7


  • Учителю
  • Тақырыбы: 'Бірыңғай мүшелер' Сабақ. 4 сынып.

Тақырыбы: 'Бірыңғай мүшелер' Сабақ. 4 сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Мақсаты:

А) Бірыңғай мүшелер туралы түсініктерін қалыптастыру. Бірыңғай мүшелердің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, Бірыңғай мүшелерді таба білу, олардың жасалу тәсілдерінде меңгерту. Ә) ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін дамыту. Б) Ұйымшылдыққа, достыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың типі: Білім мен білікті қалыптастыру

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кеспе қағаздар,стикер

I Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып,түгелдеу,назарларын сабаққа аудару.

Топқа бөлу:

I топ Сөз

II топ Сөз тіркесі

III топ Бірыңғай мүшелер

II Психологиялық дайындық

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер - білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

III Өткенді қайталау

Жұпта талқылау әдісі ( слайд )

I топ Сөз тіркесі туралы не білесіңдер ?

Ереже: Екі немесе бірнеше сөздің бір - бірімен байланысуы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесіндегі алдыңғы сөз бағынынқы, соңғы сөз басыңқы болып келеді

Тапсырма: Жүйрік сөзі төрт - түлік малдың қайсысымен байланысып тұрғанын тап.





Не ?

Жүйрік ат

Қандай ?



II топ: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем туралы не білесіңдер ?

Ереже: Бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем жай сөйлем, ал екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.

Тапсырма: Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып, жұмбақтың шешуін жаз.

Бұралса болды құлағы Тәтті ұйқыға батады ( аю )

Қыс бойы жатады Алыпты қадап инесін ( кірпі )

Дегендей ешкім тимесін Уақытты қуады ( сағат )



III топ: Сөйлем мүшелері туралы не білесіңдер ?

Ереже: Белгілі бір сұраққа жауап беретін, толық мағыналы сөзді сөйлем мүшесі дейміз.

Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда.

Айгүл дүкенге барды.

IV Жаңа сабақ

Мағынаны тану ( сергіту сәті )

( тақтаға назар аударамыз )

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда

оған қайғы жесеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес дұшпанын білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз



(Бірыңғай мүшелерді тауып, олардың ерекшеліктерін анықтау,екі бағанға бөліп жазу)

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, талап, еңбек, қанағат, рақым, терең ой.



Оқулықпен жұмыс

1- жаттығу

(оқыту, бірыңғай мүшелерді салыстыру.)

I топқа тапсырма

Жетісу өзендерін ата

Тағы екі өзеннің атын білесің бе ?

II топқа тапсырма

« Асқардың аспан сүйген сілекейін » деген жолды қалай түсінесің ?

III топқа тапсырма

« Жөкеңнің суы » дегенді қалай түсінесің ?

Ереже: ( хормен оқыту )

Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де сөз тіркесінен де жасала береді.

2 - жаттығу

( Тақтамен жұмыс )

3 - жаттығу

( 3 топқа бөліп жаздыру )



Тренинг:

« Таныстыру »

Өз есімінің бірінші әріпіне сәйкес бойындағы жеке қасиеттерін қосып айту керек.

Мысалы: Мен Рашид рақымшыл баламын т.б



5 - жаттығу

Қандай жалғаулықтар арқылы байланысқанын табу?

Қортындылау

« Еркін жазу » әдісі

Стикер тарату

Жаңа сабақтан алған әсерін не үйренгенін, нені әлі біле түсу керек екенін қағаз бетіне түсіреді. (өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады)



Өз - өздерін бағалау, бағалау.

Үйге тапсырма

4 - жаттығу







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал