7


  • Учителю
  • ана тілінен ашық сабақ 'Ақсақ киік'

ана тілінен ашық сабақ 'Ақсақ киік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» өлеңі Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді еске түсіру, өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу; Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау;Тәр
предварительный просмотр материала



С.Сейфуллин

«Ақсақ киік»



(ана тілінен ашық сабақ жоспары)





Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді еске түсіру, өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу;

Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау;

Тәрбиелік: табиғатты қорғай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың міндеті:

  • Мәнерлеп оқуға үйрету

  • Өз ойын айта білу дағдысын жетілдіру

  • Сөйлеу тілін дамыту

  • Сабаққа белсенділігін арттыру

Сабақтың түрi: кіріктірілген сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка
Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, электронды күй дискісі, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгендеу.

II. Үй тапсырмасын қайталау -Қане, балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? -- Сәбит Мұқановтың «Көкшенің көрінісі» әңгімесімен таныстық.

- Бұл әңгімеде Көкшенің көрінісі қалай суреттелінген?

- Қане, кім әңгімелеп айтып береді? (Оқушылардан сұрау)

- Тақтадағы Көкшенің көрінісін көрсетіп тұрған слайд арқылы өткен сабақты қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

1) -Балалар, біз бүгінгі сабағымызда С.Сейфуллиннің тағы бір шығармасымен танысамыз. Ол үшін мына сөзжұмбақты шешейік.


К

І

И

К

Қ

А

С

Қ

А


1. Сәкеннің шын аты кім? (Садуақас)

2. Сәкен Сейфуллин кім? (Ақын)

3. Сәкен қандай адам болған? (Сұлу)

4.Сәкен Сейфуллинді ақын дедік, тағы да кім дейміз? (Жазушы)

5. Сәкен қай облыста дүниеге келген? (Қарағанды)

6. Сәкеннің шығармасы. (Көкшетау)

7. Сәкен аға туралы жазған Сәкеннің бауырының аты. (Мәжит)

8. «Сәкен аға» әңгімесінде Сәкен көмектесіп, қол ұшын берген адамның аты (Іңкәрбек)

9.Өткен сабақтағы әңгімеде жазушы Көкшені қандай дейді? (Көгілдір)


2) Слайдпен киіктің суретін көрсету, киікке анықтама беру.

- Денесінің ұзындығы -150см
- Салмағы - 50 кг
- Мекені - шөл және шөлейтті жерлер ( Бетпақдала, Арысқұм, Үстірт)
- Өмір сүру мерзімі 10-12 жыл
- Мүйізі - Тибет медицинасында
- Еті - жеуге жарамды
- Терісі - бағалы

- Жауы - қасқыр
3) Қ.Сағырбаев «Ақсақ киік» күйі ( компьютерден) баяу орындалады. Мұғалім өлеңнен үзіндіні әсерлеп жатқа оқиды.

4) Сұрақ- жауап

- Балалар, өлең сендерге қалай әсер етті?

- Қандай көңіл күй туғызды?

- Киік пен бөкеннің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

- Бетпақдала дегенді көздеріңе қалай елестеттіңдер?

5) Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың шумақ бойынша оқуы.

6) Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерге орындау

Бетпақ дала - шөлді жер

Киік -аталық жануар. Бөкен-аналық жануар. Құралай - киіктің баласы

Картадан ақын шығармасының кейіпкері ақ бөкендер мекендейтін Сарыарқа мен Бетпақдала дала зоналарының шектесетін аймағын көрсету

6) Өлеңді талдау

- Өлеңдегі Ақсақ киіктің тағдыры өткен тақырыптағы ақсақ киіктің тағдырымен ұқсас па?

- Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарды тауып оқы.

- Өлеңнен оқ тиген киік халін суреттеген тұстарды тауып оқы.

- Киікті атқан адамға деген өз көзқарасыңды білдір.

7) Суретпен жұмыс

- Суретте не бейнеленген?

- Суреттегі киіктің халі туралы не айтасың?

- Сурет сенде қандай көңіл күй туғызды?

- Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

«Қызыл кітап» жөнінде ой бөлісу

Ал енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Неліктен олар «Қызыл кітапқа» енгізілген?

IV. Білімді бекіту. Киік туралы бір шумақ өлең құрастыру

---------------------- жануар

---------------------- мекені

---------------------- адамдар

---------------------- қорғаңдар!

V. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, 257 - 258 бет, өлеңнен алған әсерлері жайында шағын шығарма жазу

VI. Бағалау. Қорытынды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал