7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәні, Десант сабақ, Тақырыбы: 'Сөз таптары' 3-сынып

Қазақ тілі пәні, Десант сабақ, Тақырыбы: 'Сөз таптары' 3-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: "Сөз таптарыМақсаты: "Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру.Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.Оқушыларды өз бетімен жұмыс істе
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сөз таптары.
Мақсаты:
1) Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру.Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
2) Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері;топтау, бес жолды өлең, көрнекілік, Венн диаграммасы болжау, т.б.
Көрнекілігі: Суреттер, кестелер,плакат, маркер,т.б.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану
Сабақтың жүрісі:
1. Психологиялық дайындық
(Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп отырады).
Қызығушылығын ояту
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дана тілім,- деп сабағымызды бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын сұрау.


- Түбір сөз дегеніміз не? мысал келтір (Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман)


- Қосымша нешеге бөлінеді? (Қосымша екіге бөлінеді )


- Жұрнақ пен жалғау туралы айтып көр. (Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз. Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. )


- Туынды сөз дегеніміз ? ( Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Ерлік, татулық )


Ой қозғау
Келді тағы қыс,
Дала аппақ түс.
Екі аяқты шаңғымен
Дөңге шықтық бәріміз.
(Өлеңнен заттың атын, қимылын, түсін, санын білдіретін сөздерді табу)
Мағынаны тану.
Зат есім Сын есім

Сөз таптары
Сан есім Етістік
І топ: Зат есім
ІІ топ:Сын есім
ІІІ топ:Сан есім
ІV топ: Етістік

3. Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу ауызша

2-жаттығу ауызша
3-жаттығу
І топ: Жұлдыз, тау, ата, ақын, адам, құс
ІІ топ: Көк, үлкен, биік, жасыл
ІІІ топ: Екі, жеті, отыз
ІV топ: Оқыды, жуынды, жүзді

5-жаттығу Жаңылтпашты жатқа айтып, әр топ өз сөз табын табу керек.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?

4. Сергіту сәті.
6. Бес жол өлең құрастыру
І топ: Абай
ІІ топ: Қыс
ІІІ топ: Кітап
ІV топ: Торғай

6-жаттығу Көркем жазу


7- жаттығу Әр топ өз сөз таптарына қатысты сөздерді тауып жазады да,
сөйлем ойлап, тақтаға жазады.
Зат есім; Аққу, емен, оқулық, ауа.
Сын есім; Әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл
Сан есім; Жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың
Етістік; Биледі, өсті, тазалады, ұшты.


7. «Жақсы -жаман» ойыны
І топ: Қар(жақсы жағы)
ІІ топ: Қар(жаман жағы)
ІІІ топ: Мұз (жақсы жағы)
ІV топ: Мұз(жаман жағы)
9.Үйге: 4-жаттығу
10.Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал