7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Тақырыбы: «Ақылшым менің- Әліппе!»

Ашық сабақ Тақырыбы: «Ақылшым менің- Әліппе!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:«Ақылшым менің- Әліппе!»

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау: өз өнерлерін ата-аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,өзін-өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.Сөздік қорын молайту,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Ертеңгілікті өткізу барысы:

Музыка ойнап тұрады.Балалар қолдарына гүлдер, шарлар ұстап екі-екіден кіреді.

Мұғалім:

Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар! Шәкірттеріміздің қолына ең алғаш алған оқулығы, барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- Әліппе.Біз әліппені серік еткен төрт айдың ішінде үйренген,санамызға сіңірген,ойымызға түйген нәрселерімізді бүгінгі әліппемен қоштасу ертеңгілігімізде көрермен қауымға білімімізбен, өнерімізбен көрсетуіміз керек.Олай болса,құрметті ата-аналар,ұстаздар бүгінгі «Ақылшым менің-Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Сахналық көрініс.

Рамазан: Бабам мінген сәйгүлектің ізі ғой, көрдің бе шаңды мына,

Алатауым, Ұлытау,Сырдариям,Ертісім.

Сол бабалар,ие болған осының барлығына,

Біз бақытты өренбіз, жас өскінбіз.

Бүршік атып келеміз малынып таң шығына.

Жетелейді әліппем,жетелейді биікке,

Алғым келеді жалғыз қалған кездерде,

Ұялмастан мен өзіңді сүйіпте.

Сені қолға алғанда,боп қаламын жеткендей тау шыңына.

Біз мектепке келген жыл қандай мәнді

Өйткені,өйткені сәйкес келеді 550 жыл қазақтың хандығына.

Біз біліммен ашық аспан төрінде қыран болып самғайық.

Отан үшін жіберейік жан қиып,

Жақсы оқиық, әліппені санамызға шын түйіп.

Бабам тіккен көк туды біз құлатып алмайық.

Ал, балалар көрерменді күттірмейік сарылта.

Әліппемен қоштасуды мағыналы жалғайық.

Ана: Оңды айттың, орынды балапан, жас өренім,

Бел бүкпедім деген оймен елімді көтеремін.

Болашағым, келешегім сендер бүгін болмасаң,

Қайтер едім ертеңді, жерімді нетер едім.

Әліппені аяқтап артта қалды бір мінбер,

Бір белесті аттап өтіп,үлкен жолға көшіңдер.

Жастар деген елдің көркі, елдің сәні емес пе,

Жақсы оқып балалықты тастаңдар, сендер міне өстіңдер.

Дархан дала,көк жайлауым ажырамас еш жігің.

Әліппемен қоштасудың жаңғырығын естігін.

Осы отырған балапандар, көжегім.

Азамат боп өсіңдерші, арқалайтын ел жүгін.

О, ұстаздар, аяулы, ардақтылар,

Терең ойлы парасат салмақтылар

Бар адамзат қарыз мәңгі сендерге,

Кез-келген жан ұстазын ардақ тұтар.

Ақ батамды берейін,

О, қауымым, қолың жай.

Ұл-қыздарың өсіп-өнсін, бар мадаққа болсын сай.

Білім алып,ілім қуып,ғалым болып өсіңдер.

Жолың ашық, денсаулығың болсын бай.

1-жүргізуші:Биік талап, мектепке асық келем мен,

Оқу, білім арқасында танысамын әлеммен.

Қоштасу кеш әліппемен бүгін бізде өтеді,

Сөз бастадым алдарыңда басымды иіп сәлеммен.

2-жүргізуші: Біз бастаймыз,қоштасуды ал тыңда,

Уа,ұстаздар ата-аналар жасыңыз да,қартыңда.

Төрт ай бойы біліміңді ортаға сап үйренген.

Ал, балалар ән сап, биле тартынба.

Әбдрахман: О, ұстазым данасың сен салмақты,

Ұстаз нұры жайнатады алқапты.

Әліппені міне бүгін аяқтап,

О,ұстазым бір белеске самғаттың.

И.Шұғыла:Өссін деп менің өркенім,

Болсын деп жарқын ертеңім.

Үйреттің әріп жалықпай,

Әліппем менің көркемім.

Нұрсаят:Білімнің атын мініп ап,

Оқудың шарлап әлемін

Болашаққа берген бағытты,

Әліппем менің әдемім.

Вальс: 1 "А" сынып

Сахналық көрініс. (Мақта қыз бен мысық келеді)
Мысық: (таңдана ) Мяу! Ой осы біз қайда келдік? (сұраулы кейіппен Мақта қызға қарайды)
Мақта қыз : Меніңше… Біз осы жерде болған сияқтымыз.
Мысық: Мұнда өте дәмді иіс шығады ғой, қандай тәтті, мяу!
Таптым, таптым балдай тәтті балалықтың иісі ғой.
Байқадың ба иісін - ай?!
Мақта қыз: О, сонда бұл қалай? Балабақша ма?
Мысық : Мяу! Міне, балдай бөбектер де тұр екен ғой.
Балауса: Біз тіптен бөбектер емеспіз.
Әбдірахман: Өкінішке орай таппадыңыздар! Біз 1-ші сынып оқушыларымыз.
Мақта қыз: Ал сендер бізді таныдыңдар ма?
Айдимир: Иә, Мақта қыз, мысық біз сіздермен Әліппеде оқып танысқанбыз.
Мысық: Жарайсыңдар, мяу!Ал сендер неге жиналып тұрсыңдар?
Қ.Шұғыла: Біз бүгін ең алғаш қолымызға ұстаған Әліппемен қоштасқалы
отырмыз.
Асылзат: Біз енді өзіміз - ақ кез - келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа
әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламыз.
Мысық: Барлығын білесіңдер ме,мяу? Қазір оны тексерелік.
Бір патшалықта тату өмір сүріпті,
42 сұлу ханша
Барлық елге танымал
Бұл не екен?
Зерек болсаң тауып ал.
Оқушылар: Әріптер
Мақта қыз: Жұмбақтың шешуін таптыңдар. Ендеше, айтыңдаршы, әріптер дыбысталуына қарай қалай бөлінеді?

Оқушылар: Дауысты дыбыстар (Көрсетеді)
Дауыссыз дыбыстар (Көрсетеді)
Дыбысталмайтын әріптер (Көрсетеді)
Мысық: Жарайсыңдар, мяу! Білетіндерің байқалады.
Мақта қыз: Біз сендерге ризамыз.
Балалар, менің сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
Айтыңдаршы, Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Оқушылар: Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе !

1-жүргізуші: Ал, көпшілік атсалысшы қол қаға,

Қошеметпен тарсылдата қол соға.

Барша жанның ақылшысы аяулы,

Әліппені шақырайық ортаға.

Оқушылар бірге: Әліппе, Әліппе,Әліппе.

Әліппе: Әріптен-Әліппе,Әліппеден әлем, сол әлемді, әріпті танытқан, төрт ай бойы балалармен 42 әріпті шаршамай оқып, жаттап өткізген алып әліппе мінекей орталарыңызға шығып, ата-аналар, ұстаздар сіздерге сәлемдесіп тұрмын.

Аяулым: Бізге әріп үйреткен
Рамазан:Бізге оқу үйреткен
Жарқынбай:Бізге жазу үйреткен
И.Шұғыла:Бізге өлең үйреткен
Кәусар:Бізге мақал үйреткен
Айбек:Бізге жұмбақ үйреткен
Хормен: Қош келдіңіз, Әліппе!

Әліппе: Ал, кәнекей балалар, төрт ай бойы оқып, үйренген нәрселеріңді ортаға салып, әліппемен қоштасу тойларыңды қызықты етіп өткізгендеріңді көпшілік болып бірге тамашалайық.

2-жүргізуші: Шат көңілмен ән айтамыз қой демең,

Ана тілді шақыратын, әліппемен қоштасатын ойменен.

Ал, айтайық әнімізді әліппеге арнаған,

Біздің сынып мағыналы әр кез айтар ойлы өлең.

Ән: Әліппеге арнау И.Шұғыла

Мақта қыз: Әріптерді тек қана адамдар ғана емес, сонымен қатар жануарлар да біледі екен. Әріптерді бір - біріне қоса отырып, дыбыстар шығарады екен. Сендер оны білесіңдер ме?
Оқушылар: Білеміз.
Алихан: Бұзау «М»-ны «ө»-ге қосып, «мө»-дейді.
Гүлсезім: Бота «б»-ны «ө»-ге қосып, «бө»,-дейді.
Сүндет: Құлын «Е» -ні «Е» - ге қосып, «Е-Е», дейді.
Гүлназ: Қозы «М» -ны «Е» -ге қосып, «МЕ», дейді.
Әліппе: Балалар, біз енді ойын ойнаймыз. Келген қонақтармен «Мақал - мәтел жалғастырайық» ойынын ойнайық. Ойынның шартымен таныстырайын. Менің қолымдағы қоржыннан қағаз тілшелерін алып ондағы мақалдың жалғасын тауып және оның мағынасын ашу қажет.Ойынның шартын осы. Ал балалар,ойынға қатысу үшін ортаға ата-аналарыңды алып келе қойыңдар.


Мақал-мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады. Мағынасын ашады.

1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
4. Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
6.Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Сіздерге де рахмет құрметті ата-аналар!

Ән: «Ақ мамам» Асылзат

Айбек: Әліппені қолға алдым құштарлана жан сүйе,

Әліппемен бірге өткен күндерім үлкен мәнге ие.

Әліппем маған ұқтырды,

Ырысы мол, өрісі кең тәрбие.

Балауса: Тәрбиелеп бәрін еркенің

Тапсырды бізді ел сеніп.

Жап-жарық жылы жайлысың,

Мектебім, менің көркемім.

Айдимир: Қайда жүрсем әр дайым тым жақ маған,

Тәрбиеледі сыйлады сұңғақ қадам.

Көктемдей бол апайым қартаймашы,

Анамдайсың мен үшін қымбат адам.

Шамил: Әдемі үнмен баяулы,

Көңілге бермей қаяуды.

Ұқыппен сабақ ұқтырған,

Апайым менің аяулы.

1-жүргізуші: Ән:"Ұстазым"

2-жүргізуші: Біз мектеп табалдырығын аттағалы әріптерді, оқушы деген жауапкершілікті қана емес, елімізді, жерімізді сүюді, Отан деген үлкен ұғымды үйрендік. Солай емеспе Нұрсаят.

1-жүргізуші: Ия, Кәусар дұрыс айтасың, жап-жасыл табиғаты бар, қойнауы кенге толы, ата-бабамыздың мекенін сүюге тиіспіз. Біздің Отанның әлемде теңдесі жоқ. Біздің бұл ойымызды әрі қарай Айдос жалғастырсын.

Айдос: Әліппенің әділ әдемі,әсем,өрлі өнегесімен алға озамыз,

Қырандай қанатын құлаштап,біздікіндей бейбітшілігімен берекесі бар жерге қонамыз.

Табиғаты тамаша тәуелсіз тұғырлы ел тұрғанда қалай тозамыз.

Ертеңі елеулі, егемен, мәңгілік елден боламыз.

Жарқынбай: Тәуелсіз елдің белгісі,

Төбеде тұрған көк туы.

Тек тату ел тұғырлы

Түсінер қауым көп мұны.

2-жүргізуші: Би: «Батырлар биі»

Ән: «Мен елімнің бір еркесі» Аяулым

Сүндет: Әліппе таңды аттырып,

Әліппе мәнді арттырып.

Жазуды алдық үйреніп,

Бойымнан кетіп жат қылық.

Асылзат: Оқуды біліп қас-қағым,

Ашылып аппақ аспаным.

Ақылшым дағы ұстазым,

Әліппе менің асқағым.

Аяулым : Балалықты қойып біз жиып,

Көңілге түрлі ой түйіп.

Мектепке келдік қорқақтап,

Үстіме көйлек ақ киіп.

Күтіп алды әліппе,

Кітап екен ол биік.

Үйретті бізге сан әріп,

Бастадық оқу біз сүйіп.

Шапағат: Көп нәрсені үйрендік,

Арылып ойдан біз тұйық.

Қарызбыз саған, әліппе,

Қоштасамыз қалай біз қиып.

Құрметтейміз қашанда,

Ардақтаймын, әліппе

Ардақтаймыз ,атыңды,

Жүреміз саған бас иіп.

1-жүргізуші: Ән: "Папури" Аяулым, Балауса, Шұғыла.

1-жүргізуші : Ән: "Ақкөгершін" Әбдрахман

Ақерке:Құтарысым көркем көрікті

Қымбат қой бізге сай тасы.

Оқуға бізді еліткен,

Әліппенің арқасы.

Қ.Шұғыла: Болашаққа қанат қақтырған,

Көңілдің өсіп майсасы.

Оқуды ғана бақтырған,

Әліппенің арқасы.

Гүлсезім: Бос кезімді аз қылған,

Әріппен санның айқасы.

Анамның атын жаздырған,

Әліппенің арқасы.

Ернұр: Көшенің шаңын көтеріп,

Қозының қуып марқасын.

Бәрінің санын меңгердім,

Әліппенің арқасы.

Гүлназ: Жазуын көріп баланың,

Ата-ана көңілің марқайсын,

Жазамыз әлі жазу мың,

Әліппенің арқасы.

2-жүргізуші: Балалар,әліппе бізге оқуды, жазуды үйретті. Сол үшін ақылшы досымыз әліппеге не айту керек?

Хормен: Біздерге білім үйреткен,әліппе ,саған рахмет!

Әліппе: Рахмет, балалар. Әріпті танып оқи алатын болдыңдар.Енді сауатты жазу мен мәнерлеп оқытатын достарыңмен таныстырайын.Ол Ана тілі оқулығы.(Ана тілі келеді)

Ана тілі: Саламатпа, қыздары сыныбымның жақсы ұлдары,

Оқушыға болу шарт, тек оқу басты ұраны.

Әліппенің дәстүрін жалғастырам,

Жасап беру маған шарт білімді хас тұлғаны.

Тек жақсы ой бойларыңда туа келсін,

Жүздеріңе қуаныш , шуақ енсін.

Сөйлем,сөзбен, дыбысты мен үйретем,

Білім нәрі бойыңа тұна берсін

Әліппе: Қымбатты, балалар! Менің де сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.
Мен сендерге қызықты кітаптар әкелдім. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.

Әліппе:

Жақсы оқыған баланы қыран дерсің,

Оқуда шаң жуытпас құлагерсің.

Менің берген білімім ойда қалсын,

Енді осыған балапан мұрагерсің.

Аяқтадың балалар мені міне бүгін,

Бар ынтаңмен оқыдың алып білім.

Бастамасы болсамда қош балалар,

Қалдырамын орныма ана тілін.

Ал, қош болыңдар, үнемі биіктен көріне беріңдер!

Бәрі бірге: Қош бол , ақылшым менің Әліппе!

Хор: "Қош бол, Әліппе"

Сазды бағдарлама.

1. Би: «Латино» Қ.Шұғыла

2. Ән: "Айгөлек" Каусар

3. Би: «Назлыгулим» Асылзат



Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата-аналар,ұстаздар бүгінгі «Ақылшым менің-Әліппем!» атты ертеңгілігіміз соңына жетті. Көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет!

1.Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры М.Ж.Байгараеваға беріледі
2. Ата - аналарға беріледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал