7


  • Учителю
  • Сауат ашудан сабақ жоспары 'Көкөністер' (1 сынып)

Сауат ашудан сабақ жоспары 'Көкөністер' (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні/айы 18.12.15

Пәні: сауат ашу

Сабақ №99

Сабақтың тақырыбы

Көкөніс (Ю.Тувим)

Жалпы мақсаты

Өлеңді түсініп оқу арқылы негізгі ой ұғындырылады.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Оқыту әдісі

сұрақ-жауап, әңгімелеу, жаңа әдіс-тәсілдер т.б.

Күтілетін нәтижелер

Дауысты және дауыссыз дыбыс , буын, сөз, сөйлем және көкөністертің пайдасы жайлы біледі.

Ресурстар

Дид.материалдар, қима қағаздар т.б.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2.Психологиялық тренинг

3.Сабақтың мақсатын хабарлау.

1) Амандасу

ІІ. Өтілген материалмен жұмыс.

2.Сұрақтарға жауап алу.

1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады.Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады.

3. Сұрақтарға жауап береді.

Негізгі бөлім

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Армысың, Алтын күн,

Армысың, Жер-Ана!

Армысың, достым!

Армысың, мұғалім!

Армысыздар, қонақтар!

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударту.

Сабаққа қажетті оқу-құралдарын дайындату.

Баланың партада дұрыс отыруын қадағалау. Бағалау фишка жылжыту арқылы болатынын хабарлаймын. (Осы сәтте есік қағалап, хат әкелінеді)

-Балалар, мынау хат кімнен келді екен? Қалай ойлайсыңдар? (Аяз атадан екен) Ашып, оқимын :«Құрметті 1 «Б» сыныбының оқушылары! Жаңа жыл жақындап қалды, барлығың асыға күтіп отырған шығарсыңдар. Сендерден көмек сұраймын. Ақшақарды жалмауыз кемпір сиқырлап тастады. Оған тек жақсы оқып, қатесіз жазатын, тәртіпті балалар көмектесе алады. Мен сендерге сенемін.» Сәлеммен Аяз Ата

-Ал, балалар, көмектесеміз бе? Әйтпесе Ақшақарсыз Жаңа жыл болмайды ғой?

ІІ.Өткенді қайталау: Дыбыс дегеніміз не? Қандай түрлері болады? Дауысты дыбыстар қандай болады? Жұп дауыстыларды атайық.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? Әріп дегеніміз не? Қандай түрлері болады? Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? Сөз неден құралады? Сөйлем неден тұрады? Оқушы, кітап сөзін екі оқушы тақтаға жазады, екі оқушы дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем құрайды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бақшада не өседі? (көкөніс) -Көкөністер туралы не білесіңдер? Көкөністерді ата. Жемістерге нелер жатады?

- Балалар, біздер көкөністің қазақшасын білеміз, енді, орыс тілінде,ағылшынша қалай атаймыз?.

«Әрі оқу, әрі ойын» әдісі:
1. Болгар бұрышы - перец -Pepper(пэпэ)
2. Бұршақ - горох-Peas(пис)

3. Картоп - картофель-Potato (потэйту)
4. Қызылша - свекла -Beet(биит)
5. Сәбіз - морковь-Carrat-(кэрбт)
6. Қияр - огурец-Cucumber(кюкамбэ)

7. Орамжапырақ - капуста-Cabage(кабэдж)

Көкөністер - бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп - крахмалға, ал қызылша - қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде - организмде А дәрумені түзілетін - каротин (А продәрумені көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк - хош иісті заттарға бай.

Әр топ өз атауларына байланысты сөйлем құрап айтады. Әр топ өз көкөнісін сипаттайды.

Топтық жұмыс жүргізіледі.

1-топ - «Бұрыш»

2-топ - «Картоп»

3-топ - «Қызылша»

4-топ - «Сәбіз» Әр өз атауына сай сөйлем құрайды. Әр топ өз атаулары жайында білгендерін ортаға салады.

- Бүгін Юлиан Тувимнің «Көкөністер» деген өлеңімен танысамыз. Ю.Тувим 1894-1953 жылдары өмір сүрген әйгілі поляк жазушысы.

2. Оқулықпен жұмыс

1. Өлеңмен жұмыс

а) мен оқимын

ә) оқушылар оқиды

б) сөздік жұмысы

оқушылар үшін түсініксіз сөздерді түсіндіремін

в) сұрақ-жауап

Сергіту сәті «Көкөністер»

Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық, Әдемі етіп жазайық! Дәптерге: бұрыш, бұршақ, картоп, қызанақ, сәбіз сөздерін жазады.

Топтық жұмыс жүргізіледі.

1-топ - «Бұрыш» Сөйлемдерді аяқта

2-топ - «Картоп» Буын қос

3-топ - «Қызылша» Төртінші артықты тап

4-топ - «Сәбіз» Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды

«Қол соғу» ойыны . Мен қазір жемістер мен көкөністерді атаймын. Көкөністерді атағанда қол соғасыңдар, жеміс болса соқпайсыңдар.

Ал мұқият тыңдаңдар.

Орамжапырақ,таңқурай,сәбіз, шие, жүзім, анар,қызылша, қияр,алмұрт,картоп, алхоры,өрік т.б. -Міне, балалар, мынаны қараңдар, Ақша қар ояныпты. Сендерге риза болып, қолын бұлғап тұр. Аяз атаның сендерге арнаған жабықхатта сыйы бар екен. Сыйлық таратылады. Фишкалар бойынша ең белсенділер анықталып, смайлик таратылады.

Ю.Тувимнің «Овощи» таныстырылымын көрсету.

Бекіту, қорыту

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Қандай мәтінмен таныстық?

-Не туралы білдік?

Рефлексия «Ду қол шапалақтау» Әр оқушы өзінің сабаққа қаысуына байланысты қол шапалақтайды.Белсенді - қатты, орташа-орташа, белсенділік танытпаған -ақырын қол шапалақтап өздеріне баға береді.

Бағалау

Мадақтау

Үйге тапсырма

Суреттермен жұмыс жасау

Үйде оқу


Рефлексия

Ең жақсы өткен екі дүние


1.

2.


Сәтсіз жағы

1.

2.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал