7


  • Учителю
  • Cабақтың тақырыбы: Қазбек бидің шешендігі.

Cабақтың тақырыбы: Қазбек бидің шешендігі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: А. Молдабаева

Күні:16.09.2015ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Cабақтың тақырыбы: Қазбек бидің шешендігі.

Сабақтың мақсаты: Шешен Қазбек бидің тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра

отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға

тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін,

байқағыштығын жетілдіру; сөздік қорын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: кітап,суреті, сызба, кесте.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. . Сабаққа әзірлік. Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.. ---Балалар, сендерге қандай үзінді ұнады?

--Кім жатқа айтар екен?

--Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар)

--Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт.

---- Сырым Малайсарыға неге ренжіді?

--Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен досыңа қандай бата - тілек айтар едің?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе:

Қазаққа ғана емес, жоңғар мен қалмаққа да, қытай мен орысқа да аты мәлім, ел мүддесі жолындағы күресте айтулы еңбегі сіңген қайраткер - Қазыбек Келдібекұлы. Жастайынан шешендігімен орынды төрелік жасай білгендігінен Бала би аталып, кейін қаздың қаңқылына үндес қоңыр дауысына қарай Қаз дауысты Қазыбек би атанған.

Тәуке хан тұсында Орта жүздің биі болып, иісі қазаққа ортақ заңға айналған «Жеті жарғыны» жасасқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында да тура жолдан таймай, әділдікті ту еткен жоңғар-қазақ соғысында тұтастай Отан соғысын ұйымдастыруда іскерлікпен басшылық ісіне араласқан, аса қабілетті, айбынды кісі болған. Руаралық, жүзаралық хан-сұлтандар тартысы һәм халықаралық маңызды шиеленістер мен келісімдер Қазыбек бидің кесіміне тіреліп отырған.

1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі - Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады. Оған Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары жыл сайын келіп, әртүрлі кеңестер алады, тіпті Қазыбек бидің келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешілмейді екен», - деп жазылған («Абылай хан» Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Ел аузында, халық әдебиетінде Қаз дауысы Қазыбек бидің шешендік сөздері мен билік кесімдері кең таралған. Жазба әдебиетке түскен сөздері де мол. Тарихи мұрағаттық құжаттарда, Қытай, Ресей жазбаларында көп деректер сақталған.

Оқулықпен жұмыс.

А) Мұғалімнің оқуы

Ә)Оқушыларға тізбектей оқыту

Б)Оқушыларға іштей оқыту

Сөздік жұмыс: Кемеңгер кісі - дана, данышпан адам.

Несие - бұл жерде: берген тәрбиенің жемісі.

Жанары таю - көзі нашар көру.

1. Төле би Қазбектен не сұрады?

Қазбек бидің алыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны нелер екен?

Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап сұраған қай сөздерінен байқауға болады?(Әкеме жете туған баласы болармын. ... Төле биге қойған сұрағынан оның тапқырлығын, шешендігін білуге болады.)

ҮІ. Қорыту: Кестемен жұмыс: зер сал, өз ойыңды тұжырымда. Төле бидің Қазбекке қайырған жауабының мәнін кестегесүйеніп жаз.

Алысыңыз қандай? Алысым жақын. Жақыннан көру

Тәттіңіз қандай? Тәттім сирек. Ұйқысының сирегені

Несиеңіз қандай? Несием өсіп жатыр. Балаларының күтімі

ҮІІ.Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту.

ҮIII. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал