7


  • Учителю
  • Дүниетану 'Жемістер, көкөністер және тұқымдар' 1 сынып

Дүниетану 'Жемістер, көкөністер және тұқымдар' 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Дүниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жеміс. Тұқым.Көкөніс.

Сабактың мақсаты: 1. Жеміс, тұқым , көкөністер және олардың пайдасы
жайлы түсінік беру Жемістер мен көкөністердің
атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу
2. Өсімдік тобы, мүшелері туралы алған білімін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік жемісі туралы суреттер, көкөністер, жеміс-жидектер, электронды оқулықтар, плакаттар.



Оқыту әдісі: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымадастыру.
Окушылардың зейінін сабаққа аудару.
2.Өткен сабақты еске түсіру:
Шөп текті өсімдіктердің мүшелері туралы әңгімелеу.

ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Жеміс пен көкөніс туралы не білетінін сұрау?
Олардан аналарың не дайындалады?
Электрондық оқулықтан көрсету.
Тақырыпты оқи отырып түсіндіру, көрсету .
Өсімдік жемістері алуан түрлі болады. Бидай жемісі масақта орналасады. Оны «дән» деп атайды. Жүгері жемісі сабағына орналасады. Жүгері жемісі де «дән».
Ал қарағайдың жемісі -бүр. Еменнің жемісі -жаңғақ. Таңқурайдың жемісі-жидек. Жеміс гүлден пайда болады.
Өсімдік тұқымнан көбейеді.Оның тұқымдары құстар, аңдар, адам, жел арқылы алыс жерлерге таралады.Үлпілдек жеңіл талшықтары, желпуіш «қанаттары» бар тұқымдар да кездеседі.Осы ерекшеліктері олардың жел арқылы алысқа таралуына себепші болады
ә)Көкөніс тағамға пайдаланатын өсімдік. Тағамға олардың әр түрлі мүшелерін пайдаланады. Түйнек-топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі. Орамжапырақ-тығыз оралып өскен жапырақ. Жемтамыры-қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры. Қияр, қызанақ-жемістері гүлден пайда болады. Көкөністің кейбір түрлерін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түрінде отырғызады. Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады. Оның қыста өсіретін жерін жылыжай деп атайды. Базарда көкөністер қысы-жазы болды.

Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Сергіту сәті.
Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратқан
Қанша қалды алмұрттан?
Ойын:Жемістер мен көкөністерді жинау

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

Танымайтын өсімдіктерді жеуге болмайды. Кейбір жемістер улы болады. Әр жемістің атын ата.
Жемістің, тұқымның суретін салу. Тәжірибе жасау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар

-Біз не жайында білдік?
-Өсімдік жемістері қандай?
-Ол қайдан пайда болады?
-Өсімдік тұқымын қай мезгілде жинайды?
-Қалай дайындап, сақтайды?
-Көкөністердің қандай пайдасы бар?

ҮПІ. Үйге тапсырма, бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал