- Учителю
- Математика 'Cағат, минут, олардың арақатынасы. . '
Математика 'Cағат, минут, олардың арақатынасы. . '
Сабақтың тақырыбы: Cағат,минут,олардың арақатынасы. .
Сабақтың мақсаты: а) Уақыт түсінігін қалыптастыру,уақыттың өлшем бірліктері-сағат,минутпен,олардың арақатынасымен таныстыру,уақытты сағат бойынша анықтау.
б) ауызша есептеу дағдыларын дамыту,фигураның периметрін табу
дағдыларын жетілдіру,салыстыру,өз пікірін жүйелі жеткізе білуге баулу.
в) байқампаздыққа,зеректікке ,елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:сағат моделі,суреттер,рим цифрлары,рәміздер,елбасы суреттері.
Түрі: ашық сабақ
Әдісі:сұрақ жауап,талдау,әңгімелеу,түсіндіру.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі Оқушылар назарын сабаққа аудару.
II. Қызығушылығын ояту «Бір минут»
Талғаттың отбасы жинақылықты,дәлдікті сүйетін.Тек Талғат қана кешігіп жүретін.Тамаққа шақырса, « Қазір,бір минуттан кейін барамын »дейді екен.Әкесі оған: «Сен қашан уақытты қадірлеуді үйренесің ? »дейтін. «Бір минут деген көп уақыт па ?»дейтін.Бірде мектепте шаңғы жарысы өтті.Талғат шаңғыны жақсы тебетін,ол өзінің жеңімпаз болатынына сенген,Бірақ жолдасы бір минутқа озып келді.Талғат екінші орын алды,үйге көңілсіз қайтты.Жеңілгенін әкесіне айтқанда «Ештеңе етпес.Бір минут деген көп уақыт па?
Сендер қалай ойлайсыңдар?(Оқушылар өз пікірлерін жеткізеді)
III.Жаңа сабақ.
Ой қозғау.Ал минуттың маңызды екенін қайдан,қай құрал арқылы білеміз?
-Сағатқа қарап білеміз.
-Ендеше оқулықтағы 1-жаттығуды оқып түсініп алайық.(Тапсырманы оқып,сағаттағы уақытты атау.Сағат моделінен сағат тілдерін таныстыру.)Сағаттардағы рим цифрларын таныстыру.
-
1сағ =60 мин
I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Дәптермен жұмыс. Рим цифрларын жазып алу.
2-жаттығу.Сағат қандай уақытты көрсетіп тұр?(Ауызша)
3-жаттығу тапсырмада көрсетілген сағаттарға қарап үй тапсырмасына жұмсалған уақытты
есептеу.
IV.Ой сергіту.Жақында қандай мейрам келе жатыр? - Тұңғыш Президент күні
Төмендегі уақыт қайсысына тиесілі? «Сәйкестендіру»
16 желтоқсан Қазақстан президенті сайланған күн
30 тамыз Н.Назарбаев туған күні
1 желтоқсан Конститутция күні
1991 жыл 1желтоқсан Тұңғыш Президент күні
1940 жыл 6 шілде Тәуелсіздік күні
Ойын: «Кім зерек? »
Шығармашылық тапсырма. Адам жасын қалай анықтауға болады?
Н.Назарбаев президенттікке сайланғанда неше жаста болды?(1991-1940=51
Оқулықпен жұмыс. 6-жаттығу
Фигуралардың периметрін анықтап дәптерлеріне жазу
4-жаттығу.Есепті талдап шығару.
Әнуар-30 мин қанша болса
Сапар-? 30 мин а
Еркін-?сонша
Ш:(30+30)+30=90 (мин)
Ж:Еркін үй тапсырмасына 90 минут жұмсады
V.Сабақты бекіту.Уақытқа есептеу 5-жаттығу.
Уақыт өлшем бірліктерін кішісінен бастап ретімен атаңдар.
Секунд,минут, сағат , күн,апта,ай,жыл ,ғасыр
VI.Үйге тапсырма 7-жаттығу.
VII. Бағалау.Мадақтау.
Уразаева Нағима Шарапиқызы
Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі