7


  • Учителю
  • Презентация Тәрбие сағатыАлтын күз-береке

Презентация Тәрбие сағатыАлтын күз-береке

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз-береке

Мақсаты: Күз мезгілінің қыр-сырын меңгерту. Тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Құстардың, ағаштың, жапырақтың суреттері, жеміс-жидектер, оқушылардың салған суреттері, сынып бөлмесін күзге байланысты безендіру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жұмбақ жасыру

Ағайынды бәрі,

Шықса -жасыл,

Түссе - сары

Бұл не?

Сыныпты үш түрлі жапырақтар арқылы 3 топқа бөлу.

Балалар қай мезгілде жапырақтар сары болады?

- Күз мезгілінде.

Тағы күз мезгілінде не болады?

Күз белгісі не?

-жапырақтар сарғаяды.

-құстар қайтады

-күн суытып, жаңбыр жауады:

-жеміс-жидектер піседі.

Астық жиналады.Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:» Алтын күз-береке» деп аталады. Ал кім маған күз айларын атап бере алады?

- қыркүйек,қазан, қараша .

Күз мезгілінің өзі 3 кезеңге бөлінеді екен.Ерте күз,алтын күз,қоңыр күз .Ерте күзде жеміс жидектер піседі екен.алтын күзде жапрақтар сарғаяды,ал қоңыр күзде жапырақтар түсіп, жер қараяды.

күзді неге береке дейміз?

Адамдар жаз бойы жасаған еңбектерінің жемісін көріп,егіндерін жинайды , егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған.Тек қана адамзат баласы ғана емес бүкіл табиғат жаратылысы (аң-құс) күз мезгілінде өз азықтарын жинап қысқа дайындалады.

Ал сендердің аналарың қыс мезгіліне қандай дайындық жасап жатыр?

Ал,құстар мен жануарлар күз мезгілінде қыстан аман қалу үшін қандай дайындық жасап жатыр?

Күз мезгілі суретшілерді сурет салуға,ақындарға өлең жазуға,композиторларға ән жазуға шабыт берген.Суретшілер күз туралы ішкі сезімін қылқаламмен өрнектесе,ақындар сөзбен,ал композиторлар дыбыспен өрнектеген екен,

Енді Чайковскийдің күз туралы жазған өлеңін тыңдап, Исаак Левитанның күз туралы салған суретіне қарап назар аударайық.

Алтын күз қай суретте бейнеленген?Оны қайдан білдіңдер? Презентация Тәрбие сағатыАлтын күз-береке

Ал Абай атамыздың мына өлеңі қай суретке сәйкес келеді екен.Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,жапырағынан айырылған ағаш қурай. Күз мезгілінің қай айына сәйкес келеді екен?

-қараша айнына сәйкес келеді. Ендеше Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.





Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. ағаштардың жапырағынан айырылып жалаңаштануы қылышын сүйретіп келе жатқан қыстың белгісі болып табылады.

Топпен жұмыс

І топ. Күз мезгілінің суретін салады.

ІІ топ Жемістер мен көкөністерді сәйкестендіреді.

ІІІ топ Жемістер мен көкөністердің аттарын атап, түстерін, пішіндерін айтып, сөз тіркестерін айтады.

Алма - жеміс, домалақ, түсі қызыл, дәмі тәтті.

Қияр - көкөніс, пішіні сопақша, түсі жасыл. Т.с.с.





1-бала: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атыра

2-бала: Күздің қазан айында,

Алма,алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

3-бала: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көк егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйле

4-бала: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Құс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

5-бала: Біздің дала- бай дала

Алтын астық айнала.

Астық дала сәулеті,

Астық-Отан дәуле

6-бала: Күз арқылы білеміз,

Жомарттықтың салтын біз.

Біз өзіңді сүйеміз.

Рахмет саған,алтын күз!

Жаннұр

Көбейді құт-береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Үміт:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Жансая

Күншуаққа маужырап

Жатыр еді атырап,

Ағаштардан жамырап

Ұшты сары жапырақ.

Аслан

Әй алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап.

Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы.

Күз дегеніміз-қызу еңбек кезеңі

Күз дегеніміз-байлық,молшылық ,береке.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал