7


  • Учителю
  • Менің Отаным - Қазақстан (2 сынып)

Менің Отаным - Қазақстан (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: ДТІЖО: Ғ.Бисегулов

Күні: 01.09.2015ж

Сыныбы: 2

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан!

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1) Білімділік: балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.

3) Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас

Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат



Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Еркебұлан: Әнұраным- жан ұраным,

Айтар әнім- сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Еліміздің әнұраны

Гимн орындалады.



- Кәне балалар Отан деген не?

- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.

- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

- Біздің - Отанымыз Қазақстан.

- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.



ІІ. Негізгі бөлім.

Оқушыларды 2 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)

1 - топ: Туған жер

2 - топ: Отан

(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)

Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.

20 - ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?

20 - Еліміздің бас қаласы

20 - ҚР президенті

50 - ҚР туының авторы

50 - ҚР елтаңбасының авторлары

50 - Әнұранымыздың авторлары

100 - Еліміздің көрікті жерлері

100 - Отан туралы өлең айт

100 - Отан туралы ән шырқа



Балалар, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.



Аружан: Ата-бабам арман еткен ежелден,

Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен.

Қазақстан тәуелсіз ел атанды,

Бірден оңай келмегенін білем мен.

Бейбіт күнім күлімдейді төбемнен,

Қара бұлтты ыдыратып сөгем мен.

Тойлап келем қатарынан жиырма үш жыл,

Ел болды деп Қазақстан егемен.

Дана: Жаса, жаса, Қазақстан - мекенім!

Белгілі ғой бір перзентің екенім.

Біз боламыз өркендетер өзіңді,

Дарасың сен, Қазақ елім, Бек елім!

Жыр- кеудеде көп қой саған берерім,

Не көрсем де бірге елмен көремін.

Кірпішің боп қаланамын, туған жер,

Гүлде, жайна, Қазақстан - Өр Елім!

Еркебұлан: Елім менің!

Қазақстан - менің туған анамсың,

Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.

Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,

Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.

Елім менің атыңды атап ер жеттім,

Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.

Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,

Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.

Соның бәрін көрсеттірген өзіңсің,

Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.

Қазақстан, менің Қазақстаным!

Данагүл: Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Шаттық: Қазақстан, Қазақстан - алтын күн,

Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.

Атандың сен барлық әлем тілінде,

Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.

Қазақстан, Қазақстан - ұлы анам,

Есіміңді естігенде қуанам

Қазақстан - қиял жетпес биік тау,

Қазақстан - жазғы күнгі гүл алаң.

Нұрсауле: Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,

Еркін жүріп көксемеген кеңдікті

Жиырма үш жыл болды, тәуелсіздік алдық біз.

Жалғастырып баба жолын, елдікті.

Шақырады Елбасымыз бірлікке,

Еңбек ет деп, күніңді көр тірлікте.

Татулық бар, еңбек өмір тілегі,

Неге қажет даурықпа сөз, дүрлікпе.

Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,

Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.

Көк байрағым көкте биік желбіреп,

Бірлікке шақырып бізді жатқандай.

Айбек: Бұл күнде қазақ елі дамып жатыр,

Аты - жөнін жер әлем танып жатыр.

Халқының ілгерілеу қамын ойлап,

Елбасым шартарапқа барып жатыр.

Ата заңы басшылықты алып жатыр.

Орнасын жер әлемде тыныш заман.

Өмір сүрсін теңдікте барлық адам.

Зу етіп өте шығар бұл жалған да,

Аман жүрсін бар қауым тыныс алған.

Тыныштық болса дейміз жер бетінде,

Бейбітшілік, азаттық ел еркінде.

Желбіреп көк байрағы қазағымның,

Биік бола берсе екен ел көркіне.

- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

1 - оқушы: Отан от басынан басталады.

2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3 - оқушы: Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.

4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.

5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,

Арың үшін алыссаң өлмейсің.



20 жылдықта еліміздің жеткен жетістіктері

Шаттық: 1991 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің жариялануы.

1991 ж. 2 қазан Т.Әубакіров ғарышқа ұшты

1991 ж. 1 желтоқсан ҚР Назарбаев Н.Ә. президент болды.

1991 ж. 21 желтоқсан ТМД құрылды.

Данагүл: 1992 ж. 2 наурыз БҰҰ-ға мүше болды.

1992 ж. Қазан-қараша Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы.

1992 ж. 4 маусым Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.

Нұрсауле: 1993 ж. 15 қараша теңге айналымға шықты.

Қазақстан республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Қ.Р.Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ол мемлекеттің заң шығарушы тұғыры. Еліміздің Конституциясы адам құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамдық даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы болып табылады

Дана: 1995 ж. 1 наурыз ҚР Халықтар Ассамблеясы құрылды.

1997 ж. 2030 стратегиясы жарияланды.

1998 ж. 10 маусым Астананың тұсау кесері.

2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

Аружан: 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.

2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.

2004 жылы «Қазақстан - Ресей» жылы болды.

Айбек: 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.

2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.

2010 ж. ОБСЕ төрағалық еттік.

2011 ж. 7 қысқы Азия ойындары.

2011 ж. Ислам саммиті.

</<font face="Times New Roman, serif">

Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.



Тілек.

(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)

- Балалар! Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.

Ән: «Алға,Қазақстан» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)

Орындайтындар: 2 сынып ұлдары

Қорытынды.

Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқың сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің - дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал