- Учителю
- Сауат ашу
Сауат ашу
Мақсаты : 1. И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. 2.Балаларға И дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, тілдерін дамыту. 3. Балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, әріптер, ребус.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелету, Венн диаграммасы,диалог түрінде сөйлеу.
С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы.
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал.
Оң жағымда айым бар.
Сол жағымда күнім бар.
Ал жанымда сен барсың!
ІІ. Өткенді пысықтау.
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар қандай топтарға бөлінеді?
-Әріп дегеніміз не?
2. Ойын «Әріптер әлемі».
Мақсаты: өткен әріптерді пысықтап олармен сөз, сөйлем ойлату.
Ойын барысы: Тақтада ілініп тұрған әріптерге, балалар сөз ойлап, айтады. Көп сөз айтқан бала жеңеді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Суреттер көрсету арқылы ой-тұжырым жасаудан бастау.
-Суреттерде не көріп отырсыңдар? (ит, кит, шие).
-Кит туралы не білесіңдер?
-ИТ, КИТ, ШИЕ сөздерінде қандай дыбыс қайталанады?
-Дұрыс -И
И- әрпін көрсетіп, баспа, жазба түрлерін ажырату. И- дауысты дыбыс болса, оны қандай текшемен белгілейміз?
2. Қол жаттықтыру. а). И әрпін ауада, дәптерге жазу.
ә). Ит, кит, киім сөзерін жазу.
3.И-не-лік, ши-е сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
Сергіту сәті.
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
ІV. Ойын: «Кім зейінді?»
Өлеңдігі «И» дыбысы бар сөздерді айтқызу.
Ұшып кетті инелік, Мен көп оқып үйрендім,
Бізден қорқып именіп, Білім сырын игерем.
Тікұшаққа ұқсайтын, Бейне құдық қазғандай
Инелікке тимелік, Болса да білім инемен.
(Инелік, именіп, тимелік, игерем, инемен).
И Й
V. Тірек сызба бойынша сөйлем құрастыру.
1. І . (Шие пісті)
2. І . (Шие ағашта өседі.)
VІ. Ребус шешу. (И-не-лік).
VІІ. Қорытынды.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Бұл дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?
-И дыбысын қандай текшемен белгілейміз?