі төрт баласы
Ұқсас егіз болыпты.