7


  • Учителю
  • Презентацияны сабақта қолданудың тиімділігі

Презентацияны сабақта қолданудың тиімділігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жоспары

  1. Кіріспе

    1. Ақпараттық оқыту технологиясының маңыздылығы

  2. Негізгі бөлім

2.1. Презентацияны сабақта қолданудың оқушының дара қасиетін дамытудағы ерекшелігі

2.2. Презентацияның сабақтың тиімді өтуіне маңыздылығы /1 сабақ/

3. Қорытынды

Соңғы жылдарың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр.Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу.Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады.Бірақ оқушылардың білімді игеруінде біраз проблемалар туындайды.Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:

  • Оқыту үрдісінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде;

  • Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау,

  • Алған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы;

Жоғарыда аталған жағдайларды ескеріп, сабағыма ақпараттық технологияның оқыту әдісін қолданып жүрмін. Ақпараттық оқыту әдісі педагогикада жаңалық емес. Мысалы: оқушыларды жобалау әдісі бойынша тапсырмалар беріп, материалдар жинақтауға бейімдеймін. Сол жинақталған материалдарын презентация жасап толықтырып, ғылыми жұмыс жасауға негіздеймін. Бұл- жобалау әдісі. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ-та пайда болған.Бұл әдістің авторлары американдық ғалымдар Д.Дьюи мен У.Килпатрик. Джон Дьюидің айтуынша, «баланың дамуы, оның тәжірибесін жетілдіру-тәрбиенің негізгі мақсаты. Мектеп өмірден қол үзбеу керек, оқыту тәрбиеден. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жеке басының белсенділігіне арқа сүйеу қажет, оны жан-жақты дамытып және ынталандырып отыру керек. Тәрбие мен оқыту теориялық түрде емес, нақты практикалық істерді орындау үрдісінде іске асады, онда балалар дүниені танып қана қоймайды, сонымен қатар бірге жұмыс істеуге, қиындықтар мен түсінбеушіліктерді жеңе білуге үйренеді.Осындай мектептер өмірге жақсы икемделген адамдарды тәрбиелей алады. Оқу-тәрбие үрдісінің негізіне-баланың қызығуы жатуы тиіс» делінеді. Жоба- латын тілінен аударғанда «алға жылжу» деген мағынаны береді. Жоба-мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өзбетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. Мұнда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктілігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады. Жобалауға оқыту әдісі соңғы жылдары оқыту үрдісінде кеңінен орын ала бастады. Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту үрдісімен оның нәтижесіне жаңашыл көзқараспен қарау. Жобалауға оқыту әдісі - қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Бұл әдісті қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлап қана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап табады. Бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды. Бұл әдістерімнен мен презентацияның оқушы үшін де, мұғалім үшін де алатын орны ерекше дер едім.

Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері абстрактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді.Сондықтан сабақта өзіндік жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, фотосуреттер жинау,сахналық көрініс көрсету.Осылардың бәрі жоба өніміне жатады.Өзінің іс-әрекетін жоспарлауды тек қана кейбір оқушылар ғана істей алады.Басқаларға көмек керек. Жоба тақырыптары тікелей пәндік мазмұнымен байланысты.Себебі, көрнекілік-образды ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық таныту-бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді.жобалауға оқыту әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады.Бұл жұмысқа ата-аналарды да қатыстыруға болады.Бастауыш сыныпта ғылыми жобаға презентацияны қолдануды төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады

Бастауыш сыныптарда презентацияны ғылыми жобада қолданудың кезеңдері

Мотивтендіру

Жоспарлау кезеңі

Ақпаратты жинау кезеңі

Рефлексивті бағалау кезеңі

Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады, тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.Оқушы талқылайды, өз ойларын ұсынады.

Презентация тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.Бастапқыда мұғалімнің көмегінің қажеттілігі туындайды да, соңынан оқушының өзбеттілігі басымдырақ болады.

Оқушылар материал жинайды,әдебиетпен және басқа ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізеді, алынған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.

Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікірталасқа қатысады,өзіне-өзі баға береді,мұғалім бағалайды.

Презентацияға қойылатын талаптар:

1.Әлеуметтік маңызды проблеманың туындалуы

-(зерттеушілік,ақпараттық, тәжірибелік)

2.Презентацияның орындалуы іс-әрекетті жоспарлаудан басталады

3.Презентацияны сабақта қолдана білу оқушының көру, білу дағдысын дамытады

-(ақпарат іздеу,оны өңдеу,ойластыру,топ мүшелеріне ұсыну)

4.Презентациялық жұмыс нәтижесі-өнім.

5.Дайындалған өнім ұжымға проблеманың тиімді шешімі ретінде ұсынылады.


1.Проблема

2.Жобалау


3.Ақпаратты іздеу

4. Өнім

5.Презентация

Презентацияны қолдану бұл ақпаратты технология негізі десем де болады. Ақпаратты оқыту технологиясының мақсатты бағыттары:

  • Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, ойлау дағдысын қалыптастыру.

  • Білімді меңгеруге мотивация туғызу.

  • Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

  • Түрлі ақпарат көздерінен оқушының өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.

  • Жаңа танымдық,практикалық мәселелерді шешуде оқушының білімді қолдана білу дағдыларын дамыту.

  • Оқушының аналитикалық,сыни, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Аудандық ғылыми жобаларды қорғау кезінде зерттеушілік жоба бойынша 4 сынып оқушылары Қайырғазықызы Әсел мен Қайырғазықызы Әсем «Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер» атты жобада өздерінің ізденімпаздығы арқасында жинаған материалдарын презентация жасап, қорғап 2- орынды иеленді. Мұнда оқушылар проблемалық сұраққа болжам жасап, ақпарат көздерімен жұмыс жасады.Одан кейін өнімді дайындап топта қорғап, презентация жасады. Жоба нәтижелері қорытылып,өнім бағаланды.

Ұстаздық жолда түйгенім...

ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндігін көрсетеді. Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру. Иә, ендеше мен айтар едім осындай ақпараттық қоғамда презентацияны сабақта қолдану- оқушыны шығармашылыққа бастар жол деп.

Түйінді сөзім

Қандай әдісті қолдансаң да ол оқушының білімді меңгеруіне ықпалы тиуі керек. Осыдан шығатын қорытынды мынадай:оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, танымдық белсенділігі артады, ұжымдық қарым-қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері артады. Ақпараттық оқыту технологиясының элементтерін сабақта да қолдануға болады. Мысалы: жаңа сабақтағы жаңа деректерді презентациямен көрсету, проблемалық сұрақ бойынша шағын баяндама жазу, ертегі құрастыру, альбом жасау, ребус және сөзжұмбақ құрастыру, рольдік ойындар т.б. осындай көрнекіліктердің орнын презентациямен толықтырып жатсақ несі айып?

Әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескерее отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дидактикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүдесін айқындауға, жеке басылық қасиеттерін дамытып, оның қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз тәрбие процесінің жемісі болмақ.

Мен мына «Абай тағылымы» атты сабағымды келтіре отырып, презентацияны орынды қолданудың оқушы білімі мен білгенін дамытуға қаншалықты көмегі тигендігін көрсеткім кеп отыр.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал