- Учителю
- 1 сыныптағы 1 танысу ашық сабағы
1 сыныптағы 1 танысу ашық сабағы
Танысу сабақ "Бірінші рет бірінші сынып"
-
Амандасу
- Құрметті ата-аналар, балалар,! Бүгін сендер бірінші рет мектепке келдіңдер! Сендер бізідің мектепке біздің сыныпқа келгендеріңе өте қуаныштымын! Мен сендерді өмірлеріңдегі маңызды қадамдарыңмен құттықтаймын. Бүгінгі білім күні және мәңгілік еліміздің конституция күні құтты болсын!
- Сендер қандай бақытты баласыңдар! Барлықтарың әдемі,
сүйкімдісіңдер!
- Бүгін қай күн, кім біледі? (1 қыркүйек)
- Ал нешінші жыл?
- Бұл күнді балалар естеріңе сақтаңдар. 2016 жыл 1 қыркүйек.
2. Негізгі бөлім
- Бүгін сендер бүлдіршін емессіңдер, бүгіннен бастап сендер оқушысыңдар!
- Бұл сиқырлы бөлме сынып деп аталады.Сыныпта сендер күнде ерекше сыйлық аласыңдар, бірақ бұл ойыншық, кәмпит емес. Бұл білім!
- Мектепте кім білім беретінін сендер білесіңдер ме?
(Мұғалім)
- Дұрыс. Мен сендердің бірінші мұғалімдеріңмін. Менің атым Алия
Амантаевна.
</ - Мектепке біз тек білім алу үшін емес сонымен қатар
достасу үшін келеміз. Тек өзара емес сендердің ата-аналарың да
достасады. Қане бірінші күннен бастап ұранымызды есте сақтайық және
қайталайық. « Ең білімді баламыз, ылғи тату боламыз».
- Егер біз бір-біріміздің атымызды білмесек қалай достасамыз?!.
- Балалар бұл не? (Күн)
- Күн - бұл мен. Қараңдаршы, менің шуақтарым қалай көп! Бұл
сендерсіңдер, балалар!
- Әр шуақтың өз есімі бар. Парталарыңда сендердің есімдерің
жазылған дөңгелектер жатыр. Қазір әр оқушы тақтаға шығып өз есімін
дауыстап айтып өз дөңгелегін кезкелген шуаққа жабыстырады.
3. Заключительная часть
-Жақсы балалар біз енді бір-бірімізді танимыз, біздің сынып қандай керемет,
- Барлығымыз орнымызға отырамыз.
- Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)
- Біз Отанымызды жақсы көреміз бе, мақтанамыз ба?Отанымыздың қандай белгілері бар?
- Дұрыс, ту елтаңба, әнұран, ата заң бұл еліміздің рәміздері.
-Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан -сенің
туған елің, туған жерің, дос -жарандарың, туған туысқаның. Отан-
бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам
үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді
анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді
сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
- ендеше алдарыңда еліміздің қандай рәмізі тұр? Туды бояйсыңдар.
Ал ата-аналар, біздің сынып ол да кішкентай мемлекет. Ендеше сіздер біздің мемлекетіміздің туын ойлап тауып, суретін салыңыздар.
- Жақсы, керемет! Біздің сыныптың туы да ата-аналарымыздың көмегімен дайын болды. Рахмет!
4. Қоштасу
- Бүгін біз тамаша жұмыс істедік. Сабағымыз үшін бір-бірімізге алғыс айтып,сабағымызды аяқтаймыз. Ол үшін кімге алғыс айтқыларың келсе, көздеріңмен қарап, бастарыңды изеңдер.
-
Барлықтарыңызға рахмет!